+7 (727) 390-19-19
+7 (727) 302-15-40
+7 (777) 232-18-71
+7 (717) 242-20-42
+7 (777) 277-85-99

Алматы қаласы, Әл- Фараби даңғылы-Розыбакиев көшесі
(Витебскея көшесі №42), жаңа атауы Жетісу 83а

 

Астана қаласы, Куйши дина 37/1

10.11.2015 Халық игілігі үшін

Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы

Тянь-жу-шың, Қытай медицина ғылымдарының докторы, профессор, академик, нейрохирург, Тибеттік емнің білгір маманы

Қытай Халық Республикасында пайда болып, ұлтымыздың сан ғасырлық тарих толқынында бірге дамып, жетіліп, бұл күнде ғылыми жүйеге енген тибеттік емдеу тәсілі – ұлттық медицинамыздың алтын жауһары. Бұл емдік саланың тамыры терең әрі қазыналы. Қазір Қытай халқының мақтанышына айналған тибеттік емге әлем халықтары мүдделі десек, артық айтқандық болмас. Себебі әлемде осы тәсілді қолдана отырып ем қабылдауды қалайтын науқастар саны жыл сайын артып келеді. Сондықтан да мемлекетіміз көлемінде тибеттік емдеу жүйесін негіз етіп көптеген жоғары оқу орындары ашылып, онда жыл сайын сүбелі ғылыми диссертациялар қорғалуда. Қазірге дейін әлемнің түпкір-түпкірінде халқымыздың осы озық емдеу әдісін жетік меңгеріп, өз ұлтының денсаулығын қорғау жолында ұтымды пайдаланып жатқан мамандар көп . Бұған мысал ретінде сізді және сіздің басшылығыңызбен ашылып отырған «Жас-Ай» Шығыс-тибет медициналық орталығын айтуға болады.

Біз сізді тибет медицинасын терең зерттеп, ұтымды қолданып жүрген үздік маман ретінде жақсы танимыз. Бұған сіздің Қытай елінде және өз еліңізде қорғалған ғылыми диссертацияларыңыз бен халықаралық атақтарыңыз куә. Сондықтан да сіздің өз ұлтыңызға істеген еселі еңбегіңіз әрқашанда мақтауға тұрарлық әрі даңқты.Ұлтыңыздың денсаулығын сақтап, өмір жасын ұзарту үшін тибеттік емдеу жүйесін Қазақстан еліңізде қанат жайдырып, пайдалана білгеніңіз – біз үшін зор мақтаныш. Сіздің Қытай Халық Республикасында қорғаған диссертацияларыңыз, ғылыми жұмыстарыңыз бен ғылыми еңбектеріңіз біздің университеттердегі еңбектер тарихында мәңгі қалатын болады. Мен сіздің халық игілігі үшін атқарып жатқан жұмыстарыңыздың әрдайым жемісті боларына кәміл сенемін. Әрқашан еңбегіңіз елдің игілігіне жарап, көңілінен шыға берсін! Қазақстан Республикасында Шығыс-тибет медицинасын жетік білетін шәкірттеріңіз көбейсін! Деніңізге саулық, жанұяңызға бақыт тілеймін!

Хабарласу