+7 (727) 390-19-19
+7 (727) 302-15-40
+7 (777) 232-18-71
+7 (717) 242-20-42
+7 (777) 277-85-99

Алматы қаласы, Әл- Фараби даңғылы-Розыбакиев көшесі
(Витебскея көшесі №42), жаңа атауы Жетісу 83а

 

Астана қаласы, Куйши дина 37/1

Орталық жайлы

2004 жылдың 8-ші тамызында «Жас-Ай» медициналық орталығы құрылды.

«Жас-Ай» медициналық орталығы бүгінде қанатын кеңге жайған, мыңдаған адамды ауру азабынан айықтырған, еліміз бен алыс-жуықтағы шетелге танымал ауруханаға айналды. Бүгінде 5 қабаттан тұратын 60 төсектік аурухана салдырып, озық медициналық жабдықтармен жабдықталған ірі медициналық орталық ретінде қалыптасты. Бұл жетістікке Бас дәрігер, академик Жасан Зекейұлы өзінің адал қажырлы еңбегімен бірге, әсіресе, өзінің отанға деген сүйіспеншілігі мен халықтың сенімінің арқасында жетті. Еліміз бойынша медициналық кластер жүйесі негізінде алғашқылардың бірі болып қызмет түрін көрсететін «Жас-Ай» медициналық орталығы 10 жыл ішінде жалпы саны 50 мыңнан астам науқасқа ем-дом жасалып, 7 мың адамға тегін ем көрсетті. Көптеген инсульттан салданған адамдарды орнынан тұрғызып, мешел(ДЦП) балаларды ауруынан айықтырды. Одан бөлек 680-ге жуық отбасыға бала сүю бақытын сыйлап, ұлтымыздың демографиясына зор үлес қосып келеді.

2004 жылдың 8-ші тамызында «Жас-Ай» медициналық орталығы құрылды.

Бас дәрігері Жасан Зекейұлы

Медициналық орталық қысқа мерзім ішінде Қазақстан бойынша сұранысқа ие болып, өз саласында жоғары біліктілігін дәлелдеді. Аталған орталыққа Қазақстанның түкпір-түкпірінен келетін науқастар саны көп.

Медициналық орталықтың негізгі міндеті – медициналық көмек көрсету және аурудың алдын алу туралы іс-шаралар жүргізу. Медициналық орталық қазіргі заманауи медициналық құрылғылармен жабдықталған.

Сырттан келушілерге орталықта 63 орындық стационар ашылды.

Палаталардың барлығы керекті жиһаздармен жабдықталған. Әр палатада жеке санитарлық жүйе мен жуынатын бүрікпе кабина бар.

Кешенді емдеу емдеу мен зерттеулер жүргізіледі: пульстік диагностика, нүктелік уқалау, жалпы уқалау, ине салу, фитотерапия (SPA процедуралар), дұрыс тамақтану мен салауатты өмір салты жөнінде дәрігердің нұсқаулары мен ұсыныстары беріледі.

Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы Жүйке жүйесінің аурулары

бас сүйек миыныңшайқалуы,жүйке ауырсынуы, жүйкенің қабынуы, жүйкенің тозуы, бас сақинасы, бас сүйек ішіндегі қысым, миға қан құйылу, құяң, нейроциркуляторлық дистония, омыртқа аралық дискінің жарығы, остеохондроз,кекештену,афазия, балалардың церебралды салдануы.

Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы Жүрек-қан тамыр аурулары

миокардит, жүрек кемістігі, қан қысымының көтерілуі, жүректің ишемиялық ауруы, жүректің беріштенуі, жүрек ырғағының бұзылуы, қан тамыр кеңеюі, тромбофлебит, инфарктан кейінгі кардиосклероз.

Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы Асқазан-ішек аурулары

асқазан қабынуы, асқазанның ауыруы, асқазан-ұлтабар қабынуы, асқазан мен ұлтабар ойық жарасы, өт қабының қабынуы, өт ауруы, колит, геморрой, холецистит, панкреатит, өт шығару жолдарының дискинезиясы.

Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы Несеп-жыныс жүйесінің аурулары

пиелонефрит, бүйректің төмен түсуі, түнде зәр тоқтамауы, простатит, белсіздік, сүндетке отырғызу (жаңа әдістер), қуықтың қабынуы.

Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы Гинекологиялық аурулар

етеккірдің аз келуі, етеккірдің келуінің  бұзылуы, аналық без жылаулығы, жатыр ет өспесі, бедеулік, мастопатия, аднексит.

Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы Буын аурулары

буын қабынуы, буын шеміршегінің өзгеруі, буындарға тұз байлану,буындардың пішінінің өзгеруі.

Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы Тыныс алу жүйесінің аурулары

бронх демікпесі, бронхтың қабынуы, аллергиялық мұрын қабығының қабынуы, гаймор қойнауының қабынуы, өкпе қабынуы,аллергиялық бронхит,созылмалы тонзиллит.

Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы Тері аурулары

ақтаңдақ, теңге қотыр, безеу бөртпелері, тері  қабынуы, терінің созылмалы ауруы, шаш түсу.

Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы Эндокриндік аурулар

қантты диабет, зоб, семіздік, гормондық қалыпсыздық.

Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы Көз аурулары

глаукома, катаракта, қабақтың қабынуы, миопия, көз көру қуатының  әлсіреуі.

Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы Сонымен қатар

темекі тарту, ішімдікке салыну, есту қабілетінің төмендеуі, операциядан кейінгі хирургиялық асқынулар.

Емдеу қытай-тибеттік медицина әдістерімен кешенді түрде жүргізіледі: тамыр соғысы бойынша ауруды анықтау, нүктелі және жалпылама уқалау, ине салу, инені шөппен қыздыру, «хассы», «зывишин» және «каудиян», бел омыртқа аралық дискі жарығын емдеуге арналған ТМ400 сияқты жаңа қытай аппараттары қолданылады.

Хабарласу