В начале добрых дел придет добро.

Көрнекті этнограф жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Алматы облысының және «Жамбыл» ауданының «құрметті азаматы» Жанат (Жәнатхан) Ахмадидың «Тектілік тегеуріні» деп аталатын тарихи-деректі романы кітап болып шықты.

            Нақты тарихи деректерге негізделген шығарма оқиға ауқымына қарай бірнеше тарихи кезеңді қамтиды. Еңбекте қазақ халқының көшпенді дәуірі, онан соң Қытай компартия кезеңі және бас кейіпкер Жасан Зекейұлының шығу тегі, әрі оның атамекенінде «Жас-Ай» медицина орталығын құрудағы ерен еңбегі сөз болады.

            Ел басындағы қиыншылық­тар, ауылдастары мен жақын жандардың өмірінде ке­зіккен жайттар, адам мінезі, қилы-қилы оқиғалар, бастысы шындыққа негізделген туынды өз оқырмандарын табатыны анық.

            Қазақ әдебиетіндегі тарихи-деректі әдебиет сүйегі мен мазмұны шынайы, өмірде болған жеке тұлға, құбылыс пен оқиғаны қамтитын, көркемдікпен көмкерілген деректі проза қай кезде де тартымды оқылып, оқырманын жалықтырмай келе жатқан сала.