+7 (727) 390-19-19
+7 (727) 302-15-40
+7 (777) 232-18-71
+7 (717) 242-20-42
+7 (777) 277-85-99

Алматы қаласы, Әл- Фараби даңғылы-Розыбакиев көшесі
(Витебскея көшесі №42), жаңа атауы Жетісу 83а

 

Астана қаласы, Куйши дина 37/1

12.04.2017 ҮЗДІК ОТЫЗДЫҚҚА АПАРАР «100 НАҚТЫ ҚАДАМ»

Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы

ҮЗДІК ОТЫЗДЫҚҚА АПАРАР «100 НАҚТЫ ҚАДАМ»

      Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры туралы үкімет қаулысына орай,  181 өзгеріс енетін заң жобасы әзірленіп жатыр. Мұның аясында 6 кодекс пен 13 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген. Бұл жаңа жүйені іске қосуға қажетті алғашқы өзгерістердің легі деуге болады. Аталмыш қадамдарға байланысты ҚР Денсаулық министрі Е.Біртановтың 2017 жылдың 3  ақпаны күнгі №01-10/1774 шығыс хатында көрсетілгендей, МӘМС жүйесіне түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша «Жас-Ай» Шығыс-Тибет медициналық орталығының бас директоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор, академик Жасан Зекейұлының кандидатурасы сарапшылар тобына енгізіліп отыр.

«100 нақты қадам» Ұлтжоспарының тікелей медицина саласына қатысы бар бөлімдері туралы Жасан Зекейұлының пікірімен таныс болыңыздар.

 

     «Нұрлы жол – болашаққа жол» бағдарламасы енді «100 нақты қадам» ұлт жоспарымен толықты. Жоспардың мақсаты «АУРУЛАР­ДЫҢ СЫРТҚЫ БЕЛГІЛЕРІН» СЫЛАП-СИПАП ҚОЮ ЕМЕС, ОЛАРДЫ «ЖҮЙЕЛІ ЕМДЕУ» болып табылатын қоғам мен мемлекетті түбегейлі қайта өзгертуге негіз қалайды.
      2016 жылдың 1 қаңтарынан оны іске асырудың практикалық кезеңі де басталып кетті. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев бұл ұлт жоспарын-«әлемдік бағдарлама» деп атап отыр. Оны неден бастау керектігін де өзі айтты. «Аталған ілкімді істердің барлығы дамыған 30 елмен тереземізді теңестіріп, дамудың даңғыл жолына түсуге жаңа мүмкіндіктер ашады», – дейді Нұрсұлтан Назарбаев.
      Аталмыш жоспар негізіне 5 иституционалдық реформалар кіреді:
     І. Кәсіби мемлекет аппаратын құру
    II. Заңның үстемдігін қам­тама­­сыз ету
   ІІІ.Индустрияландыру және экономикалық өсім
   IV. Біртектілік пен бірлік
   V. Есеп беретін мемлекет­ті қалыптастыру
   Бұл «100 нақты қадам» ұлт жоспары қоғам өм­ірі­­­нің шешуші салаларын жаңғыртуға бағытталған. Президен­тіміз­дің өзі айтқандай, мемлекетіміздің бұл жаңғыруы – оның үшінші мәрте жаңғыруы болып табылады: «Қазақстанның Бірінші жаңғыруы бәріміздің есімізде. 25 жыл бұрын КСРО-ның қирандысынан шығып, өз жолымызды қалай бас­тағаны­мыз жадымызда тұр. Сол кезде біздің буын іргетасынан бастап қолға алып, әлем картасында болмаған жаңа мемлекет құрды.
Жоспарлы экономикадан нарық­тық экономикаға көшу жүзеге асырылды. Біздің бәріміз бірлесіп, сол кезде елімізді күйреуге, азамат соғысына, экономикалық күйзеліске ұшыратпағанымыз мен үшін өте маңызды. Қазақстан бұл кезеңде аз шығын шығарып, зор жетістіктерге қол жеткізді.
   Екінші жаңғыру «Қазақстан-2030» стратегиясының қабылдануы және жаңа елорда – Астананың салынумен басталды. Оның нәтижелі болғаны дау тудырмайды. Еліміз экономикалық тұрғыдан артта қалған аймақтан шығып, әлемдегі экономикасы бәсекеге қабілетті 50 мемлекеттің қатарына кірді. Табысты өткен екі жаңғыру арқылы баға жетпес тәжірибе жинақтадық.
Біз енді алға батыл қадам басып, Үшінші жаңғыруды бастауға тиіспіз. Бұл жаңғыру – қазіргі жаһандық сын-қатерлермен күрес жоспары емес, болашаққа, «Қазақстан-2050» стратегиясы мақсаттарына бастайтын сенімді көпір болмақ. Ол Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» базасында өткізіледі» - дейді Нұрсұлтан Әбішұлы.
    Әрине, аталмыш қадамдар еліміздің дамуына үлкен серпіліс алып келеді. Бұл жоспарды іске асыру ең алдымен Қазақстанды 30 дамыған елдің қатарына қосып, еліміздегі барлық қызмет түрлерін халықаралық деңгейге көтермек. Президент ұсынған реформалар өмірдің барлық саласына қатысты. Олардың бірі – денсаулық сақтау жүйесін түрлі аспектілер бойынша нығайту.
Президент денсаулық сақтау саласын дамудың жаңа кезеңіне 3 нақты қадам арқылы көтеруді ұсынып отыр:

    80-ші қадам. МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТ­ТІК МЕД­ИЦИНА­ЛЫҚ САҚТАН­ДЫРУ­­ДЫ ЕНГІЗУ.
Мемлекет, жұмыс беруші және азаматтың ынтымақтас­қан жауапкершілігі қағидаты негізінде денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық орнықты­лығын күшейту. Бас­тапқы мед­­ициналық-санитар­­лық көмекті (БМСК) басымдық­пен қаржыландыру.
Бастапқы көмек аурудың алдын алу және ерте бастан күресу үшін ұлттық денсаулық сақтаудың орталық буынына айналады.

   81-ші қадам. ЖЕКЕ­МЕНШІК МЕД­­ИЦИНАНЫ ДАМЫТУ, МЕД­­ИЦИНАЛЫҚ МЕКЕМЕ­­ЛЕРГЕ КОР­ПОРАТ­ИВ­­­­­ТІК БАС­ҚАРУ­­ДЫ ЕНГІЗУ.
Бәсекелестік есебінен қызметтің қолжетімділігі мен сапасын көтеру мақсатында әлеуметтік медицина­лық сақтан­дыру жағ­дайын­дағы бастапқы медициналық әлеуметтік көмекті қаржы­лан­дыру – бәсеке есебінен мед­ицина­лық ұйым­­дардың кор­поратив­тік басқару қағидаттарына көшуін қам­тама­сыз етеді. Мемлекеттік мед­ицина­лық ұйым­дарды жеке­шелен­діру­ді ынталандыру, мемлекеттік емес ұйымдар арқылы тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін беруді кеңейту.

   82-ші қадам. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУ­МЕТТІК ДАМУ МИНИСТРЛІГІ ҚАСЫНАН МЕД­ИЦИНА­ЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САПАСЫ БОЙЫНША БІР­ЛЕСКЕН КОМИССИЯНЫ ҚҰРУ.
Басты мақсат: медициналық қызмет көрсетудің алдыңғы қатарлы стандарттарын енгізу (емдеу хаттамалары, кадр­лар әзірлеу, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, сапаны және қолжетімділікті бақылау).
Яғни, 80-ші қадам бойынша міндетті әлеуметтік сақтандыру­ды енгізу. Бұл саланың қаржылық тұрақтылығын мемлекет, жұмыс берушілер мен азаматтардың ортақ жауапкершілігі негізінде нығайту және медициналық-санитарлық көмекті қар­жыл­андыруға басымдық берілмек.
      Ал 81-ші қадам бойынша жекеменшік медицинаны дамыту және медициналық мекемелерде ұжымдық басқаруды енгізуге үлкен мән берілмек. Сонымен қатар, жаңа талаптар арқылы медициналық көмектің сапасын арттыру да көзделуде.
82-ші қадамда медицина қызметі­нің сапасы бой­ынша республика­лық салалық ведомство жанынан медицина­лық қызмет сапасын бақылайтын біріккен комиссия құру туралы айтылды. Оның басты мақсаты – медициналық қызмет көрсетуде алдыңғы қатарлы стандарттарды енгізу. Бұл емдеу хаттамаларын сапалы құрастыру, кадрларды даярлау, дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету. Осының барлығы медицинаны халықаралық дәрежеге жеткізбек.
Қазіргі таңда ҚР Денсаулық сақтау министрлігі­мен МӘМС (міндетті әлеуметтік мед­­ициналық сақтандыру) жүйесін енгізу жөніндегі ақпараттық-түсіндіру жұмыс­­тарын жүргізу бойынша 2017 жылға арналған медиа-жоспар әзірленді. Осыған орай, республика­лық және аумақтық штаб­тар құрылып, олардың құрамы, ережесі бекітілді. Жұмыстарды ұйым­дастыру­­дың облыстық, қалалық, аудан­дық деңгей­лері белгіленді. Министр­лікпен МӘМС жүйесі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу және мамандан­дыр­­ы­­л­ған мед­ицина­лық тақырыпты кең жариялау үшін, жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамынан респу­бликалық және аумақтық штабтардан сарапшылардың тобы қалыптастырылды.
«Жас-Ай» Шығыс-Тибет мед­ицина­лық орталығы Қазақстанда 13 жыл бойы жұмыс істеп жатыр. Мұнда емделушілерге қарау мен оларға жасалатын жағдай үнемі жақсарып келеді. Жыл сайын емдеу орталығы еліміздің белгілі білім ордаларын тәмамдаған жас мамандармен толығу үстінде.
    Президент атап көрсеткен, «100 нақты қадам» – бұл ЖАҺАНДЫҚ ЖӘНЕ ІШКІ СЫН-ҚАТЕРЛЕРГЕ ЖАУАП және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда ҰЛТТЫҢ ДАМЫҒАН МЕМЛЕКЕТТЕР­ДІҢ ОТЫЗ­ДЫҒЫ­НА КІРУІ ЖӨНІНДЕГІ ЖОСПАРЫ. Сонымен қатар «2050-Стратегиясын» жүзеге асыру мен ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТ­ТІЛІГІН НЫҒАЙТУ­ҒА, ЖОЛДАН АДАСПАУ­ҒА, КҮРДЕЛІ КЕЗЕҢНЕН СЕНІМДІ ӨТУГЕ жағдай туғызатын беріктік қорын жасап беретін болады. Бұл «100 нақты қадам» ұлтжоспары қазақстан­дықтар­дың бір­тектілігін нығайтып және азамат­тық қоғамның бүтіндігін қал­ыптастырудағы басты істің бір­егейі де. Осы мәселеде мемлекет құрушы ұлт ретінде қазақ халқына айрықша жауапкершілік жүктеледі.
Президентіміз айтқандай: («Ғасырлар тоғысында» атты кітаптың 119 беті) «Жаңа­шылдықсыз біз тарихи дамудың кешеуілдік кезеңінен ешқашан шыға алмаймыз. Сондықтан жаңашылдық керек. Бірақ, біздің жағдайымызға бейімделген жаңашылдық кер­ек». «100 нақты қадам», «Ұлт жос­пары», «Мәңгілік ел идеясы», «2020», «2030», «2050» жылдарға арналған стратегия­лық жоспар­лары біздің ұлттық идеологиямыз. Міне, Ұлттық идеология деген осы. Ал оны бұлжытпай орындау – сол ұлттық идеологияға қызмет ету дегенді білдіреді. Оны жүзеге асыру – алдымен сіз бен біздің міндетіміз. Олардың орындалуы Қазақстанды нығайтады. Ұлттық идеологияның негізгі міндеті де сол – Қазақстанды саяси-мәдени, экономикалық жағынан жан-жақты дамыту. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев бұл ұлт жоспарын – «әлемдік бағдарлама» деп атап отыр.

Хабарласу