+7 (727) 390-19-19
+7 (727) 302-15-40
+7 (777) 232-18-71
+7 (717) 242-20-42
+7 (777) 277-85-99

Алматы қаласы, Әл- Фараби даңғылы-Розыбакиев көшесі
(Витебскея көшесі №42), жаңа атауы Жетісу 83а

 

Астана қаласы, Куйши дина 37/1

03.12.2015 Жеке және кәсіби жетістіктері

1995 жылы ҚХР Денсаулық сақтау ісі бойынша мемлекеттік 100 үздік жас маманның бірі болып бағаланды.

1995 жылы тибет медицинасы саласына қосқан ерекше еңбегі үшін ҚХР денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен «Жоғары білікті аға зерттеуші-дәрігер» атағына ие болды.

1998 жылы желтоқсан айында ҚХР Халықаралық инемен емдеу Академиясының академигі атағы берілді.

2002 жылы 13 қыркүйекте Академик, профессор Аман Нұрмаковтың жетекшілігімен Алматы қаласының Сызғанов атындағы ғылыми зерттеу институтында « Тибет медицинасы бойынша хирургиялық ауруларда қабыну үрдістерінің алдына-алу және емдеу»атты ғылыми еңбегін жазып, КР медицина ғылымының кандидаты атағын алды .

2004 жылы бастап Қазақстан халық емшілері Қауымдастығының мүшесі. Осы Қауымдастықтың «Құрметті мүшесі», «Өтейбойдақ», «Гиппократ» медальдарының иегері.

2005 жылы Қазақстан Республикасының Халық емшілері қауымдастығы тарапынан «Халықты рухани сауықтыру қызметіндегі табысыңыз үшін және дәстүрлі халық медицинасының өркендеуіне қосқан үлесіңіз үшін» құрмет грамотасымен марапатталды. Сондай-ақ, 2006-2009 жылдары Қазақстан Халық емшілері қауымдастығының атынан «Халық емшілігін дамытуға қосқан үздік үлесіңіз үшін», «Халық медицинасы мен рухани тәрбие қызметіне қосқан жеке үлесіңіз үшін», «Халықтың денсаулығын жақсартудағы емшілік қызметіндегі үздік жетістіктері мен нәтижелері үшін», «Шығыс Тибет медицинасының білгір ғалым дәрігері екендігін дәлелдегеніңіз үшін», т.б. құрмет грамоталарымен жыл сайын марапатталып тұрды.

2006 жылдың 22 желтоқсанында – Қазақстан халық емшілер қауымдастығының «15-жылдық мерейтойына байланысты» медалімен марапатталды.

2007 жылдың 21 желтоқсанында Қазақстан Республикасың денсаулық сақтау ісіне сіңірген айрықша еңбегі үшін «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсалқасымен марапатталды. «Ө­мірді қорғау» қайырымдылық қорын құрып, өзі құрылтайшы болды. Осы қордың атынан тумысынан мүгедек ақын қыз Эльмира Омарбекованың шығармашылық кешін өткізуге атсалысты. «Нұрлы көш» бағдарламасына үн қосып, оралмандардың үздік мақалаларын қаржылай марапаттады.

2007 жылы Халық медицинасы және ғарыштық қуат Академиясына академик болып мүшелікке өтті. «Халық медицинасы мен емшілік қызметінің ғылыми жағынан дамуына қосқан жеке үлесіңіз үшін» дипломымен марапатталды.

«Жас-Ай» Шығыс-тибет медицина орталығы құрылғалы 50 мыңнан астам науқас қабылдап, оның ішінде 10 мыңға жуық адамға тегін ем көрсетілді.

2008 жылдың 27 қазанында жыл сайынғы ұлттық жобаның «Алтын Жүрек» сыйлығы оның осы қайырымдылық жасауда қара үзіп шыққан еңбегі үшін беріді. Осы жылдар ішінде ҚР Денсаулық Сақтау министрінің жауапты хатшысы Б.Садықовтың Алғыс хатымен, Көші-қон комиссиясының Алматы қаласы бойынша Департаментінің Алғыс хатымен, сондай-ақ, Төтенше-жағдайлар жөніндегі министрліктің алғыс хатымен марапатталды.

2008 жылы ҚР«Астананың құрылғанына 10 жыл» медалымен марапатталды.

2009 жылы Тараз қаласында өткен қазақтың ғалым-емшісі «Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы атындағы VI Халықаралық Конгресте «Үздік зерттеуші-ғалым, емші» деген наградамен марапатталды.

2009 жылы Вена Халықаралық университетінің «Құрметті профессоры» атағын иеленді.

2010 жылы Ресей Халықаралық шығармашылық академиясының академигі.

2010 жылы Дүниежүзілік ғылымына қосқан елеулі үлесі үшін Халықаралық «Сократ» орденінің иегері атанды.

2011 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің «Алғыс Хатымен» марапатталды.

2011 жылы желтоқсан айында «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.

2009-2011 жылдар аралығында Жапония, Еуропа, Америка елдерінде арнайы іссапарда болып, медицина саласындағы озық жетістіктермен танысып, тәіжрибе алмасты.

2012 жыл қаңтар айында Шымкент қаласында өткен «ТМД және Балтық елдерінде бәсекелестікке қабілетті екі немесе үш тілді жалпы білім беру мектептерін құру факторы ретінде иновациялық білім беру технологиясының интеграциясы» – атты халықаралық ғылыми тәжірбиелік конференцияға қатысқаны үшін Сертификат алды.

2012 жылғы 28-ші ақпан айында Ресей Федерациясы Мәскеу қалалық Жоғары академияаралық аттестациялық комиссиясының шешімімен «Жүйкесі жұқарған емделушіні күйзелістен шығаруда дәрісіз емдеу және адамның хал-жағдайын қалпына келтіру үрдісін бақылау» атты докторлығын қорғап ғылыми еңбегіне «Медицина ғылымдарының докторы» дәрежесі берілді.

2012 жылдың 28-29 сәуіріне өткен Абылай ханның 300 жылдығына арналған «Өшпес рух» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға Қолдау көрсетіп,белсенділік танытқаны үшін сертификат, қатысушының Кәсіби саласында сіңірген еңбегі үшін Алғыс Хат, Абылай ханның 300 жылдығына арналған Алтын медалымен марапатталды.

2012 жылғы 14 маусым айында «Нұр Отан»партиясының Әуезов аудандық филиалының атынан «Әуезов ауданының 40 жылдығына, сонымен қатар «Медициналық қызметкер күні» мерекесіне орай партия саясатына қосқан қызметіне және мамандығына деген адалдығы үшін Алғыс хат берілді.

2012 жыл қыркүйек айында «Нұр Отан»ХДП Алматы қалалық филиалы атынан «Мектепке барар жол»Республикалық акциясын өткізу барысында әлеуметтік жағдайы төмен және көп балалы отбасыларына қол ұшын беріп, қайырымдылық көрсеткені үшін, балаларды мектепке дайындау шарасына белсенді атсалысқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.

2012жыл 28 қыркүйек күні Қазақ сөз өнерінің наркескені, халық жазушысы Шерхан Мұртазаның 80 жасқа толу мерей тойына, яғни, тұлғаның туған жері Жамбыл облысына барды. Республикалық деңгейде өткен айтулы шараға атсалысқаны үшін Алғыс Хат берілді.

2012жылы 17 қазанда Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасынан Белсенді қоғамдық қызметі арқылы Алматы қаласының әлеуметтік – экономикалық дамуына және ел ішіндегі ауызбіршіліктің нығая түсуіне қосқан қомақты үлесі үшін Алғыс хатпен марапатталды.

2013жылы Баян батыр Қасаболатұлына ескертуіш орнатып 300 жылдық мерейтойына 1 000 000 тенге үлес қосқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.

2013жылы «Нұр Отан» партиясының Әуезов аудандық филиалының атынан Республикамыздың Тәуелсіздігіне ие болғанымызға 22 жыл толғанына «Нұр Отан» партиясының бағдарламалық міндеттерін жүзеге асырып, нәтижелі еңбектері үшін Алғыс хатпен марапатталды.

2014 жылы ҚР. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау қалалық орталығы тарапынан «Халықтық сапа» белгісімен марапатталды.

2014 наурыз мерекесіне орай өткізілген «Наурыз-2014» іс-шарасында ұлттық құндылықтарды сақтау, дамыту, жетілдіруге қосқан үлесі үшін және жүлделі орын алғаны үшін, Алматы қаласы, Әуезов ауданы әкімі тарапынан марапатталды.

2014 жылы «Нұр Отан» партиясының 15 жылдық мерей тойына орай өткізілген іс-шарада, еліміздің әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси дамуы мен өркендеуі жолындағы белсенділігі мен ерен еңбегі үшін арнаулы алғыс хатпен марапатталды.

2014 жылы «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі, қоғамдық қоры тарапынан ұлттық өнерге қолдау көрсетіп, асыл мұраларымызды қайта жаңғыртуға қосқан үлесі үшін арнаулы мақтау қағазымен марапатталды.

2014 жылы Алматы қаласы Спорт және туризм академиясының 70 жылдық мерей тойына орай, «Кекушинкай каратэ-додан» Қазақстан чемпионаты бойынша ерлер мен әйелдер арасында өткен жарысқа бас демеуші ретінде қолдау көрсеткені үшін мақтау қағазымен марапатталды.

Хабарласу