+7 (727) 390-19-19
+7 (727) 302-15-40
+7 (777) 232-18-71
+7 (717) 242-20-42
+7 (777) 277-85-99

Алматы қаласы, Әл- Фараби даңғылы-Розыбакиев көшесі
(Витебскея көшесі №42), жаңа атауы Жетісу 83а

 

Астана қаласы, Куйши дина 37/1

18.08.2017 ЕУРОПАҒА АШЫЛҒАН ТӨРТІНШІ ТЕРЕЗЕ (Сапар жайлы сөз)

Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы

 

Сол жақта: Винценцо Костиглиола, Еуропа медицина қауымдастығының президенті

Оң жақта: Джон Неттинг, Еуропа бизнес қауымдастығының Бас директоры

 

Осыдан бірнеше ай бұрын ғана кәрі құрлық саналатын Еуропадан қуанышты хабар жетті. Бұл реткі жол – Швейцарияның Люцерн қаласына түсті. Швейцария – Еуропаның орталық бөлігінде тұрған әлемдегі ең дәлме-дәл жүретін сағаттар мен ең биік  Альпі тауларының нақ жүрегінде орналасқан кішігірім мемлекет. Мемлекеттік тілі – неміс тілі. Экономика  деңгейі бойынша Швейцария әлем елдерінің арасында екінші орын алады.

Сол қуанышты хабарды алғаннан кейін,  2-ші шілде күні таңғы сағат 5:00-де Алматы әуежайынан Мәскеу арқылы Швейцарияға баратын бағыт бойынша ұшаққа отырдым. Ішімнен: «Алла Тағала, жолымды оңғара көр!» деп дұғамды да оқып алдым. Әр сапардың  өз кәдесі мен табысы  болады демекші,  осының алдында ғана Еуропа «Жас-Ай» медициналық орталығына «Халықаралық үздік клиника» атағын берген болатын. Енді, міне, сол клиниканың басшысы маған медицина саласы бойынша «ОКСФОРД Академиялық Одағының және Еуропалық Халықаралық Ассоциациясының докторы әрі профессоры» атағын беру туралы шақыртуын  жіберіп отыр.

Әрине, олардың мені 80 мыңнан астам  адамды емдеп, жазып, оның 13  мыңына тегін ем жасап,  5 мыңға жуық баланы ДЦП-дан сауықтырып, 4 мыңдай адамды инсульттен тұрғызып, 1-2,5 см-ге дейінгі бел омыртқа жарығы бар науқастарды отасыз орнына қойып және адамдарды жасартуға мүмкіндік беретін магниттік қолсағат ойлап тапқаным үшін шақыртып отырғаны белгілі. Әйтсе де, мұндай абыройлы атақты алу  бір кісіге оңай олжа емес және бұл марапаттың  маған қосымша жаңа міндеттер мен жауапкершіліктер жүктейтіні тағы бар. 

Қазіргі кезде дамыған заманауи медицинананың өзі де шешімін таба алмай жатқан біршама күрделі мәселелер бар: біріншіден – аурулардың жасарып кетуі, екіншіден – жазылмас дерттердің көбеюі, үшіншіден – жастарда бел омыртқа жарығының болуы, төртіншіден – сал ауруының жиілеп кетуі, бесіншіден – жүре алмайтын мешел балалар санының кемімей тұрғаны және т.б.

Осы мәселелерге орай, зерттеу жұмыс­тарымды Шығыс медицинасымен ұштас­тыра жүргізуді  жөн деп санадым. Мені жазылмай тұрған сол клеткаларды тірілту арқылы қайтадан жұмыс қабілетіне жеткізіп, жаңа туған баладай сау қалпына келтіруге бола ма деген ойлар көптен бері мазалап жүрген болатын...

Негізінде Шығыс медицинасымен емдеу ісін алғаш рет қытай елінен бас­таған едім. Кейіннен, Қазақстанға оралып өз маман­дығым бойынша жұмысқа аралас­қанымда бұл жақта шығыстық  мед­ицинаның теориялық және практика­лық жағынан да еш негізі жоқ екенін байқадым. Себебі, кеңестік империяның атеистік идеясының шырмауынан енді ғана шыққан жергілікті жұрт бұған күмәнмен қарайтын көрінеді. Содан шығыстық емдеу тәсілін жаңа ортаға бейімдеп, кірістіре бастадым. Бұл үшін өзімнің медицина саласындағы 30 жылдық тәжірибемді пайдаланып, әрі клиникада емделген науқастарды күні-түні қадағалаумен болдым. 

Мәселен, көзге көрінбейтін  шаңды 2 мың есе кішірейтсек, ол кішкентай клетканың мөлшерін көрсетеді. Сол клетканың жиынтығынан адам организмі құралады. Бұл клеткалардың 70 пайызы судан, ал қалғаны минералды қоспа заттардан тұратындықтан біз оларды Шығыстық ем бойынша алтын инені қондыру арқылы жаңадан өсіріп қалпына келтіру мүмкіндігіне ие болдық. Яғни, біздің ойлап тапқан жаңалығымыз бойынша «ағаштың бұтағынан тал шыбық еккендей» жаңа клетка өніп шығады. Және ол клетка организмді қалпына келтіреді. Мұндай теориялар Шығыс-Тибет медицинасы туралы жазылған бұрынғы трактаттар мен кітаптарда кездеспейді. (Көбінесе, жақсы ойды  адамның санасына Алла Тағала береді дейді ғой  және ол бізге әулие бабаларымыздың  түсімізге еніп, аян беруі арқылы жетеді). Міне, осы жаңалығымыз қазіргі таңда үлкен  сенсация болып отыр. Яғни, адам клеткасын жасартып, организмді қайта қалпына келтіруге және сол істемей қалған клетканың жұмыс функциясын оңалтуға болады деген сөз.

Швейцарияның Люцерн қаласына Мәскеуден Цюрих қаласы арқылы ұшып барғанбыз. Жергілікті уақытпен алғанда сағат 20:55-те  ұшақ қонды, әуежайдан біздің делегацияны Александр, Саша, Хаус деген үш жігіт күтіп тұр екен, бірден шара өтетін сарайға таяу орналасқан бес жұлдызды (Hotel Schweizerhof Luzern 5*) қонақ үйге алып келді. Әрқайысымыздың қолымызға жұмыс кестесіне байланысты бағдарлама буклеті берілді. (Сарай аты) Салтанат сарайға 300-400-дей адам жиналып үлкен конференция өтті және  халықаралық ОКСФОРД, ЕМА Академиялық Одағына жаңадан мүшелер қабылданды. Білім беру ісіндегі сапа тренингтері, стратегиялық тақырыптармен қатар адамның тір­шілігіне қажетті сапалы әрі пайдалы және организмге кері әсері болмайтын табиғи өнімдерді ғана тұтыну керектігі жайы талқыланды.

Конференция екі күн бойы жалғасты. Көптеген ойлар ортаға салынды, жоспарлар айтылды, нәтижелі қорытындылар да жасалды. Конференцияға әлемнің 49 елінен (Жапония, Америка, Африка және т.б) 300-ге жуық  ғалым қатысты. Түптеп келгенде, көбі Батыс медицинасының қалыптасып қалған емдік тәсілін жетік білетіндер. Негізі бәріміздің илеп жатқанымыз бір терінің пұшпағы. Медицина – жалпыға ортақ ұғым. Оны сенікі, менікі деп бөлудің қажеті шамалы.  Әр халық өзінің жасап жатқан ортасына қарай, салт-дәстүрі негізінде адам емдеуде өңірлік өзгешеліктер болады. Сол ұғым бүгінгі Батыс емі мен біз қолданып жүрген Шығыс емі. Бірақ екі медицинаның да мақсаты бір. Ол – адам өмірін ажалдан арашалау.

Ол жерде Гонконг, Дубай және батыс елдерінің бірнеше ірі медициналық орталықтарының басшылары болды. Сонда олардың сөзіне қарағанда Батыс медицинасы бірізділіктен жалыққан сыңайлы. Яғни, барлығы компьютермен атқарылады. Адамның таза ақыл-ойы мен өмірлік тәжірбиесін негіз етіп, науқасқа тамыр арқылы, бетпе-бет отырып диагноз қоя алатын дәрігерлер жоқ. Тек компьютермен диагноз қою, сосын кесіп алып тастау, болмаса басқа мүше алмастыру т.б. Бұл компьютер болмаған жерде көптеген дәрігерлер адам емдеуге, диагноз қоюға қауқарсыз деген сөз. Адамның табиғи ағзасын алып тастап орнына темірден болмаса басқа металдан салып беру қаншалықты тиімді. Шынын айтқанда бәрі бір Жаратушы әуел баста өзіңізге аманатқа берген он екі мүшеңізге жетпейді.

Сол жиналыста көптеген ғалымдар­дың назары менің сөзіме ауды десем артық айтпаймын. Себебі менің емім – табиғи. Яғни, өліп қалған болмаса зақымдалу арқылы қызметін тоқтатқан клеткаларды қайта жандандыру  арқылы өмірге қайта әкелу. Осы үдерісті олар жапон аппараты арқылы бақылап отырды. Яғни ине қондырылған аймақтағы жасушалар инеге магниттік тітіркендіруді жалғағанда қайта тірілетіндігі анық көрінді. Бұл деген – үлкен ғылыми жаңалық. Жаңағы дерттенген ағзаны кесіп алып тастауға қарағанда бұл нағыз ем. Бұл теорияны мен соңғы кезде шыққан екі медициналық кітабым «Бел омыртқа аурулары» мен «Акупунктураға» енгіздім. Бұл адамды жасартуға бола ма, деген сұраққа нақты жауап. Өмірлік тәжрибем негізінде өмірге келген ғылыми жаңалықтарымның бірі де осы!

Алғашқы күні түске дейін ХХІ ғасырда туындап отырған кейбір өзекті мәселелер төңірегінде баяндамалар оқылды. Мен әлемді алаңдатып отырған кейбір дерттердің жасарып келе жатқаны туралы баяндама жасадым. Оның ішінде қазір ересектермен қоса балаларда да жиі кездесе бастағанжүйкелік аурулар, химиялық жолмен қатырылған тағамдар әсерінен болатын ақыл-ес дамуының баяулауы сияқты көптеген ойлар қаузалды. Өзіміз соңғы кездері айналысып жатқан «адамды жасартуға бола ма?» дейтін тақырып бойынша алып барған «жасарту тұнбасын», «магниттік сағаттың» таныстырылымын жасадым. Оның адам организміне қандай пайда келтіретіндігін дәлелдеп шықтым. Біз қолданысқа шығармақшы болып отырған магниттік сағаттың адам ағзасын жасартуға көмектесетініне олардың көздері жетті. Сондықтан да бұл жаңалықты «Жас-Айдың» медицинадағы жетістігі емес, әлемдік медицинаның ортақ нәтижесі, жаңалығы деп қарады да: «Сіздің мына ғылыми еңбектеріңіз тіпті де мол зерттеу мен дәріптеуді қажет еді екен, өз еліңізде толық насихатталмапсыз» деді.

Олар алдағы күндері үлкен дайындықпен Қазақстанға келуді де жоспарлап отыр. Қазір медицинада телекөпір деген ұғым пайда болды. Маған сол жобаға қатысуға ұсыныс айтты. Яғни алыс жерден медициналық орталыққа жете алмайтын, жетіп болғанша өміріне қауіп төнуі мүмкін науқастарға, оған тік ұшақ та, өзге көлік құралдары да жетуге мүмкіндігі аз орындарға телефонның видеокамерасын қосу арқылы науқастың жағдайына қарап диагноз қойып беру, қандай ем қабылдауға кеңес айту. Бұл уақыт жағынан ұтымды әрі науқастың өмірін қауіптен құтқарып қалуға, халыққа тегін диагноз қоюға мүмкіндік  тудырады.

Әлем халықтары: «Швейцария жерін – жердің жәннаты» деп бекер айтпайды екен. Бұл жердің ауа райы да жайлаудың саф ауасындай салқын. Көшелері мұнтаздай таза. Менің айтайын дегенім, экологияның тазалығы мен  қаланың тазалығы ғана емес, жергілікті тұрғындардың санасының тазалығы. Пейілдері де өте кең екен, тіпті, танысын-танымасын бір-бірімен бас изесіп, мейірлене амандасып жатады. Ал жол сұраған адамдарға асқан ыждағаттылықпен дұрыс жауап беріп, мүмкіндігіне қарай уақытын да қиып, жөн сілтеп жіберетін зор адамгершілік қасиеттерінің куәсі болдым. Қаланың ортасында үлкен көл бар, онда аққулар емін-еркін жүзіп жүр. Кісіден үркіп-қашпайды. Бұл көл қаланың сәнін келтіріп тұр. Биік таудың етегіне  орналасқан Швейцария қаласы адамдардың да санасының биіктігін көрсетіп тұрғандай әсерге бөледі мені. Мұнда дүниенің төрт бұрышынан жер ұйығын іздеп келген туристер де аса көп. Әрине, жыл бойы жанталаса жұмыс істеп демалғысы келген адам, миына, жанына тыныштық беретін әрі өмір сүруіне қолайлы орта іздейді ғой.

Мені әсіресе қызықтырғаны біздің қазақ елінде қытай ұлтын көрсе атын ала қашып үркеді, ойбай қытай қаптады деп. Іс жүзінде сондай дамыған әлемде ешқандай соғыс болмаған Швейцария мемлекеті өте ақылдылық жасап отыр екен. Қытай мемлекетінің экономикалық қуатының қатты көтерілгендігі ондағы халықтардың тұрмысының жақсарып, әр адам жоғары болсын, орта жұмыстағылар болсын ай сайын 10-20 мың юань еңбек ақы алады екен. Содан қытайда ауқатты адамдар көбейіп, олардың туристік сапармен Швейцарияға барып жатқанын көрдім. Яғни олар өз елдерінен осында келіп Швейцария мемлекетінің экономикасына қаржы құйып кетеді.

Жалпы Швейцария өте бай мемлекет. Мұның байлығы мұнай мен зауыттан емес сияқты, өйткені зиянды түтін  шығарып жатқан ондай өндіріс орындарын байқай қоймадым. Ағылып жатқан туристерге әр үйдің, әр көшенің бойында демалыс орынына деп берілген 4*-5* жұлдызды  қонақ үйлердің көп екенін, сол қонақ үйге түсіп жатқан қаржылар мен туристердің сатып алып жатқан заттары, отырған транспорттары, тауға барғандағы, кемедеде жүргендегі, парктегі, түрлі театрға барғандағы  қаражаттары сол елдің қоржынына түсіп жатыр.

Конференция өткен үлкен сарайдың оң жағынан Швейцарияның әлем мойындаған сағатын сататын 8-9 этажды ғимаратты көрдім. Оған мұнда келген әр турист кіріп шығады. Өзіне ұнаған, жақсы көрген сағатын сатып алып, еліне алып қайтады. Бұл Швейцария мемлекетінің экономикасына қосылып жатқан аз  үлес емес деп ойлаймын. Сондай бренд тауарлары көп, сол арқылы өзара бәсекелестікпен дамып  жатқан ел екен.

Қытай ұлты ағылшынша да сөйлей алады, қытайша өзара сөйлей алады, сондай тәртіпті, мәдениетті адамдар және оларды жергілікті Швейцария халқы жақсы көреді екен. Қонақ үйдегі администратордан сұрап едім бұлар өте жуас, тәртіпті, бұлар келсе ешқандай бағамен де таласпайды, айтқан бағасын төлеп жүре береді, бізге ұнайтын халық деп айтқан болатын.

Еуропа медициналық қауымдас-тығының төрағасы, доктор Винценцо Костиглиола баяндамасынан көптеген жаңалықтарды білдік, әсіресе ол кісі менің медицинаға кіргізген жаңа теорияларыммен жасарту тұнбалары және адам өмірін ұзартатын аппараттарым жөнінде үлкен қызығушылық танытты. Оны бірлікте атқарып ары қарай адамзатқа жеткізуді, атқаруды да, өзінің пікірінде айтып қалды. Әсіресе менің докладтарым, менің жетістіктерім арқылы сұхбаттарымның көбін ағылшынша аударып алған екен. Қазақстан медицина­сының, Қазақстан халқын, Қазақстан ғалымдарының XXI ғасырдағы жаһан­дану кезіндегі әлемдік медицинаға дамыған алдыңғы 30 елдің медицинасына кіруге өзінің дәстүрлі халқының табиғи қанымен бірге сіңген, сонымен бірге өсіп келе жатқан осындай жаңа методикалармен көп үлес қосып кіретіндігін ескерте түйіндеді: «Қазақстан экономикалық даму жолына түскен мемлекет. Оны бұл елге келіп жатқан инвестиция көлемінен байқауға болады. Мемлекеттің гүлденуі Отансүйгіш, бастамашыл, үнемі ізденіс үстінде жүретін адамдардың арқасы деп білемін. Дәл сондай жандар медицинамен айналысса тіпті керемет дер едім. Бастысы денсаулық сақтау саласында көрсетілетін қызмет жоғары сапалы болуы керек!».

Винченцо Костиглиола  мен Нобель сыйлығын алған Тайвань елінен келген бір доктордың шәкірті бар бірнеше адам бір үстелде бас қостық. Тайваньдық жігітпен қытай тілі арқылы сөйлессем, Винченцо Костиглиоламен «Хабар 24» арнасынан барған Жанат қарындасым арқылы да жақсы әңгімелестік. Винченцо Костиглиогла уақыт шығарып маған тамырын да ұстатты. Менің тамыр ұстау арқылы қойған диагнозым өздерінің компьютеріндегі диагнозбен бірдей шыққанда, таң қалмасқа шаралары қалмады. Шығыс емінің тарихы батыстан әлдеқайда ұзақ екенін, әлемге мәшһүр Ибн Сина мен Әл-Фарабидей ғалымдардың ұрпағы екенімізді танып, біліп мойындап отыр. Алдағы жылдарда Қазақстан экономикалық даму жолына түскен ел болғасын, барлық мүмкіндіктерді қарастырып, оған инвестиция салатындықтарын айтты. Сосын барынша табиғи, таза дәрілерді жасауды Қазақстанмен бірлесіп іске асыру ойлары барын айтты.

Еуропалық сарапшылар қазақстан­дық дәрігердің кәсіби білік­тілігін жоғары бағалады, оның емдеу тәсіл­деріне қызығушылық танытып, байланыс орнатуға ниет білдірді.

Джон Неттинг,  Еуропа бизнес қауымдастығының Бас директоры:

«Жасан Зекейұлының осы байқауға қатысып, үздіктердің қатар­ынан көрін­геніне қуаныштымын. Еуропалық­тар үнемі таланттарды іздеп тауып, оларды ынталандырып отырады. Ал біздің әріптестеріміз Қазақстанда жұмыс істегенді қалайды және ол жақтағы мамандармен бірлесе отырып, медицинаның дамуына үлес қосуға әркез дайын!».

Сондай-ақ маған арнаулы кездесу ұйымдастырып мен сол «Хабар 24» агенттігінің журналисі Жанат арқылы ағыл­шынша тікелей аудармасының көмегімен және Тайваннан келген доктор қытай докторымен тікелей қытайша сөйлесіп, ол кісілер тарапынан да алдағы уақытта осындай халықаралық форумдарды неге Қазақстанда өткізбеске деген пікірлерін талқыладық. Осы талқылау барысында Астананың сондай дамығандығын, жақында ғана ЭКСПО-ның болғандығын оның 3 ай жалғасатындығын ескерттім. Сонымен қатар Халықаралық форумды ұйымдастырып жүрген және награда комитеттерінің барлығы бірігіп менің пікірімді қабылдап келешекте Қазақстанды дамытуға, инвестицияны Қазақстанға құйғызу мүмкіндік мол екенін, Қазақстандағы жер аумақтың өте  кең болуына байланысты ерекше  көмекті қажет ететін аурулардың дер кезінде қажетті  көмек ала алмай, диагнозын дұрыс қойдыра алмай, алыс шет жерден келгендерді сол бойынша бізбен бірігіп өкімет арқылы, өкіметтегі осы медицинаға жауапты органдар арқылы көптеген келісімдер жасап  бізбен бірігіп болашақта тың идеялармен  медицина бағытында жұмыс жасау керек екендігін және соны дамытуға бірден бір менің шарт жағдайым келіп тұрғандығын ескертті.

Өткен 2016 жылы ғана біздің «Жас-Ай» медицина орталығына «Халықаралық үздік клиника» атағы беріліп өздерінің сертификат, алтын ордендерімен марапттаған еді. Осы жолы да сондай клиникаларды марапаттады, олардың саны үшеу ғана. Соның екеуі жеңімпаз болды. Маған берген әсері үздік клиникалардың техника жағынан үздігі болып қана қоймай, адамдарға көмек жасау, адамдардың қажетіне қарай өміріне араша болып, дерттеріне шипа тауып, өздерінің жұмысын сапаландырып, әлемдік стандартқа сай істей алатындығын көрсетіп жатты. Менің бірден-бір қуанғаным өткен жылы бізге берген сыйлық әлемдік деңгейдегі клиника болып, соның стандартына кіргендігіне қуанып отырмын. Оның саны биыл екі клиникамен толықты.

ОКСФОРД Академиялық Одағы, Еуропа халықаралық қауымдастығының медицина саласы бойынша әлемнің Құрметті профессоры және докторының алтын алқалы ордені кеудеме тағылып жатқанда мен өзімді ерекше міндет арқалап жатқандай сезіндім. Яғни бұл маған емес қазақ елін бүкіл әлемге танытқан көшбасшымыз Н.Ә.Назарбаевқа және 25 жыл ішінде екі ғасырға жетерлік жетістікке жеткен әрі алдыңғы  30 елдің қатарына өтуге ат салысып жатқан туған халқыма берген құрметі деп ойладым.

Шет елде көптеген шаралар негізгі хал­ық­­­аралық тіл – ағылшын тілінде жүр­гізіледі екен, бірақ ұйымдастыру мәселесі бойынша құрылған орталықтарда әр делегацияның басшылық бөлімі болды. Міне, солар бізге барлық мәліметтерді орыс тілінде  жеткізіп отырды. Сонымен қатар арамызда өзімізге жақын шығыс елдері – Гонконг, Тайвань, Малайзиядан келген қытайлықтар көп болғандықтан қытай тілі де қолданылды екен. Мен қытай тілділермен тікелей қытай тілінде аудармашысыз сөйлесіп тәжірбие алмасуға мүмкіндік таптым.  Оның үстіне қазіргі уақытта ағылшын тілін  үйреніп жатқанымның да пайдасы тиді.

Ресейдің денсаулық сақтау министр­інің орынбасары Каграманян Игорь Николаевич  сөйлесудің сәті түсті. Олар арнайы келісім жасап, өздері емделуге және менің методикаларымды өз елдерінде таратуға уағдаластық жасасты. Осы емді практикалық түрде көрсетіп берсең деп өтініш айтты. Ол басшылардың өздері де Астанадағы ЭКСПО-ға барып және менің клиникамда ем қабылдауға дайын екендіктерін жеткізді.

Люцерн қаласын аралау өте сәтті жүрізілді. Қаланың жалпы көлемі үлкен. Швейцарияның халық саны – 7 миллиондай деседі. Сырттан келіп кететін халық басқаша есептелінеді екен. Жолбасшыларымыз бізді таудың басына алып шықты. Сонда түтіннің не жағымсыз иіс пен ауаның жайсыздығы  сезілген жоқ. Төңіректің бәрі жап-жасыл. Осылайша биік таудың басынан алаңсыз сімірген таза ауа кеңсірігімізді ашып, миымызды  демалтып тастады.

Адамдардың өте көтеріңкі көңіл-күйде жүретіндігі байқалады. Көлденең бір тал жіп, не шашылып жатқан қоқыс таппайсыз. Қаланың тазалығы ерекше. Кемелердің су бойында тоқтап тұрғанының өзінде де адамдар суға түсіп, сол жолдың бойында да күнге қыздырынып жата береді екен. Мынау тау етегінде орналасқан лагерьлер мен демалыс үйлері байқасаңыз барлығы керемет орналастырылған. Менің таң қалғаным: тамаша табиғаты бар таулы өңірдегі қау шөптің арасында өріп жүрген малды да байқаған жоқпын. Швецарияның табиғатын сақтау үшін бұл мемлекет қанша қымбат болса да ет өнімдерін шет елден сатып алатын  көрінеді. Сондықтан да ол жерде ет өнімдері өте қымбат тұрады екен.

Кейбір демалыс орындары мен қонақ үйлерге келген туристер мен қонақтарға арналған велосипедтер, жаңбыр жауса үстіне киетін киім және қолшатырларды шыға беріс жерлерге  қойған екен, оны тегін алып қайтадан орнына әкеліп қояды екен. Адамдардың санасының сондай биіктігін, сондай жақсы өскендігін, әдептілігін байқадым.

Әлбетте Алматы мен Люцерн қалаларын салыстыруға болады. Өйткені табиғатының тау етегіне орналасқан қала екендігі, біздің Алматы жерінің  көркемдігі, табиғатының сұлулығы, таулардың орналасуы әрі оның төңірегіндегі шатқалдар мен демалыс орындарының туристерге аралап көрсететін ерекше көз тұнарлық әдемі көріністері  Швейцариядан еш кем емес деп ойлаймын. Ол біраз жылдар бойы өсіп келе жатқан мемлекет, соғыс көрмеген, халқы да ерекше мәдениеттілігі сақталған. Біздің Алматы төңірегіндегі халық та мәдениеттілікке ауысса, тазалыққа мән берсе, жеке шыққан туристер, жеке шыққан отбасы өздерімен ала шыққан заттарын, сол тау етегіндегі шатқалдарға шөптерге, орман және су бойларына қағаз, қоқыстарды тастамаса, өздерімен бірге алып кетіп отырса, мынау ауаға кетіп жатқан газдың түтіндерін қалыпсыз, сапасыз көне машиналардан шығып жатқан түтінді ретке келтірсе, бензиндердің сапасын жақсартса түтіннің де азаятындығы сөзсіз. Біздің Алматымыз Швейцариядан кем болмайды деп ойлаймын тіпті кейбір қызмет түрлері жағынан Швейцариядан асып кететін жерлерін байқадым. Яғни ақкөңілділігі, қонақжайлылығы дастархан жайып, осы киіз үй тігіп отырған Алатау, Алма-Арасан шатқалдарындағы туристік орындарды, тағамдарымызды  ретке келтірсе  оны дамыта білсек, әлемдік стандарт бойынша тауарларды бренд ғылып шығарсақ, сол тауарларды  табиғатты дұрыстап дайындап туристерге қалыптастыра білсек біздің Алматы Швейцариядан кем болмайды. Алатау етегіндегі Алматымыздың да  әлем туристері жиналатын әрі дем әрі ем алатын орынға айналатынына сенімім мол.

 Менің ұстанымым: Шығыс медици­насы арқылы адамзатты құтқару, қол­ұшын беру, емдеу және сол жолда  шынайы болу, әділетті болу, таза болу, нау­қастарға ақ жүрегіңмен көмек жасау. Егер алдыма қиналып келген дімкәс жанға қолұшымды бере алсам, оны емдеп, ауруынан сауықтыра алсам міне, менің негізгі мақсатым осы! 

Ең бастысы – адал еңбек! Атақ та, даңқ та сіздің адал еңбек еткеніңіз үшін беріледі. Сол еңбек сізді жетістікке жеткізеді. Еңбегіңнің тері ащы болса, ол таза болады, егер халықтың игілігіне жараса, атақ пен абырой дегеніңнің бәрі өзі-ақ сені іздеп келеді. Оған күмәніңіз болмасын. Мен осы ұстанымымды өзегртпеймін. Ал енді әлемдегі басқа клиникалардан көп алып-қосарым жоқ.  Өйткені мен құрған клиниканың өз жарғысы, ұстанымы, заңы және тәртіптері бар. Әлемдік стандарттағы «халықаралық үздік клиника» кімге де болса үлгі болатын клиника, соның арқасында мен үздік ғалымға атанып отырмын. Сондықтан біз көп өзгерістер жасай қоймаймыз, бірақ жұмысымыздың реформасын әрі қарай тереңдетіп, жұмысымызды, емімізді көбейту және ем алуды жалпы жұртқа қол жетімді ету, сонымен қатар қанатымды кеңге жайып, 12 облыста да филиалдарымды ашсам деген ойым бар.

Мен біздегі БАҚ саласының басшыларына алғыс айтқым келеді. Осы шара басталып жатқан кезде Швейцарияға барып «Хабар 24» арнасының тілшілері «Қазақстандық профессорға құрмет көрсетілді» деген тақырыппен арнайы телерепортаж жасады. Елге келгесін әлі күнге дейін өзге де газет-журнал, радиоларда сұхбат беріп  жатырмын.

Сөздің шынын айтар болсам, олар 10 жыл бойы өз  ұстанымдарынан қайтқан жоқ. Осы 13 жыл ішінде, бірінші - Халықаралық «Сократ» атындағы орденді берді, екінші - Вена халықаралық университетінің «Құрметті профессоры» атағын берді, үшінші - «Жас-Айды» әлемдік үздік клиника деп таныды, міне төртінші рет тағы шақырды. Олар менің жүргізген жұмыстарымды  3 жыл көлемінде зерттеп, зерделеп барып осы атақты «үздік профессор» атағын беруді шешіпті.

Бұл бір тамыр-таныс арқылы, болмаса өзгеде төте жолдар іздеу арқылы қолға келе салған жеңіл-желпі атақ емес. Олай болуы мүмкін де емес. Олар өздері назарына алған адамды үнемі бақылауда ұстап отырады. Түбі көздеген биіктерінен көргісі келеді. Ол үшін біздің мемлекеттен рұқсат сұрап, жолдама арқылы қабылдауды қажет етпейді. Нобель сыйлығының өзі сайлану тәртібі солай. Жалпы халықтық көзқарасты негіз етеді. Бұлардың ұстанып отырғаны да осы принцип. Сондықтан саясатқа, мемлекетке бағынбайтын үлкен ұйымдар, қорлар бізге де керек. Бұл арада тек ғылыми атақтарды бағалау, анализ жасау жағын айтып отырмын. Мен ешқандай атақтың да, орден-медальдің де соңынан ерген емеспін. Еңбегімізді бағалаған мемлекеттік, халықаралық ұйымдар мен одақтар өз марапаттарын қабыл алуымызды ұсынады. Тіпті маған ешқандай атақ та, даңқ та керек емес екендігін айтып жүрмін. Жалпы, қандай атаққа қол жеткізсеңіз де, бәрібір өз ұлтыңыздың ықыласты батасынан аспайды.

 

Алматы-Мәскеу-Швейцария-Люцерн-Астана

Жасан Зекейұлы

«Жас-Ай» медициналық орталығының Бас директоры,

Медицина ғылымдарының докторы, профессор, академик,

ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі, Вена Халықаралық университетінің «Құрметті профессоры»,

Халықаралық «Сократ» атындағы орденнің, құрамына 193 мемлекет кіретін Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық «Құрмет белгісі»

орденінің иегері,

Оксфорд академиялық одағының және медицина саласы бойынша Еуропалық  Халықаралық Ассоциацияның (ЕХА)

 докторы әрі құрметті профессоры

 

 

 

 

Хабарласу