+7 (727) 390-19-19
+7 (727) 302-15-40
+7 (777) 232-18-71
+7 (717) 242-20-42
+7 (777) 277-85-99

Алматы қаласы, Әл- Фараби даңғылы-Розыбакиев көшесі
(Витебскея көшесі №42), жаңа атауы Жетісу 83а

 

Астана қаласы, Куйши дина 37/1

10.11.2015 Жарайсың, Жасан!

Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы

Уәлихан ҚАЛИЖАН,
Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Республика Парламенті Мәжілісінің депутаты

Атақты Кенен ақынның 125 жылдық торқалы тойы. Нөпір халық. Көптен көрмеген ағайындармен қауышып, адамның жаны жасарады екен. Сұлу мұртына құндыз бөркі жарасып кәдімгі Шерхан Мұртаза отыр. Қазақтың ноқтаға басы сыя бермейтін ұлдарының бірегей тұрпатты азаматын, әрине, Шераға деп қадірлейсің, сәлем бересің.

  • – Ассалаумағалейкум, Шераға, Таразға кеткен ірі аға!
  • – Өй, Уәкембісің бе-ей, келдің бе?

Төс қағыстыра амандастық.

  • – Иә, Тараздамын, елдемін, өзің көрген жердемін. Таразда бәрі, бәрі бар, бірақ бір Уәлихан жетіспей тұр.

Ағалы-інілі екеуміз осылай көптен көрмей кездесіп едік. Содан қасымдағы Жасан Зекейұлының сәлемін алды.

  • – Жасанның қасында жасарып жүр екенсің ғой? Сөйт, сөйт. Ал әңгіме шерт, дөйт, – деп Жасанды жетекке алып, жиналыс біткенше қасынан жібермей, қолтықтасты да жүрді.

– Бұл Жасан тәуіп емес, шоң дәрігер. Қолы алтын, инесі шипа, емі дауа, – деді Шерағаң қоштасар сәтте. – Қаным қайнап, миым шағылып барып еді, Ілияс інім Жасанға апарып, жаңартып жіберді. Содан қан қысымы орнында.

«Дүние – бұраңдаған бір қисық жол». Қырсықтан, пәле-жаладан аман болыңдар… Кеттік, мәссаллах!

…Жасан Зекейұлымен өзім де осы қан қысымының «арқасында» танысқанмын. Оразбай Бекенов деген інім қоярда қоймай, ауруханада, Алматыда жатқан жерімде ертіп апарып таныстырған. Атақты Мұзафар ақын ағам айтпақшы, денсаулықтың арқасында ауырып жатқанмын. Дос інінің көңілін қимай-ақ барғанмын. Жасанның Қытайдан келген бауыр, өзім үнемі мәселесін көтеріп жүрген оралман екенін естідім.

  • – Оу, Уәкең келіпті ғой, бұл кісі біздің оралмандардың көсемі ғой, – деп қара шашты, қызыл шырайлы жігіт ағасы баяғыдан таныс-біліс адамдай, құшағын жая берді. Сол сәттен бастап бірге туған ағалы-інілі бауырлардай бір-бірімізді іздемесек тұра алмайтын дәрежедегі ағайынға айналдық та кеттік.

– Бейсембайдың айтатыны рас екен ғой, Уәкеңді біреумен таныстырсаң, өзің далада қаласың, – деп Оразбай күле берді.

Хош. Жасан бірден тамыр ұстады. Медбике қан қысымын өлшеді. 170:80. Өте жоғары. Бөлме дайындалды. Жасан бірден қан қысымын ретке келтіретін нүктелерге шипалы саусақтарымен алтын инесін қондырды да жотама магниттік банкілерді қойды. Жон етімді суырып, жарты сағаттай жаттым. Сонан соң, Жасан інім кішкентай алтын балға алдырды. Тікен-тікен. Сонан соң сұқ-сұқ балға соғылып, едәуір уақыт тістеніп жаттым.

  • – Енді мына табақшаға қараңыз?

Пәлекеттің түрінің жаманын-ай. Қап-қара, балық іспеттес ұйыған қан.

Шарасынан шығып келген көзім өз ұясына түсті. Қысым өлшенді. 120:80. Бәрекелді, Жасан!

***

Бүгін Жасан Зекейұлы есімі Қазақстанға ғана емес, Еуропа елдеріне танымал. Тибет медицинасының ірі маманы. Медицина ғылымдарының докторы, академик. Бірақ осындай атақ-даңққа жету де оңай болмағанын мен жақсы білемін.

Егемендікпен бірге елін аңсап келген Жасан Зекейұлы туған жерге келгенде жусанын иіскеп, еңкілдеп жылаған. Өзі көрмеген, атына ғана ғашық Қазақстанын жүрегіне бойтұмардай ұстап келген. Оңай болмайтынын да, қиын жол күтіп тұрғанын да білген. Ал арманына жеткізетін жол – білім еңбек, оқу. Сондықтан да Қазақстанға келіп, дәрігерліктің төменгі сатысынан биік дәрежесіне жетті. Ғылымның инемен құдық қазғандай жолынан өтті. «Тибет медицинасы бойынша қабыну үрдістерінің алдын алу, емдеу және хирургиялық аурулар» атты еңбегі бойынша 2002 жылы кандидаттық диссертация қорғады. 2004 жылы өзі « Шығыс-тибет» медицина орталығын ашты.

Өзі өсті, елі өсті. Жұмысы жанды. Шипалы емдеу, алтын ине қою, үміті үзілгендердің шырағын жағып, көп шаңыраққа жақсылық әкелді.

Жасанның бір қыры – Атымтай жомарттығы. Ол ешқашан алдына жылап келгенді жұбатпай жібермейді.

  • Ол – ғаріп-ғасірге демеушілік жасайды;
  • Ол – өз қолынан келмесе, қалтасынан қаржысын төлеп, басқа жерде емдетеді;
  • Ол – байлыққа, барлыққа басы айналмай, қайыр-садақа береді;
  • Ол – жұма намазға барып, құлшылық жасайды;
  • Ол – «Жас-Ай» журналын шығарып, сан түрлі аурулардың алдын алу, күтіну, сұрақ-жауап сипатында халыққа дәрігерлік кеңес береді;
  • Ол – теледидарда, БАҚ-та салауатты өмір салтын насихаттайды;
  • Ол – машинасына отырып алып, туған Қазақстанның сұлу жерлерін аралайды, құм-шағылын көреді, сүреңсіз жеріне барып, Алматыға қолы жетпей отырған, қарапайым адамдарды емдейді;
  • Ол – Халықаралық Ресей шығармашылық академиясының академигі.

Жақында ғана Жасан Зекейұлына Вена қаласы Халықаралық университетінің «Құрметті профессоры» атағы мен «Алтын алқасы» табыс етілді. Сонда Венада, Еуропа дәрігерлері қауымдастығы өкілдерінің алдында Жасан Зекейұлы ана тілінде:

    – Бұл атақ маған емес, Нұрсұлтан Назарбаевтай әлем мойындаған көреген басшысы бар Қазақ еліне беріліп отыр, – деп мәлімдеді.

Жарайсың, Жасан!

Хабарласу