+7 (727) 390-19-19
+7 (727) 302-15-40
+7 (777) 232-18-71
+7 (717) 242-20-42
+7 (777) 277-85-99

Алматы қаласы, Әл- Фараби даңғылы-Розыбакиев көшесі
(Витебскея көшесі №42), жаңа атауы Жетісу 83а

 

Астана қаласы, Куйши дина 37/1

10.04.2017 «Жас-Ай» дертімізге шипа, жанымызға қуат берді

Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы

Бибоз Шаяхметов,
Атырау облысы, Құрманғазы ауданының әкімі    

«Жас-Ай» дертімізге шипа, жанымызға қуат берді

     Мен қант диабеті дертімен 17 жыл бойы ауырамын. Осы жылдар ішінде еліміздегі біраз медициналық мекемелердің табалдырығын тоздырдым. Жақында Алматыда «Жас-Ай» медициналық орталығы бар екенін естіп, осында жұбайымды ертіп, арнаулы емделуге келдім. Қазір жағдайым жақсы, өткен күндерге қарағанда көп сауығып қалдым. Алғашқы 10 күннің өзінде-ақ өзімді жеңіл, сергек сезініп отырмын.
Нүктелі массаждың пайдасы көп екен. Мемлекеттік қызметте көп жүргесін, үнемі бір орында қозғалмай ұзақ уақыт отырып жұмыс істейміз. Бұл буындарға тұз жиналуға себеп болып, бұлшық еттердің қызметін әлсіретеді. Осы жағына нүктелі массаждың әсері көп болды. Одан кейін, арқаға банкі қою ет пен терінің арасына жиналған арам қан мен суықты сорып шығарады екен. Буындарға, денеге жиналған салқын мен жел-құздың әсерін, түрлі шөп дәрілердің қайнатпасынан әзірленген бөшкеге 1-2 рет отыру арқылы кетіруге болады. Жалпы, шығыстық емдік тәсілдердің қай түрі болмасын, табиғи, емдік әсері күшті екен. Менің қантым бұрын 20-ға дейін көтеріліп жүретін, қазір 6,4-ке түсіп қуанып отырмын.
Бұл ешқандай қосымша емсіз, тек қана шығыс емінің, соның ішінде алтын иненің көмегі арқылы болды. Бұрын өзгелердің аузынан естігенде көп мән бермей, сенбеуші едік, қазір өз басымыздан өткесін бәрін де түсіндік. Жұбайымыз екеуіміз қатты ризамыз. «Жас-Ай» медициналық ғылыми-ақпараттық журналының бар екенін де осында келгесін білдік. Қазақ тілінде шығатын мұндай басылым біз жаққа таралмаған. Халыққа ауырмаудың жолын көрсетіп, пайдалы емдік кеңестер беріп келе жатқан бұл журналдың Елбасымыздың саламатты өмір салтын ұстану бастамасын насихаттауда үлесі зор. Сосын сіздердің алыстан келіп ем алам деушілерге арнап салдырған ғимараттарыңыз өте жайлы, заманауи. Ішінде 3 уақыт тамағы да қамтылыпты.
Еліміздің іші-сыртына танымал ғалымдар, Елбасымыздың жанында қызметте болған кейбір білікті ағаларымыз, әр саланың мықты мамандарының барлығы осында келіп Жәкеңе тамыр ұстатып, ем қабылдапты. Мұны сол кісілердің өз қолымен жазған алғыстарынан, фото естеліктерінен көрдік. Бұл Жасан Зекейұлының нәтижелі ем жасай білген еңбегінің, білімінің арқасы. Жалпы, «Жас-Айдың» халыққа жасап отырған қамқорлығы мен еңбегі бағалауға тұрарлық. Алдағы күнде осындай халықаралық дәрежедегі үздік емхананың бар екендігін, қазақ тіліндегі медициналық басылымның бар екендігін өз халқымызға насихаттай жүруге, оның таралым қызметіне мүмкіндігімізше көмек қолымызды созуға әзірміз.

     Қалампыр Әділова:
Мен буын ауруларымен бірге, зоб дерті бойынша «Жас-Айға» емделуге жұбайыммен бірге келдім. Алғаш келгенде баспалдақпен 2-3 қабаттарға көтерілгенде қиналып қалатынмын. Тынысым тарылып, алқынып кетем. Қазір мұның бәрі жоғалды. Түнде буындарым сырқырап, кейде тыныш ұйықтай алмай шығушы едім, 9 күн ішінде бұл да басылды. Алтын ине қабылдаумен қатар, шөп дәрілер ішіп жатырмын. Сосын мұнда диеталық тағамдар ұсынады екен. Саумал, ешкінің сүті сияқты. Осы тағамдардың да өзіндік әсері болып жатыр. Ерекше атап өтер бір жағдай, дәрігерлер мен мейір бикелердің барлығы өте кішіпейіл, сыпайы, жылы жүзді, өз ісінің мамандары екен. Халықта айтады ғой: «мықты дәрігер науқасты жылы сөз арқылы, психикалық тұрғыдан да емдейді» деп. Мұны осы емханадан көрдік. Ем қабылдау барысында дәрігерлерге сенімім артып, көңіл-күйім сергек болды.
    Жалпы, жұбайым екеуіміз орталықтың көрсеткен қызметіне өте ризамыз. Алдағы күнде жалғасты ем қабылдауды жоспарлап отырмыз. ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі, Халықаралық «Сократ» орденінің иегері Жасан Зекейұлына айтар алғысымыз шексіз. Алла ол кісіге ұзақ ғұмыр берсін. «Жас-Ай» жарқырай берсін!

Алматы
2017 жыл, ақпан айы

Хабарласу