Алматы

8 (727) 390-19-19

8 (727) 302-15-40

8 (777) 232 18 71

Астана

8 (717) 242-20-42

8 (777) 277 85 99

 

Шымкент

8 (778) 000 57 38

 

 

«Жас-Ай» тек жазып шығарады

Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы

«Жас-Ай» тек жазып шығарады

      Мұнда келу себебім – қуық безінің өсуіне, қабынуына байланысты. Емделіп жатырмын. Мен өзім 45 жылдан артық уақыт денсаулық сақтау саласында қызмет істеп келемін. Негізгі айналысқан салам жүрек-тамыр хиругиясы. Елімізде жүрек-тамыр хиругиясымен айналысатын орталық Алматыда және Қарағандыда болды. Соның Қарағандыдағы орталығын ұзақ жылдар басқардым.  1990 жылдары елімізден алғашқылардың бірі болып Италияға барып тәжірибе жинап, 6 ай оқып, үйреніп қайттым. Одан кейін 10 жыл Американың Коларидо штатындағы Денвер қаласындағы орталықта кардио-хирургтармен бірге қызмет істеп, тәжірибе жинадым. Біз оларға бардық, олар да бізге келді, осындай тығыз байланыс болды. Мұның бәрін айтып отырған себебім – Еуропа болсын, Америка болсын солардың бәрі ауыруды емдеуде негізінен 2 жолды ұстанған. Біріншісі химиялық дәрілерді беру, егу, ішкізу. Сөйтіп ауру ошағын тоқтату әдісін қолданады. Ал, екіншісі – хиругиялық жолмен ота жасап, алып тастау.

    Біріншісі бойынша ауру ошағын залалсыздандырғанмен екінші жағынан адамның бір ағзасын емдей отырып, басқа ағзаларына зақым келтіреді. Екіншісінде адамның ауру ағзасын ота жасап алып тастаған соң оның орнын басқа ағза баса алмайды ғой. Сөйтіп екуінің де түбінде адамның денсаулығына нұқсан келеді. Бұл елдерде соңғы 2 ғасыр бойында осы әдістер қолданылып келеді. Бұрынғы Кеңестер Одағы да адам емдеуде осы жолға түскен. Ал, енді мына шығыс-тибет медицинасының тарихы мен тәжірибесі 5 мың жылдан асып кеткен. Осы медицинаны елімізге алып келіп отырған Жасан Зекейұлы мен ол ашып, басқарып келе жатқан «Жас-Ай» Халықаралық үздік клиникасы екеніне дау жоқ. Оны мен бұрын БАҚ-нан естіп жүрсем, енді міне өзім де ем алып, толық көз жеткізіп отырмын. Денсаулық сақтау саласында ұзақ жыл қызмет атқарған соң оның қыр-сырын, әдіс, амалдарын бір кісідей білеміз ғой. Сондықтан мен сияқты мамандар қазіргі таңда ашылып жатқан медициналық орталықтарға сыни көзбен қараймыз. Олар туралы пікірлерді жинақтаймыз. Өзіміз емделсек те, жақындарымызды қаратсақ та, алдымен осылай сараптап алап келеміз. Сондықтан мен де бұл орталыққа келерде жан-жақты талдап, бұрын ем алып жазылған адамдардың пікірін тыңдап барып келдім. Адамдар болғанда да олар елімізге танымал тұлғалар. Олардың шетелге шығып ем алуға мүмкіндігі бар жандар. Тіпті көпшілігі шетелдің де емін көрген адамдар. Дәлелденген емге ғана сенетін кісілер ғой. Мәселен, ағзадағы зиянды өскіндерді УЗИ-да немесе компьютерлік тамографияда мөлшерін көрсетіп, отырса, бұл орталықтың емін алған соң көп уақыт өтпей-ақ, зиянды өскіннің кішірейіп, тіпті жоқ болып кетсе, оған неге сенбеске?

   Тибет медицинасының негізгі басты ерекшелігі онда химиялық дәрі қолданылмайды. Бірден ота жасап, кесіп тастамайды. Тибет-Шығыс медицинасының басты ерекшелігі – алтын, күміс инемен емдеуі. Ағзаның негізгі тірегі жүйке жүйесіне әсер етіп, семіп қалған тіндерді тірілтіп, одан ары шөппен өзге де дәрумендермен қуаттандырып емдеуі. Бұл шөп деген табиғи дәрі, оның кері әсері мен зияны жоқ. Осы арада тағы бір тарихи деректерді келтіре кетсек, 20-шы ғасырдың жиырмасыншы жылдарына дейін қазақ елінің әр аймағында шөп дәрімен емдейтін емшілер болған. Яғни, ерте заманда да, ата-бабаларымыз осы шығыс-тибет медицинасының қасиетін білген ғой. Одан кейін елімізде Кеңестер одағы орнаған соң біздің сол бабалар білген еміміз күшпен жойылды, ұмыттырылды. Енді міне еліміз тәуелсіздік алған соң сол аталарымыз қолданған емді елімізге жаңғыртып, жаңа технология мүмкіндігін пайдалана отырып алып келіп жатқан Жасан Зекейұлына алғысым шексіз. Осында ем алғалы бері естіп жатырмын бұл орталықтың филиалы Астанада ашылыпты. Болашақта басқа үлкен қалаларда да, ашылады екен. Елдің сұранысы болса неге ашпасқа?

 

Ғазиз Қабылтайұлы Мағзұмов,

ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі,

ҚР «Құрмет» орденінің иегері.