+7 (727) 390-19-19
+7 (727) 302-15-40
+7 (777) 232-18-71
+7 (717) 242-20-42
+7 (777) 277-85-99

Алматы қаласы, Әл- Фараби даңғылы-Розыбакиев көшесі
(Витебскея көшесі №42), жаңа атауы Жетісу 83а

 

Астана қаласы, Куйши дина 37/1

12.06.2017 Аяғымнан тұрғызып, айықпас дерттен айықтырған – «Жас-Ай»

Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы

Аяғымнан тұрғызып, айықпас дерттен айықтырған – «Жас-Ай»

      Мен 1986 жылдан бері зоб дертінен құтыла алмай келемін. 2005 жылдан бастап жүрек соғуының жиілеуі дейтін ауру жабысты. Осы жылдар ішінде Қызылорда облыстық орталық ауруханасында ем алдым. Кейін олар: «Сіздің дертіңізді біз емдеуге қауқарсызбыз, республикамыздағы үлкен қалаларда ем алғаныңыз жөн»,– деп шығарып салды.  Сөйтіп біраз уақыт үйде төсек тартып, жатып қалдым. Бір күні үйге жақындарымыздың бірі көңілімді сұрай келіп, қолыма «Жас-Ай» медициналық ғылыми-ақпараттық журналын ұстатты.  Кешкісін балаларым келгесін оларға осы орталық жайлы айттым. Журналда көрсетілген сайт бойынша барлық ақпараттарды алдық.

2014 жылдың наурыз айында алғаш «Жас-Ай» медицина орталығына келгенімде денсаулық жағдайым тым нашар болатын. Профессор ЖасанЗекейұлы тамырымды ұстап: – ми қантамырларыңыз құрғаған, сол себепті қан айналысыңыз жақсы емес, дұрыс жүріп-тұра алмайсыз, – деді. Шынында да мен үшін бір адым жер басу мұң еді.

    Бұл орталықта маған ең ұнағаны дәрігерлердің мәдениеттілігі мен жылы қабағы болды. Ешкім жөн-жосықсыз диагноз қойып, дәрі тағайындап мазамды алған жоқ. Барлығы да сыпайы, ибалы қызмет көрсетті. Диагнозыма қарай күнделікті алтын ине қабылдадым, өзге де шығыстық емдік шаралардан өттім, әйтеуір ем күн өткен сайын әсер беріп, жаға бастады. Алғашы он күндік ем аяқталар кезде Жасан Зекейұлы: «Сіз бір апта демалып, қайтадан ем жалғастырыңыз» деді. Мен сасып қалдым. Себебі, өзге науқастар бір курстық ем біткен соң, бір ай, немесе одан да көп уақытқа демалады екен. Ал маған бір-ақ апта.  Кейін Бас дәрігерден неге жиі ем алуға тура келді деп сұрағанымда, – Сіз дертіңізді асқындырып, емделу уақытын өткізіп алғансыз, мен сізді 3 курста аяғыңыздан тұрғызғым келеді, сол үшін бізге жақсы сәйкесіңіз», деді. Қазір өзіңіз көріп отырғандай мен дертімнен толық айықтым. Негізі Жасан Зекейұлы айтқанында тұрды, мен алғашқы курста-ақ аяғымнан тұра бастадым, үшінші курста толық сауықтым, жүрегімнің қызметі де қалпына келді. Сіздердің ауырып жатқан науқастарға жылы шырай таныта белетіндіктеріңіз, бір-бірлеріңізге сыпайы сөйлейтіндеріз қатты ұнады.

    Сіздерге алғысым шексіз, әсіресе, Жасан Зекейұлына ұзақ ғұмыр тілеймін. Ол кісінің бала-шағасына, отбасына береке-бірлік, табыс тілеймін. Анасы бар екен ол кісіні де көрдім. Халқымыз, «Алып анадан туады» дейді. Сол асыл анасы аман болсын.

 

Ибадоллаева Шолпан Жұмаділдақызы

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Нартай ауылы

 

 

Хабарласу