+7 (727) 390-19-19
+7 (727) 302-15-40
+7 (777) 232-18-71
+7 (717) 242-20-42
+7 (777) 277-85-99

Алматы қаласы, Әл- Фараби даңғылы-Розыбакиев көшесі
(Витебскея көшесі №42), жаңа атауы Жетісу 83а

 

Астана қаласы, Куйши дина 37/1

11.11.2015 Жасанның жан каналы

Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев шетелде жүрген қандас бауырларымызды атакүлдігіне оралту жөнінде бастама көтеріп, арнаулы бағдарлама қабылдаған болатын. Президентіміздің осы кемел саясатының арқасында атажұртқа ат басын бұрғандардың ұлы көшін бастап, алғаш жеткендердің бірі — Жасан Зекейұлы. Медицина саласындағы миллиардтар арасында кәсіби біліктілігімен көзге түсіп, Қытай Халық Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан «Жоғары білікті аға зерттеуші дәрігер» атағымен марапатталған ол – медициналық ғылым саласында зияткерлік құқық беретін екі патенттің иегері, дәрігер-хирург мамандығымен қоса, шығыстық емдеу өнерінің алтын жауһары саналатын тибеттік емдеу тәсілдерін де жетік меңгерген білікті маман.Қытай үкіметі тарапынан ұсынылған пәтер мен атақтарға қарамастан, өмір жолын тәуелсіз Қазақ елінде жалғастыруды ойлаған Жасан ағамыз 90-шы жылдардың басында-ақ Қазақстанға ат басын бұрды. Бұл туралы ол: «Қазақ елінің егемендік алғаны туралы хабар бүкіл әлемге тарағаннан кейін менің жүрегіме ұлы арман ұялады. Ол — атажұртқа біржола қоныс аудару болатын. «Өзім жетік меңгерген тибеттік емдеу тәсілі арқылы қаракөз қандастарымды емдесем» деген арман көкейіме берік орнаған болатын. Себебі, Қытайда жүз адам емдесем, соның біреуі ғана қазақ болар еді. Сондықтан да, Отаныма деген махаббат пен кәсіби ынта мені Қытай топырағында бір минут та тұрғызбады» дейді ағынан жарылып.

Жәкең отбасының Қазақстанға қоныс аударуы жекешелендіру тұсындағы экономикалық қиын кезеңдерге тура келді. Сол тұстағы елдегі әлеуметтік жағдайдың қиындығы мен дәрігерлер жалақысының төмендігі жас ғалымның еліне деген терең ықыласына көлеңке түсіре алған жоқ. Қайта енді ғана тәй-тәй басып, қаз тұра бастаған тәуелсіз елдің медицина саласына өз үлесін қосуды азаматтық борышы санады. Қазақстанда тибеттік емдеу өнерін өркен жайдырып, тәуелсіз елдің сау денелі азаматтарын қалыптастыруға бар күшін салды.

Отандық медицинадағы қазақ- тілді оқу құралдарының тапшылығы себепті орыс тілін бір жыл оқып жақсы меңгерген Жасан ағамыз 1997 жылы С.Асфендияров атындағы Ұлттық Медицина Университетінің емдеу-хирургия факультетінің аспирантурасына қабылданды.

— Бұл күндер мен үшін қиындықсыз өткен жоқ, — дейді ағамыз. — Ол кезде мен Қалқаман ықшамауданындағы №1 қалалық ауруханаға қарасты жатақхананың аядай бөлмесінде тұрдым. С.Асфендияров атындағы ұлттық медицина университеті мен біз тұрған жатақхананың арақашықтығы 7-8 шақырымдай болатын. Ал, жатақхана мен Момышұлы, Маречек көшелерінің қиылысындағы «Трамвай паркінің» ара қашықтығы 4 шақырымдай еді. Күнделікті таңертең ерте тұрып, орталықтағы жүгері алқабын басып өтіп, трамвай паркіне жету үшін осы аралықты жаяу жүріп өтетінмін. Қыста толарсақтан қар кешсем, жазда шалшық суға тобығымнан матырылып аяқ киімім бір құрғамайтын. Аз ғана шәкіртақымды отбасымыздағы күнделікті тұрмыстық қажетке жұмсаудан тыс, өзімнің басқа да оқу жабдықтарыма жеткізетінмін. Кей күндері үйімізде бір үзім нан да табылмай қалатын. Қара суға құр картошканы қайнатып ішкен күндеріміз де болды. Шет елден келген студенттер үшін орыстілді сабақтарды меңгеру оңай бол-ған жоқ, үнемі кітапханаларда материалдар қарап, жалықпай ізденуің қажет. Кей кездері кешкі сағат 20:00-ден соң трамвай тоқтап қалатындықтан, Қалқамандағы жатақханама дейінгі 8 шақырым жолды жаяу жүретінмін. Ол кезде бүгінгідей сабылып жатқан автобустар да жоқ болатын. Ал, аз ғана шәкіртақы такси ұстауға мүмкіндік бермейді. Бұл кейін келе мен үшін үйреншікті жағдайға айналып кетті. Үнемі жаяу жүруден маған ешқандай аяқ киім де шыдамай-ақ қойды…

Бүл күнде «Жас-Ай» Шығыс-тибет медициналық орталығын құрып, Қазақстанда тибеттік емдеу өнерін ең алғаш қанат жайдырып, қазірге дейін бұқаралық ақпарат құралдарында 50-ге жуық ғылыми зерттеу еңбектерді жариялап үлгерген Жасан ағамыз, Шығыс-Тибет медицинасының докторы, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі, Халықаралық инемен емдеу академиясының академигі атанып, табан ет, маңдай терімен тапқан адал еңбегінің жемісін жеп отыр.

Шығыс халықтарының емдеу өнерінің құпиясы саналатын тибеттік емдеу тәсілін Жасан Зекейұлы қазақ даласы үшін ешқандай жат емес санайды: «Біз тибеттік емдеу әдісін тек бiр ұлттың немесе Қытайдың медицинасы деп қарамауымыз керек. Бұл — шығыс халықтарына ортақ медицина. Мұндай емдеу жүйесінің қалыптасқанына 5 мың жылдан асса да, бұған қазақ халқының да өзіндік қосқан үлесі бар. Себебі Өтейбойдақ Тілеуқабыл бабамыздың атақты «Шипагерлік Баян» кітабындағы барлық емдеу шипашақтары (рецепт) тек шөппен емдеуді ғана көрсетеді. Ал тибет емі де табиғи өсімдіктердің емдік қасиетін пайдаланады. «Жалбызды жерде жан қалар», «ерменді жерде ер өлмес» деген мақалдарды халқымыз текке айтпаған. Ертеде қойшыларымыздың белi шойырылса, аяқ-қолы қақсаса таяғымен, терi ыдыстармен, қолдың ұшымен белгiлi бiр нүктелердi уқалап ауруын жазып алатын болған, мұның барлығы да біздің халықтық ем мен тибет емінің өзара сабақтастығын көрсетеді».

Шынында да, кейбір ата-әжелеріміздің басы ауырса, желкелерін, тізесі ауырса, жіліншіктері мен табанын уқалатып, асқазаны ауырса, жотасын ұрғызып жататыны бар. Бұдан ауру сезімін басатын арнаулы нүктелерді тауып, оған емдік уқалау жасайтын, немесе ине арқылы әсер ететін Шығыс-Тибет медицинасының ең басты емдеу ерекшелiгiн айқын көруге болады. Қазір әлем халықтары бүкілдей батыстық емдеу жүйесіне көшкенімен, көптеген дамыған елдер байырғы ұлттық емдеу өнерлерін ешқашан жоғалтқан емес. Мысалы, Қытай халқы тибет емін ғылыми айналысқа енгізіп, бір жүйеге келтірді. Арнаулы зерттеу орталықтарын құрып, республиканың жер-жерінен халықтық емдеу орындарын ашып отыр. Әрбір қытайлық жылына осындай орталықтардан екі рет ине емін қабылдап тұруды әдетке айналдырған.

Алтын ине — жүйке жүйені демалдыруда таптырмайтын құрал. Жақында Қытай халқы олимпиада өткізді, барлық спортшылары жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Алтын медальдар алды, бірінші орындарда да солардың спортшылары басым болды. Мұның құпиясы тибеттік емді уақытында қолданып, оның қадір-қасиетін жете түсініп, дер-кезінде жүйке-жүйелерін демалдырып, келесі сайысқа жаңа көңіл-күймен шыққандықтарында болса керек. Қазір Қытай елінің жан саны 2 миллиардқа жуықтап, әлемнің алдыңғы қатарында тұр. Олардың осындай демографиялық өсімге жетуінің сыры, адамның табиғи жан каналдарын ашып, ағзаны қуаттандыратын алтын иненің асыл қасиетін ұтымды пайдалана білуінде жатыр десек, артық айтқандық болмас.

Тибеттік емдік иненің ағзаға ешқандай кері әсері жоқ. Денеге қондырылған жерде ешқандай белгі де қалмайды. Бұл иненi көздiң төңiрегiне, бетке, құлақ нүктелерiне, жұтқыншақтағы әлсiз нүктелерге, тiлдiң астына, т.б. жерлерге қанша шаншысаңыз да ауырсынбайсыз. Адамның бойында 700-ге жуық жанды нүктелер бар. Осы нүктелер 12 жұп меридианды құрайды. Қазақша айтқанда, жан каналы. Ал, жүйке тамырларының ұштары осы нүктелерге жалғасқан. Ине арқылы жүйке жүйелерін тітіркендіріп, қоздыру арқылы жұмыс істеуден қалған жасушаларды оятып, жан каналдарын ашуға болады. Осылайша, аурудың толық жазылуына табиғи ем жасалынады. Иненің алтын ине аталуындағы тағы бір себебі оның осы емдік қасиетінде жатса керек.

Мамырбек ТӨКЕШҰЛЫ,

Алматы.

13 Тамыз 2010

Хабарласу