+7 (727) 390-19-19
+7 (727) 302-15-40
+7 (777) 232-18-71
+7 (717) 242-20-42
+7 (777) 277-85-99

Алматы қаласы, Әл- Фараби даңғылы-Розыбакиев көшесі
(Витебскея көшесі №42), жаңа атауы Жетісу 83а

 

Астана қаласы, Куйши дина 37/1

17.11.2015 Профессор Жасан ЗЕКЕЙҰЛЫ: «Медицинада адам ақылы мен қолынан артық құрал жоқ»

Профессор Жасан ЗЕКЕЙҰЛЫ: «Медицинада адам ақылы мен қолынан артық құрал жоқ» 

Шығыс медицинасының дамуында біздің ата-бабаларымыздың да үлесі бар екенін дәлелдеумен келе жатқан қазақтың бір перзенті болса ол – «Жас-Ай» Шығыс-Тибет медициналық орталығының бас директоры, медицина ғылымының докторы, профессор Жасан Зекейұлы. Бұл күнде елімізде Жасанның қолынан жанына шипа тапқан адамдар көптеп саналады.
– Жасан Зекейұлы, тәуелсіздік жылдарының бедерінде елімізге миллионнан астам қандастар оралды. Атажұртқа қайта қоныс аударып жатқан қазақтармен бірге ақыл-ой, білім, ұмыт бола бастаған дәстүрлер де оралуда. Ал сіз елге Шығыс-Тибет медицинасы тәжірибесін алып келген алғашқы адамсыз…
– Шығыс-Тибет медицинасы Шығыс халықтарының бәріне ортақ. Сол халықтардың қатарына алдымен біз жатамыз. Сондықтан 5 ғасырдан бері қолданыста бар Шығыс медицинасының бізге де қатысы бар.
– Шығыс-Тибет ем-домын меңгеру өте қиын деседі. Батыстық білім алған сіз бұған қалай келдіңіз?

– Егер ерінбей, табандылықпен құпиясына бойласаң, қабілетің болса – алынбайтын қамал жоқ. Осы медицинаны терең мең¬герген көршілеріміз оның елге пайдасы көп екеніне әбден көзі жетті. Дүниеде жер көлемі жағынан тоғызыншы орынды иеленетін кең байтақ отанды бізге мұ¬раға қалдырған ата-бабаларымыз пайым-парасатының, күш-қуатының арқасында Шығыс ілімі мен медицинасының негізін қалаған жоқ па?! Әл-Фараби, Ибн Сина, Өтебойдақ сияқты ғұла¬ма¬лары¬мыз болды ғой. Бірақ, көшпенді халық болғандықтан көп деректеріміз Отырарда ойрандалды. Одан кейінгі басқыншылық со¬ғыстар талай мұраларымыз бен дәстүр¬ле¬рімізді жойғанын өзіңіз білесіз. Сол ілім-білімнен қалған жұрнақ¬тың бірі – Қытайда табылған Өтейбойдақтың емшілік өсиеттері мен тәжірибелері.
– Сол ұлы бабамыздың еңбек¬терінің үштен бірі ғана сақталғаны өкінішті-ақ…
– Ол кісі халықтық ем-домды 7 кітап етіп жазған. Қалғандары өртеніп кеткен. Өтейбойдақтың сол еңбектерін бүгінде Қытай халқының өзі мойындап отыр. Сол замандарда қазіргідей мықты медициналық құралдар жоқ кезде ол тамыр ұстап, адамның жүріс-тұрысы, бітімі мен сөзіне қарап ауруын анықтай алған. Халық емшілігін зерттеп, тәжірибеде қолданып, жетілдіріп үлкен еңбектерге айналдырған.
 
Шығыс медицинасының бір тармағын кеңестік отаршылдық саясат ортан белінен үзді ғой. Ендігі біздің мұратымыз зерттелмей қалған, зерттетпей қойған осы ілім-ғылымды түгендеу, халықтың игіліне қайта беру болып отыр.
Соңғы кезде ғылым мен техниканың дамуына байланысты шет¬елдерде Шығыс медицинасына қатысты ғылыми-зерттеу инс¬ти¬тут¬та¬ры ашылды. Соның сүбелі нәти¬же¬лері әлі де бізге келе қой¬ған жоқ. Мен өзім де еліміз егемендік алған соң, бар білген-түйгеніміздің ұлты¬мыз¬ға септігі тисін деп, Қазақ¬станға көшіп келдім. Шығыс-Тибет медицинасы¬ның халыққа тигізетін пайдасы көп екеніне қандаста¬ры¬мыз¬дың кө¬зін жеткізгім келді. Кә¬дуілгі медицинаға көне бермейтін көп дертке Шығыс медицинасының пайдасы өте зор екендігін өмірлік тәжірибемнен көріп жүрмін.
– Егемендіктің елең-алаңын¬да атажұртқа оралу оңай бол¬маған шығар?
– Ол қиын күндерді елімізбен бірге еңсердік қой. Бір мемлекеттен бір мемлекетке көшпек түгілі, көрші ауылға қыдырып барсаңыз да өз қиындығы болады. Әр елдің салты басқа, деген бар. Атажұртқа қоныс аудара салу оңай бола қойған жоқ. Ол жақта да біз қарап жүрген жоқ едік. Халықты емдедік. Бірақ, өз еліме оралып, көптің кетігіне жамау болсам деген ой осы жаққа сүйрей берді. Мұнда алғаш келгенде орыс тілі деген кедергі алдыдан шықты. Тіл білмеймін деп тоқырап қалмай, С.Асфендияров атындағы Қазақ медицина¬лық университ嬬ті¬нің аспирантура¬сы¬на қабылдандым. Төрт жыл бо¬йы ғылыми еңбек жа¬зып, оны қорғап шықтым.
– Қазір өзіміз айтып жүрген а묬¬тын ине, яғни инемен емдеу терапиясының Қазақстанда кеңінен тарала бастауына сіздің де ықпалыңыз бар екенін дертіне дауа тапқан жандар жоққа шығара қоймас. Дегенмен, он¬ың Шығыс-Тибет медицинасы ата¬луына тереңірек үңіліп көрсек…
– Шығыс-Тибет медицинасы¬¬ның отаны саналатын Қытайда біз¬дің дәуірімізге дейінгі ІІІ ғବ¬сыр¬да-ақ жүйелі медициналық еңбектер жарық көре бастаған. 18 томдық «Хуаңды Нецузин», 12 томдық «Он Цзин» еңбектері – соның дәлелі. Сондай-ақ 1026 жылы жарық көрген «Қола адам нүк¬телерінің атласы» дейтін кі¬тап¬тың орны айрықша. Сол заман¬ның әйгілі ғалымы Ван Бен адам¬ның қоладан жасалған мүсініне 600 емдеу нүктесін 12 сызыққа орналастырып, хатқа түсірген.
Сол ықылым замандардан бері ине емі өзінің ерекше дәрулік қасиетімен адамзаттың саулығына қызмет жасап, бүгінгі күнге жетіп отыр. Тіпті бертінгі 200-300 жыл көлемінде ине терапиясы ерекше дамыды. Дегенмен инемен емдеуді тек Қытай немесе Тибет халықтарына меншіктеп қоюға болмайды. Бұл – адамзат ақыл-ойының ортақ қазынасы. Оған ата-бабаларымыз да зор үлесін қосты. Қазақтың қарапайым емшілігінде Шығыс-Тибет медицинасымен ұқсастықтар өте көп. Мәселен, жоғары қан қысымы барлардың басынан қан алдыруы, мертіккен адамдардың паршаланып кеткен сүйек¬терін оташылық шеберлікпен қиюластырып, мүлтіксіз емдеп жазуы. Өкпе ауруына шалдыққандарды қымыз, шұбатпен қуаттандырып, қатты тұмауратқандарды сүт қосылған суық сумен ұшық-тап емдеу. Ибн Синаның өзі емдеуде нүктелік уқалауды көп пайда¬ланған екен.
– Еліміздегі аға буын кешегі Кеңес өкіметі кезінде есейіп, Батыс медицинасына бейімделіп өскен. Дәрігерге барса алдымен «анализдер» тапсырып барып, содан кейін ғана ауруының атын біліп жатады. Ал сіз тамыр ұстап диагноз қояды екенсіз. Бұл қаншалықты дәл келеді?
– Сіз еуропаша емді айтып отырсыз. Біз таулы өңірлерде, қазақтың ен даласын жайлаған халықпыз. Батыстық медицина бол¬маған кезде де ата-бабаларымыз түрлі ауруға дауа тапқан. Баяғы замандардан бері ел арасында емшілер, бақсылар, жұлдызнамашылар болды. Олардың халыққа істеген ем-домының шипасы болды. Ал мен алдыма келген науқас адамды бірден пәленбай ақшаға қан тапсыр, УЗИ-ге түс, томография жаса деп, әуре-сарсаңға сал¬маймын. Біздің ұстанған өз ереже, қағидамыз бар. Қатып қалған тәр¬тіпке сүйенбеу керек. Медицина үнемі дамып келе жатқын ғылым. Көптеген дерттерді мен өз қабілетіммен 100 пайызға дейін дәл диагноз қойсам да, қажет кезінде заманауи медициналық құрал-жабдықтардың көмегіне сүйенемін. Өтке, бүйрекке байланған тас-тарды анықтауда міндетті түрде аппараттарға жүгінеміз. Адамның дене қызуы түспеген жағдайда қанға сараптама жасаймыз. Мұндағы халықтың ұлты қандай болса да, ауруы әбден асқынғанда келетін әдеті бар. Өзіміз білетін көршілеріміз дерттің алғашқы клиникалық белгілері байқала бас¬тағанда-ақ алдын алуға қарекет жасай бастайды. «Шаршамай жатып – демал, ауырмай жатып – емдел», деген қытайдың мақалы бар.
Осы арада Елбасымыздың саламатты өмір салтын қалыптастыруға, адамның орташа өмір сүру жа¬сын ұзартуға байланысты қабыл¬даған бағдарламасының көкейкестілігі өте жоғары екенін айта кеткім келеді. Біз осыған аса мән бермей жүрміз.
– Жұрт Жасан Зекейұлы алтын ине салады дейді. Сіздің қолыңыздан алтын ине көр-медік. Осының анығы қандай?
– Мәселен, сіздің қолыңыздағы инелер халықаралық стандарт бойынша белгіленген, ғылыми тұрғыда зерттелген инелер. Оның 80 пайызы күмістен, 10 пайызы тазартылмаған мыстан, ½ пайы¬зына алтын жалатылған.
Қытайда Хуа-То деген ғұлама дәрігер болған. Сол кісінің атында ашылған емдік ине шығаратын зауыт бар. Соның өнімдерін пай¬даланамыз. Өйткені, ол халықаралық өлшемдерге сай. Адам денесіндегі нүктелердің орналасуына қарай, ұзын-қысқалығы дәл есептелініп жасалынған. Әр науқасқа керекті инелер жеке құтыларға салынған, санитарлық тазалығы да сақталынады. Бір адамға салынған ине келесі науқасқа қолданылмауы керек.
Алтын иненің емдеу қағидасы – адамның табиғи қуат көздерін ашу. Әрекетсіз жатқан нүктелерге қозғау салып, ояту. Мұның тағы бір қасиеті – дертті залалсыз емдейтіндігінде.
– Алайда, қазір елімізде инемен емдейтін адамдар көбейді. Олардың адам ағзасындағы 700-ге жуық нүктені әбден мең¬гер¬ге¬ніне кімдер кепілдік бере алады?
– Адам денсаулығы – адам тағдыры. Шынында да бас пайда¬сын ойлайтындар кісінің қасіре¬тінен де пайда табудан тартын¬байды. 1,5 миллиард халқы бар Қытайдың өзінде бір жылда адам денесіндегі 600 нүктені толық игерген 8-9 адамға ғана ине салуға рұқсат береді. Осының өзі көп нәрсені айтып тұрған жоқ па?
– «Ағаштың қурауы тамырынан, адамның қартаюы табанынан» деген тамаша тәмсілді медициналық орталықтың кісілер көп жүретін жеріне іліп қойыпсыз. Елең еткізді.
– Адам баласының бүкіл мүшесі ағзамен тұтастай қосылып, табанмен тығыз байланысқан. Қай жер ауырған болса, сол жердің нүктесін табаннан дәл тауып ине қойса немесе уқаласа, ауырғаны сол заматта басылады. Жалпы табанды жылы ұстауды да насихаттау керек. Талай дерт табанды жылы ұстамағаннан жабысады.
– Сіз осыдан жарты жыл бұрын ғана Еуропалық бизнес ассамблеясы номинациялық комитетінің ұйымдастыруымен өткен «ХХІ ғасырдың көшбасшылары» атты үлкен шараға шақырылып, Вена халықаралық университетінің құрметті профессоры атағын алдыңыз. Мұндай жоғары мәртебеге қалай қол жеткіздіңіз?
– Бұл Шығыс медицинасының бағалана бастағаны деп біліңіз. Біз Қазақстаннан 3 адам күтпеген жерден шақырту алдық. ТМД-ның 13 елінен, Еуропаның 7 мемлекетінен келген қонақтардың саны 200-дей болды. Шараның екінші күнгі бағдарламасы бойынша, Палавичина сарайында Вена халықаралық университетінің құрметті профессоры атағын беру мен дип¬ломмен марапаттау салтанаты өтті. Мен сол жолы қазақ халқы атынан барып, еңбегіміздің халықаралық деңгейде бағаланғанына қатты қуанып қайттым.
– Өткен жылы желтоқсан айында ғылымды дамытуға қосқан үлесіңіз үшін халық-аралық «Сократ» орденімен ма¬рапатталғаныңызды білеміз?
– Ол да мерейімізді көтерген марапат болды. Биыл да табыссыз емеспіз. Мамыр айында АҚШ-тың Нью-Йорк, Бостон қалаларында өткен «Заманауи медици¬на¬лық клиника: басқару мен жабдықтау» атты конференцияға қатысып, АҚШ Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет медалі және сертификатын алдық.
Хабарласу