+7 (727) 390-19-19
+7 (727) 302-15-40
+7 (777) 232-18-71
+7 (717) 242-20-42
+7 (777) 277-85-99

Алматы қаласы, Әл- Фараби даңғылы-Розыбакиев көшесі
(Витебскея көшесі №42), жаңа атауы Жетісу 83а

 

Астана қаласы, Куйши дина 37/1

12.09.2017 Қалаулы ұл – халы қтың мақтанышы

Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы

Қалаулы ұл – халы қтың мақтанышы

(Жасан Зекейұлының 50 жасқа толуына орай ой-толғау)

Жасан Зекейұлы! Бұл есім бұл күндері біраз жұртқа таныс. Біреу дәрігер ретінде, біреу медицина ғылымына еңбегі сіңген білгір маман ретінде біледі. Ел алдындағы еңбегіне қарап қоғам қайраткері санайтындар да көп. Ал мен Жасанды жолдастық тұрғыдан адами келбетіне қарап бағалағым келеді. Адамға адам баға бергенде ең әуелі «ол қандай адам?» деген сұрақ туады. «Қандай адам?» деген сұрақ – пенденің адалдығы, ар тазалығы, айналасына деген көзқарасы мен еткен еңбегі, тағы басқа қасиеттерін бастау етеді. Жасан Зекейұлымен жақын Біздер – Жасан Зекейұлы және оның замандастары арғы бетте тусақ та орда бұзар отызда Атажұртқа оралдық. Өмірдің ең асыл кезеңін өз отанымызға арнау бақытына ие болдық. Осы жолда әркім өз әлінше еңбек етіп жатыр. Біреу өнер, мәдениетте, біреу медицина саласында, енді біреулер әртүрлі кәсіпкерлікпен дегендей. Сол топтан бойы озып көрінетін жора-жолдастарды көргенде тірі боламыз деп жүгіріп ірі болғандай тұлғаланып қаламыз. Соның бірі – Жасанның биігі.
араласып жүргеніме тұп-тура жиырма жыл болған екен.
Ең алғаш рет Алматы қаласында бір көшенің бұрышынан шағын ғана шипажай ашып, өз қолымен ине салғанына куә болдым. Бұрын сырттай білетінмін. Бір ұршығым сырқырап, таныстық сылтауымен ем іздеп барып ем. Бірден жылы қабылдап, жарқын жүзін сыйлады. «Жәке, журналиссің ғой. Журналистерде көп ақша болмайды. Сенен ақша сұрағаннан көрі аяғыңды сауықтырып жібергеніміз пайдалы. Кейін ел туралы, біз туралы бірдеме жазғанға керексің»– деп бірден ине салды.
Ол кезде Абай атындағы Алматы мемлекеттік универ­ситетінің аспирантура бөл­імін­де оқитын­мын. Бір жағы «Шалқар» газетінде тілшілік істеп жүрдім. Жасан менің жазған дүниелерімнен хабардар екен.

Әр нәрсенің бір себебі болады. Бұрын сырттай білісіп жүрсек, сол күннен бастап арамыз жақындай түсті. Өзінің той-томалағына бізді қалдырмай шақырады. Біздің той-томалақтан қалмайды. Келе алмайтын болса да бір соғып құтты болсын айтып кетеді.
Жасанның тасы өрге домалады. Біз баяғы қара қалам төңірегінде жүрдік. Кейде арамыз алыстап бара жатқандай жасқана хабарласып жүрсек, Жәкең де еш бөтендік жоқ. «Толдым, болдым, тойдым» деген пендешіліктен мүлдемге аулақ. «Ау, Жәке, неге хабарсыз кеттің!? Бізді көзге ілмей жүрсің бе? Сені менен кіші шығар деп жүрсем түйдей құрдас екенбіз. Құрдастың құдайы бір, жібектің түйіні бір деген. Хабарласып тұрсаңшы!» – деп өзі тиісетін болды. Менің «қалтасы қампиған достар ұмытып кетер ме екен!?» дейтін алаңым Жасанға жүрмейтінін сонда білдім.
Бірде Алматы қаласында «Жас-Ай» журналының жарық көргендігінің бес жылдығына арнап үлкен басқосу өткізетін болып, маған арнайы шақыру жіберіпті. «Бара алам ба, жоқ па?» деп жеке күйбеңмен жүр едім, өзі қоңырау шалды. Еш жатырқаусыз, өзімсінген жарқын үнмен самбырлап тұр: «Жәке, тойға өзіңіз сияқты ылғи да ығай мен сығайлар шақырылған. Сондықтан келмеуіңізге болмайды!» - деген зілді де, зілсіз де емес тілегі бар. Енді қайда қашайын!? Қомақты тойлық апара алмайтынымды қынжыла ойлап, қолыма дереу қалам-қағаз алдым. Асау шабыт келмесе де ар-ұжданның, жолдастық қарыздың итермелеуімен өлең жаздым.
Сөз кезегі келгенде бір қоржын кітаптарымды көтеріп шығып, тойдың шашуы ретінде өлеңімді оқыдым. Тәлейіме жарай арнайы өлең арнаушылар аз болды да жұрт бірден дүркірей қол соқты. Жасан өзі келіп қолымды алып, құшақтап суретке түсті. Оның разы болғанын көріп мен де қуанып қалдым.
Арада көп өтпей Жасан тағы қоңыраулатып тұр: «Жәке, шүйінші! Сіз үлкен бір еңбек жараттыңыз!» – дейді. Мен аң-таңмын. «Қандай еңбек?». Жасанның әзілге жақын қоңыр, күмбірлеген үні жаңғырып: «Әне, бұл ақын-жазушылар өздерінің не істегенін білмейді» деп бір соқтығып өтті. «Ау, Жәке, жұмбақтамай...». «Жә, жә, өзім айтайын. Анау күнгі керемет өлеңің біздің журналда жарық көріп еді, енді соған сазгерлер ән шығарыпты. Өлеңің әнге айналып, «Жас-Ай» орталығының алғашқы әні болды. Соны құттықтап шүйіншілегенім ғой!» –дейді.
Менің арнау өлеңіме ән жазылған екен. Жәкең ізінше оны дискіге жаздырып өзіме беріп жіберді. Асығыс жазылған өлеңнің жақсы әнге айналғанына марқайып қалдым.
Жасанның дәрігерлік өнері туралы жұрт күнде айтады. Ол тақырыпты жауыр қылмай, басқа қырынан келе жатқанымды байқаған боларсыз.
Жасан шын мәнінде өнер адамы. Өнерді, мәдениетті, ұлт-тың рухын жоғары бағалайды. Өзі де аккордеонға қосып ән айтады. Қалай уақыт табатынына қайранмын, қалың қарбалас­тық­тың арасында газет-журнал, кітаптар оқып, солардан түйгендерін айтып отырады. Менің шығармашылығыма қызғанышсыз, қуанып қарайды. Топты ортада үлкен қаламгер ретінде таныстырып мақтанышпен ауызға алады.
Бәріміз де пендеміз. Кейде біреуді ғайбаттауға дайын тұрамыз. Жасан туралы да бұралқы сөз аз болған жоқ. Бірақ ол азамат ретінде оның бәріне қасқайып тұрып жауап берді. Ешкімнің ала жібін аттағанын, біреуді албаты ғайбаттағанын көрген емеспін. Менің үнемі айтатын бір сөзім бар: «біреуге еш жақсылық істеу қолыңнан келмесе де, ешқашан жамандық жасаушы болма!» деген.
Шыңғысханның: «біреуге жамандық, опасыздық жасаған адам саған да опасыздық, сатқын­дық жасауы мүмкін» дегенін де көп айтамын. Жасан дос жайында айтқанда оның басқаларға қастандық, қара ниет, опасыздық жасау мақсатындағы еш сөзін естімеппін. Қайта қашан да болмасын басқаларға көмектескісі келіп тұратын аңқылдақ, адалдығына, бауырмалдығына көп куә болдым.
Өз басым қоғамдық жұмыс­тарға көп араластым. Соның қатарында Ер Жәнібек есімін ұлықтау, Зуқа сынды халқы үшін басын берген баһадүрлерді жоқтау іс-шараларында жүрдім. Той – көптікі. Халықтан алады, халыққа береді. Бір байқағаным осындай игі істердің кеңесіне шақырылған кезде Жасан Зекейұлы еш екіленбейтін. Қолынан келгенін жасап беруге келісіп, бірден ортаға шығатын. Талай тар көпірде басқаларға жол көрсеткенін, қомақты қаржылық демеу бергенін көз көрді.
Жасан туралы айтылар сөз көп. Кітаптар да жазылды. Жазыла береді де. Ал менікі құлақ естіген емес, көзбен көрген Жасанның шынайы болмысы. Адамға адам баға берудегі оның бейнесін адами келбетінен іздеу керек дегендегі өз түйгендерім.
Жасан Зекейұлы ұлтын, елін-жерін жан тәнімен сүйетін нағыз қазақы азамат. Әңгімені де майын тамызып, «нағыз қазақша ғып» айтады. Тарих туралы да білері мол. Бауырмал, құшағы кең. Өзгеше жаратылысымен бағзы бабалардан қалған көне көздердің сарқыты сияқты.
Жасан Зекейұлының ердің жасы – елуге толған бүгінгі мерей­тойы қажырлы еңбекпен келген күндеріне есеп беру. Жәй ғана есеп беру емес жеңіс пен жеміске толы алтын азаматтықтың асқаралы шыңы. Алдында алар асулардың, бағындырар шоқылардың болжамын, сенімін жасайтын кемел кезі.
«Жасан дос, Жасан іні, Жасан ағам...» – деп бір толқи толғағаным бар еді. Бұл сөздің де өзіндік мәні көп. Жұртқа әрі дос, әрі іні, әрі аға болу екінің бірінің қолынан келмейді.
Жасан дос, Жасан іні, Жасан аға! Ердің жасы – елудегі тойың тойлардың басы болсын! Алла Тағала ақ ниетіңе әрқашан ақ жол ашып, еліңнің алдында жарқын дидарыңмен күндей күліп жүре бер. Тұғырың берік, туың биік болсын!
Халықтың қалаулы ұлы қашан­да өз халқының мақтанышы! Біз өзіңмен мақтанамыз.

Хабарласу