В Астане прошел международный айтыс акынов

Астанада халықаралық ақындар айтысы өтті

     Астанада өткен «Рух жаңғырығы» атты халықаралық айтыс халықтың көңілінен шықты ғой деп ойлаймын. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың игі бастамасын әр азамат осындай нақты іс-шаралармен қолдаса нұр үстіне нұр болары даусыз. Осындай кең ауқымды айтыс ұйымдастырып, ақындардың басын қосып, жас ақындарға қолдау білдіргеніміз үшін халықтың, сөз өнері жүйріктерінің бізге деген алғысы мол болды. Өз кезегінде меде оларға көп алғыс айтамын. Әсіресе, Айнұр Тұрсынбаева қарындасыма айтар алғысым шексіз. "Жастардың бағын байлап, мысын баспайын" – деп өзімен айтысқа шыққан Әсетке жолын беріп, тектілік танытты. Осындай көргенді қыздарымыз, келіндеріміз көп болсын ағайын!
    ..."Халықаралық айтыстың нәтижесі бойынша жүлдеге ілікпеген алты ақынға ынталандыру сыйлығы ретінде 100 мың теңгеден табысталды. Сонымен бірге, жоғары ұпай алған тағы алты ақын 200 мың теңгелік сертификатпен марапатталды. Жүлделі үшінші орын Айнұр Тұрсынбаеваға (500 мың теңге) бұйырса, екінші орынға Әсет Дүйсебаев (700 мың теңге) ие болды. Әсетке сонымен бірге, 500 мың теңгелік арнайы «Жасай» сыйлығын табыстадық. Жүлделі бірінші орын Сырымға бұйырып, оған 1 млн теңгенің сертификаты берілді. Бас жүлде - Жандарбек Бұлғақовта. Ел қошеметіне бөленген ақынға «Hiunday» автокөлігі табысталды".