+7 (727) 390-19-19
+7 (727) 302-15-40
+7 (777) 232-18-71
+7 (717) 242-20-42
+7 (777) 277-85-99

Алматы қаласы, Әл- Фараби даңғылы-Розыбакиев көшесі
(Витебскея көшесі №42), жаңа атауы Жетісу 83а

 

Астана қаласы, Куйши дина 37/1

17.11.2015 АҚШ-та, Батыс та Шығыс емін жек көрмейді…

«Жүре берсең көре бересің» дейді қазақ. «Global Personal Assistant» компаниясының ұйымдастыруымен, АҚШ-тың Денсаулық сақтау министрлігінің мұрындық болуымен жақында Америка Құрама Штаттарында болып қайыттық. Мұхиттың арғы жағындағы сапарымыз «Заманауи медициналық клиника: Басқару және жабықтау» тақырыбы аясында өтті. Біздегі мақсат өзіміздегі бар тәжірибені өзгелермен салысытырып, өсу жолын қарастыру. «Жас-Айдың» жарқын беталысы осыны көздейді. Медицина саласы ғана емес әрқандай ғылым өз шеңберінің ішінде қалып жатса оның алар асуы биік болмасы анық. Бұл өмір заңдылығы. «Жас-Ай» орталығымыздың күн санап қанатын кеңге жайып келе жатуының сыры да – біздің тыным таппай ізденіс жасауымызда жатса керек. Өз басым орталығымыздың басты емдеу ерекшелігі Шығыс-тибет медицинасының бір орында тұрып қалмауын, емдеу әдістерінің күн санап жаңарып отыруын әрқашан назарымда ұстаймын. Сол мақсат төңірегінде кезекті сапар Америка жұртына бағытталды. 14 мамыр «Бісіміллә» деп Нью-Йоркке табан тіреп, Waldorf Astoria қонақүйіне орналастық. Бір күн тынығып алдық та, ертесі күні ұйымдастырушылардың бастауымен әлемдік қала Нью-Йоркті араладық. Бүгінгі ғасырдың заманауи оркениеті мен мәдениетінің озық үлгісіне айналған алып қала Нью-Йоркке, төрткүл дүниенің төрт бұрышынан ағылып жатқан туристердің санында есеп жоқ. Қала тұрғындардының 20-30 пайызын шетелдерден келген саяхатшыларқұрайды. Сол себепті де қала экономикасының басым бөлігі туристер есебінен толығады екен. Қаладағы әрбірі сексен қабаттан жоғары тұратын бес жұлдызды қонақ жайлардың барлығы да, ел көріп, жер аралаған меймандарға сықа толы. Нью-Йлокте жүріп Арқа төсіндегі әсем қала Астанамыз қашан осы дәрежеге жетер екен деген арман келеді басыңа.Бір таңғаларлығы, соншама дамыған мегаполис қала бізді тазалығымен, реттілігімен тәнті етті. Қайсбірін айтайық, көкпен таласқан зәулім ғимарттар көріктілігімен көз тартады. Роккфеллер орталығында орналасқан TOP OF THE ROCK алаңы да өзінің дара келбетімен баурайды… Мәдениеттілік, тәртіптілік, тазалық, реттілік…. Қарап тұрып, әлемді ауызына қаратқан алпауыт АҚШ-тың бас қаласы осынша қасиеттерді қалай сақтап тұр деген ойға келесіз… Келесі күнгі бағытымыз Рузвельт медицина орталығы болды. Онда медициналық орталық директорының орынбасары Джеф Якомовитспен және бөлім меңгерушілерімен арнайы кездесу өткіздік. Стационар бөлімі, жедел жәрдем бөлімі, емхана, кардиология, урология бөлімдерін аралап, қолданыстағы заманауи техникалармен таныстық. Түстен кейін бізді АҚШ Денсаулық сақтау Департаментінің директоры және орынбаса денсаулық сақтау министірі қабылдады. Америкадағы денсаулық сақтау саласының даму жағдайы сөз болған жиында көптеген маңызды мәселелер ортаға салынды. Мені қызықтырғаны Америка медицинасының замануи техникалармен сәт сайын жабдықталып отыратындығы, денсалуық сақтау саласындағы әкімшілік басқарудың жүйелі жүзеге асатыны, дәрігерлердің біліктілігін анықтаудың озық тәсілдердің қалыптасқандығыжәне дәрігерлердің қоғамдық ортадағы орнының біз көріп жүрген біраз елдерге қарағанда әлде қайда жоғары екендігі болды. Біздің байқағанымыз Америкадағы ең дамыған саланың бірі – медицина саласы. Оған мемлекет тарапынан бөлінетін қаржы да қомақты. Тіпті сол елдің ең мықты кәсіпкерлері мен басқа да қалталы азаматтары өз табыстарының мәлім мөлшерін ел медицинасының өркен жаюына әрі жеке басының денсаулығын сақтандыруға құйып отырады екен. Сондай қайырылымдық қаржысына салынған медициналық орталықтың біреуіне келіп, ондағы медициналық аппараттардың соншалықты озық екендігіне таңғалдық. Сөйтсек, дүниежүзіндегі медицина саласынан жылт еткен озық техниканы өздеріне күнбе-күн жеткізіп, науқастардың қажетіне жаратып отыруды әдетке айналдырыпты.

Жүректің клапандарын ауыстыру, жүректің түймеше бауына апарат қою, бүйректі ауыстыру, бауырды ауыстру, кейбір жазылмас рактың өмірін ұзарту сияқты емдеу шаралары мықтап қолға алынған. Бұған әрине, Америка халқының өз денсаулығына соншалықты жауапкершілікпен қарайтындығы, он екі мүшесінің сау болуына соншалықты мән беретіндігі игі әсерін тигізіп отыр. Денсаулықты қорғауды өмірлік қағидасына айналдырған олар тапқан табысының тиісті бөлігін денсаулық саласына аударып отыруды бұлжымас тәртіпке айналдырған. Соған сай мемлекет те медицина қызметкерлерінің алаңсыз жұмыс жасауына қажетті жағдайлардың бәрін жасап отырған көрінеді. Ленокс Хил госпиталі, 64-ші көшеде орналасқан аурухана, Маунт Синай ауруханасына жасаған сапарларымыз бізге осыларды аңғартты. АҚШ медицинаның тағы бір жақсы қыры – науқастардың еркін емдеулін қамтамасыз етуде. Яғни науқастардың ем қабылдау барысында өздерін жақсы сезіну үшін тиісті жағдайлар жасалған. Айталық, кейбір ауруларға иті мен мысығын емханаға алып кіруге рұқсат берілсе, кейбіреуіне тиісінше спортпен айналысуға мүмкіндік туғызған. Ал мұсылмандарға арнайы намазхана дайындалса, жастар мен жасөспірмдер, сәбилерүшін арнаулы ойын алаңдары, спорттық залдар және интернет бөлмелері әзірленген. Әйтеуір емделушіге энергия беретін, көңіл-күйін тұрақты ұстауына тиімді болатын, бастысы емнің нәтижелі қабылануына себеп болатын шарт-жағдайлар тиісінше әзірленген. Келесі сапарымыз Бостон қаласына бағытталды. Әлемге әйгілі Гарвард университетінің сонда орналасқанынан бұрыннан хабарымыз бар. Бұл сапарымызда аталмыш университеттің доктор, профессорларымен кезігіп, ой бөлісіп, пікір алысып қайттық. Білім алуға барлық жағдайды жасаған оқу орынының дүниежүзіндегі ең мықты ғалымдарды даярлап жатқандығы даусыз екендігіне көз жеткіздік. Мұнда ғылымға қаншалықты көңіл бөлінгенін көріп, таңғалмасқа шараңыз жоқ… Бостон қаласындағы тағы бір әйгілі орын – ірге тасы 1811 жылы қаланған Массачусетск жалпы госпиталі. Онда 22 мың адам жұмыс жасайды. Арнаулы зерттеумен шұғылданатын орталық жазылмайтын ауруларға мүмкіндіктің барын салып, ем іздеумен айналысады. Адам ағзасындағы қартайған клеткаларды ауыстыруды да осы орталық қолға алып отыр. Дүниежүзіндегі қай ел болсын, оның ең басты байлығы адам екендігі даусыз. Сондықтан адам денсаулығы да әрқандай мемлекеттің ең басты байлығына балануы тиіс.Ұрпақ денінің сау болуы – ұлттың жарқын болашағының кепілі екендігін ескерсек, бұл жағынан мұхиттың ар жағындағы Америка жұрты көш бастап тұр. Адам денсаулығының ең басты кепілі экология десек, ғылым-техникасы қанша дамығанымен АҚШ елі табиғатын таза сақтапты.Жер қойнауындағы табиғй байлықтары да жаппай игерілуден аман екен. Барлығы да келер ұрпақ үшін атқарылып отырған игі шара екені көрініп тұр. Алматыда бір күн кюге жарамайтын ақ көйлегіңізді онда бірнеше күн киюге мүмкіндігіңіз бар. Көлігіңізді де күн аралатып жуа бермейсіз… Жалпы, тазалығына таңдай қақпасқа амалыңыз жоқ. Адам денсулығының тағы бір кепілі – дұрыс тамақтану, қауіпсіз тағам. Бұл жағынан да Америкалықтардан аларымыз көп. Олар негізінен салқын тамақты көп тұтынады. Сусындарына мұз салып ішуді де әдетке айналдырған. Тамақты көп қуырмай, витаминді тірі қабылдауды да әркез назарларынан тыс қалдырмайды. Тек калориясы жоғары тамақты көптұтынып, семіздікке душар болып жатқандар санының артуына байланысты, Америка жұрты қазір семіздікпен күресуді мықтап қолға алған. Сапарымыз сәтті болды. Ұйымдастырушылардың бірі Американың Денсаулық министрілігі де, бізге ризашылығын білдіріп, арнаулы сертифакаттар табыс етті. Шетелден келген меймандарды аттандырып, шығарып салу үшін әрі Нью-Йорк қаласының кешкі көрінісін тамашалату мақсатында арнаулы яхтыға кешкі қонақасы ұйымдастырылыпты. Қаланың алып ғимпраттарында самаладай жамыраған шырақтар мен Нью-Йорк кешінің әсем жұлдыздары тұтасып, бейне жұлдыздар әлемінде жүргендей тамаша әсерге қалдық. «Статуя Свободы»ескерткіші ынтымағы қою, іргесі берік, намысы өр АҚШ халқының асқақ рухын әспеттегендей аспанға маңғаздана бой созып тұр. Осыншама ғаламат әсер мен тамаша көріністер АҚШ-қа екінші қайта табан тіреуге еріксіз асықтырады. Барлығына қимай қарайсыз. «Жүргенге жөргем ілінеді» дейді қазақ. Біздің ең басты жөргем – озық медициналық іс-тәжірибе болды. Ендігі мақсат сол тәжірибені қазақ елінің денсаулық сақтау саласына пайдалану. Айтпақшы, алпауыт елдің денсаулықты қорғауды қолға алған қай мекемесі болсын Шығыс-тибет медицинасы дегенде өздерінің таңданысы мен қызығушылқытарын жасырмайды. Тек техникаға ғана сүйеніп қалған дамыған жұрттың жұмыс тәжірибесі Шығыс медицинасын жек көрмейді. Қайта соны дамытуға еркін ойлау мен дәрігерлердің табиғи дарыны кемдік қылатыны өкінішті. Себебі, М.Шаханов сөзімен айтсақ, «Компьютер басты жарты адамдар» онда да жеткілікті…

Жасан Зекейұлы

Алматы-Нью-Йорк-Бостон-Алматы

Хабарласу