Конференция WORLD CONFEDERATION OF BUSINESSES (WORLDCOB)

WORLD CONFEDERATION OF BUSINESSES (WORLDCOB) компаниясының шақыруымен «Жас-Ай» халықаралық медицина орталығының бас директоры, профессор, академик Жасан Зекейұлы және орынбасары Марат Өтемісұлы Әбілхайыров ү.ж. 13-14 қараша аралығында Гонконгте өткен Әлемдік бизнес әлемі майталмандарының семинарының жұмысына қатысып, өз тәжірибесімен әріптестерімен бөлісті.

Аталған семинар барысында WORLDCOB  компаниясының көрсететін қызмет түрлері «Жас-Ай» орталығында да қолданылатын амалдар туралы қосымша ақпарат алды.

Жасан Зекейұлы Гонконгтегі ELITE мүшесі болып табылатындығын ескере отырып, THE BIZZ AMEA – 2018 тікелей эфирде берілген салтанатты іс-шара шеңберінде өткен трансляцияға қатысты.

«Жас-Ай» халықаралық медицина орталығының өкілдері Гонконгтен айтулы табыспен оралды, атап айтқанда Жасан Зекейұлы бизнесте қол жеткізген табыстары үшін WORLDCOB компаниясының атынан күміс мүсіншеге (статуэтка) ие болды.