+7 (727) 390-19-19
+7 (727) 302-15-40
+7 (777) 232-18-71
+7 (717) 242-20-42
+7 (777) 277-85-99

Алматы қаласы, Әл- Фараби даңғылы-Розыбакиев көшесі
(Витебскея көшесі №42), жаңа атауы Жетісу 83а

 

Астана қаласы, Куйши дина 37/1

09.08.2017 Астанада аламан айтыс өтеді

Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына орай өткізілетін «РУХ ЖАҢҒЫРЫҒЫ» атты халықаралық ақындар айтысының ережесі

 МАҚСАТЫ:

 «XXI ғасырдағы ұлттық сана туралы» бағыттарды басшылыққа алу және «таяу жылдардағы міндеттерді» іске асырудың тетіктерін жырлау.

 ТАҚЫРЫПТАРЫ:

  1. «Ұлттық код»
  2. «Ұлттық мәдениет»
  3. «Қазақстандағы 100 жаңа есім»

 АЙТЫСТЫҢ ӨТКІЗІЛУ ТӘРТІБІ:

  1. Ақындар 12 қыркүйекте келіп, тізімге алынады.
  2. Айтыс Астана қаласындағы «Қазақстан» орталық концерт залында 13 қыркүйек сағат 10:00-де басталады (жеребе тарту рәсімі және ақындардың жұпталуы сахнада өтеді).
  3. Қатысушы ақынның жол қаражатын жіберуші жақ, ал жатын орыны мен тамағын ұйымдастырушы жақ көтереді (екі күн).

 АЙТЫСКЕРЛЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

  1. Ақындардың жасына шектеу қойылмайды.
  2. Айтыстың мақсатын білу, тақырыпты аша алуы.
  3. Айтыскердің қарсыласы және көрермен алдындағы мәдениеті (сөзге тоқтауы, көрерменмен байланысы, сахна мәдениеті, киім үлгісінің жарасымдылығы және домбырада ойнау шеберлігі ескеріледі).
  4. Айтысқа еліміздің барлық аймақтарынан және алыс-жақын шетелдерден ақындар қатыса алады.

 АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ІІ КЕЗЕҢНЕН ӨТЕДІ:

  1. І кезең – іріктеу кезеңі (Қазылар алқасы ақындардың айтыстағы сөз саптауына, ойының ұшқырлығына, тапбермеде ұтымды сөз таба алатынына қарай отырып 10 айтыскерді анықтайды).
  2. ІІ кезең – ақтық кезең (Іріктеуден өткен 10 айтыскер қатысады).

 АЙТЫСТЫҢ РЕГЛАМЕНТІ:

  1. Әрбір жұпқа 20 минутқа дейін уақыт бөлінеді.
  2. Түскі үзіліс 13:00 – 14:00-ге дейін.
  3. 14:00-де айтыс жалғасады.

 ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ:

  1. Қазылар алқасының құрамына мәдениет және өнер қайраткерлері кіреді (5 адам).
  2. Қазылар алқасының шешімі қайта қарауға жатпайды.
  3. Қазылар алқасының шешімі хаттамамен рәсімделеді және оның барлық мүшелері қол қояды.
  4. Қазылар алқасы белгіленген сыйлықтың барлығын бірдей бермеуіне немесе бір сыйлықты екіге бөліп беруіне құқылы.
  5. Қазылар алқасы айтыскерлердің өнерін 5 балдық жүйе бойынша бағалайды.
  6. Қазылар алқасы ақындардың сөз саптауы дұрыс болмаған жағдайда тоқтатуға құқылы.

 АЙТЫСТЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ ЖӘНЕ МАРАПАТТАУ:

Ақындардың өнерін қазылар алқасының құрамы бағалап, жүлдегерлерді анықтайды. Жеңімпаздарға ақшалай жүлде және дипломдар табыс етіледі.

 Жүлде қоры:

Бас жүлде – шетел автокөлігі.

І орын (біреу) – 2 000 000 теңге.

ІІ орын (біреу) – 1 000 000 теңге.

ІІІ орын (біреу) – 500 мың теңге.

Ынталандыру сыйлығы (төртеу) әрқайсысы – 200 мың теңге.  

«Академик Жасан Зекейұлы атындағы арнайы жүлде».

 ҚАТЫСУШЫЛАР НАЗАРЫНА:

Айтысқа қатысушы ақындардың өтініштері мен құжаттары (өзі туралы анықтама, сапалы түсірілген суреті, жеке куәлігінің көшірмесі) 2017 жылдың 1 қыкүйегіне дейін төменде көрсетілген мекен-жай бойынша қабылданады.

Астана қаласы, Күйші Дина көшесі, 37/1. «Жас-Ай» медициналық орталығы.

Байланыс телефондары: 8/7172/ 42-20-42, +7 775 193 45 99, +7 777 277 85 99.

Электронды пошта:  astana.jasai@mail.ru

 

 Қосымша анықтама:

 

 

  Аты-жөні:

 

 

 

 

 

 

 

Фотосурет орны

 

 

Туған жыл, ай, күні

 

 

 

 

Туған жері

 

 

 

Жұмыс/оқу/ орны

 

 

Байланыс телефоны

 

 

 

Электронды  поштасы

 

 

 

Қатысқан айтыстарының аудио, видео нұсқасы (мүмкін болса сілтемесі)

 

 

 

Айтыстағы жетістіктері

 

Қай жылы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Хабарласу