Алматы

8 (727) 390-19-19

8 (727) 302-15-40

8 (777) 232 18 71

Астана

8 (717) 242-20-42

8 (777) 277 85 99

 

Шымкент

8 (778) 000 57 38

 

 

Арашашы

Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы

Жәркен БӨДЕШ, ақын, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты

Қаны бір,
Тағдыры ортақ –
Жасан інім.
Жаның жайсаң,
Жоқ сенде қасаң ұғым.

Көкбөрі мертіксе де сыр бермейді,
Ақын да сездірмейді аш-арығын.

Тағдырдың түнергенде нала аспаны,
Саусағың тамырымнан адаспады.

Ұрланып ағзама кірген дертті,
Киелі алтын инең аластады.

Қардай боп ағарса да қара шашым,
Өнерлімін, өлеңмен бал ашамын.

Ажалдан сескенбеймін, қорықпаймын да,
Өзіңдей бар болған соң арашашым!