+7 (727) 390-19-19
+7 (727) 302-15-40
+7 (777) 232-18-71
+7 (717) 242-20-42
+7 (777) 277-85-99

Алматы қаласы, Әл- Фараби даңғылы-Розыбакиев көшесі
(Витебскея көшесі №42), жаңа атауы Жетісу 83а

 

Астана қаласы, Куйши дина 37/1

28.06.2017 ЖАНДАРЫ ЖӘННӘТТА ЖАЙ ТАПҚАНДАР

Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы

ЖАНДАРЫ ЖӘННӘТТА ЖАЙ ТАПҚАНДАР

        Ағымдағы жылдың 25-ші жұлдызында, нақтырақ айтқанда, «Ораза айтының» бірінші күні академик Жасан Зекейұлы мен Астана қалалық «Нұр Отан» партиясының жауапты хатшысы Дәурен Ұлықпанов және Алаштанушы Айдын Ырысбекұлы «өлі риза болмай, тірі байымайды» дегендей, Астананың «Жастар» шағын ауданындағы «Қараөткел» қорымына барып, марқұмдардың рухына дұға бағыштап, құран оқыды.  Сол күні осы жердің шырақшысы Смағұлұлы Құрбан ақсақалға  жолығып, қорым жайлы біраз мағлұматтарға да қанығып қайтқан еді.

       Бұл қабірстанның тарихы 1609–1962 жылдар аралығын қамтиды. Мұнда  2169 құлпытас сақталған, қазірге дейін  262 адамның аты-жөні анықталған. Осы қорымда Тәуке ханның ұлы Сәмеке, Ақмоланың негізін қалаушы аға сұлтан Қоңырқұлжа Құдаймендин, Бөгенбай, Қабанбай, Кенеса­ры, Амангелді батырлардың сарбаздары, көпес Баймұхамед Қосшығұлов, діні мұсылман халыққа белгілі Самарқан, Бұхар, Қазан қалаларында туған қайраткерлер жерлен­ген деген деректер бар. Араб, парсы, төте жазумен жазылған құлпытастар белгілі. Сонымен қатар, бұл жерде атақты Балуан Шолақты ғашық еткен Ғалия Тілеуқызының зираты да бар. Оның  құлпытасына: «1922 жылы 23 апрельде. Руы Қалыбек. Ғалия Ғалыжамағаты Тілеуқызы 48 жасында фәниден бақиға рахат айлады. Алла Тағала рахмет айлап, жанын Жәннаттан айласын. Алғандары әруағына бір дұға еткізді», – деп Шағатай тілі үлгісінде төте жазумен таңбаланған (тәржімалаған Ұларбек Дәлейұлы). Ескерткіш тасты Ғалияның күйеуі Ғалы Құрақбаев орнатқан.

        2011 жылы Мәслихаттың шешімімен қорғау аймағы мен құрылысты реттеу аймағының ше­каралары бекітіліп, «Қараөткел» қорымы маңына «Қорғау тақтасы» орнатылды.

       Бұғанға дейін, иесіз, сұраусыз, жоқтаусыз, қараусыз жатқан  «Қараөткел» қорымын (нақты тарихи атауы «Көкбел» зираты) қамқорлығына алып, қоршап, қаңғыбастардан, немесе бөгде ниетті сүмелектерден сақтап келген Астаналық «Рух» қоры. Сол қордың  басында марқұм, жазушы Әскен Нәбиев және мемлекет қайраткері, ақын Кәкімбек Салықов, Елтаңба авторы архитектор Шота Уәлиханов (зираттың қоршау, қорғау жобасын бекіткен Иманғали Тасмағамбетов), кәсіпкерлер Абай Найманов пен Микаил Гуцериев, ғалым Марат Әбсеметов («Рух» қорының төрағасы), «Рух» қорының мүшелері - Каирдегі Әл-аскар университетінің түлегі, аға-сұлтан Ибрай Жайықбаевтің тікелей ұрпағы, шығыстанушы-ғалым Марат Смағұлов, кәсіпкер Салман Гуцериев және араб тілінің маманы, Стамбул университетінің түлегі Жарылқасын Сатыбалдин қатарлы адамдар.

         Кенесары ханнның Ақмола бекінісін  шапқанда шейіт болған 255 жауынгері де осы қорымға жерленіп, басына құлпытас қойылған. (Тарихи деректер бойынша, оларды полковник Шубиннің отряды алдап, қақпанға  түсірген).        

       Сондай-ақ, Алаш автономиясының Президенті әрі Премьер-министрі Әлихан Бөкейханның туған күйеу баласы, Алаштың тағы бір біртуар азаматы, мемлекет және қоғам қайраткері Смағұл Сәдуәқасұлының мәйіт күлі де осы қорымға қайта жерленген.  Бәрімізге мәлім, 2011жылы  қаңтардың 21-і күні таңғы сағат 7:15-те «Мәскеу - Астана» бағытындағы №874 ұшақпен, осыған дейін Мәскеу жанындағы Дон зиратының ғимаратында арнайы ыдыста сақталып келген Смағұл Сәдуақасовтың мәйітінің күлі қойылған кортеж Алаштанушы-ғалым Дихан Қамзабекұлының  бастауымен елордаға жеткізіліп,  Тәуелсіздік даңғылының бойымен жүріп өткен болатын.

        Шырақшымен арадағы  сүт пісірімдей уақытқа созылған сүбелі әңгімеден кейін Жасан Зекейұлы: «Ақсақал, қазақтың кілең жақсы мен жайсаңы жатқан мәңгілік мекеннің шырақшысы болу да- үлкен мәртебе емес пе? Сізге күллі Алаш жұртының атынан ризашылығымды білдіремін және менің «Жас-Ай» медициналық орталығыма келіп ем-дом алуыңызға мүмкіндік жасаймын, сонымен бірге, ай сайынғы жалақыңызды төлеп тұратын боламын. Сізге ертең хатшым хабарласады. Соған байланыс телефоныңызды және төлем карточкаңыз бен жеке куәлігіңіздің көшірмесін берерсіз» деді.

       Жасан Зекейұлының қамқорлығына тәнті болған Құрбан атамыз: «Айналайын, қайда жүрсең де жолың ашық болсын. Қазақтың сендей азаматтары көп болсын!» деп, қайта-қайта рахметін айтумен болды.

       Иә, жандары жәннәтта жатқан аға-апаларымыздың рухы бізді қолдап,  желеп-жебей гөр!

      

      

 

 

Хабарласу