+7 (727) 390-19-19
+7 (727) 302-15-40
+7 (777) 232-18-71
+7 (717) 242-20-42
+7 (777) 277-85-99

Алматы қаласы, Әл- Фараби даңғылы-Розыбакиев көшесі
(Витебскея көшесі №42), жаңа атауы Жетісу 83а

 

Астана қаласы, Куйши дина 37/1

10.04.2017 ДЕНСАУЛЫҚ – ЗОР БАЙЛЫҚ

Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы

Бижанов Ақан Құсайынұлы,
сенатор, саясаттану ғылымдарының докторы, профессор

 

ДЕНСАУЛЫҚ – ЗОР БАЙЛЫҚ

 

      – Ақан Құсайынұлы, ең алдымен Сізбен «Жас-Ай» Шығыс-Тибет мед­ицина орталы­ғында танысып отыр­ған­ы­­мызға қу­аныш­­тымыз. Сізді еліміздің белгілі саясаткері ретінде білеміз. Осыған орай жақында мемлекеті­мізде өткізілген конституция­лық реформа­ның негізгі ерекшелігі неде деп ойлайсыз?

    – Конституциялық реформалармен байланысты саяси процестердің кейбір біздің, қазақстандық, ерекше­ліктеріне тоқталсақ, ең алдымен бұл оның дәйектілігі. Жақында ұлт жоспар­ында Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев елдің одан әрі демократизациялануын алдағы реформалардың басты бағыты ретінде атап өтті. Бүгін оның бастамасы бойынша Парламент Конституцияға басқарудың президенттік нысанын сақтай келе, өкілеттіктердің біраз бөлігін Парламент пен Үкіметке бере отырып, өзгерістер енгізуде.
Екіншіден – бұл бүгінгі Парламент шешімінің Қазақстан халқымен тікелей байланысы. Конституциялық реформа туралы Елбасының бастама­сынан кейін белгілі уақыт аралығында мемлекеттің әрбір азаматына алдағы реформаның мағынасы мен мазмұны бойынша өз ұсыныстары мен ескертулерін беру мүмкіндігі болды.
Үшіншіден – бұл әлемнің саяси тарихында өте сирек, қайталанбас қадам, мемлекет өміріндегі Пар­ламент­тің рөлін және мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырудағы Үкіметтің жауаптылығын арттыруға бағытталған, биліктегі мемлекет басшысының өз еркі бойынша өзінің кейбір өкілеттіліктерін Парламент пен Үкіметке беруі.
Бұл факторлардың барлығы біздің республика демократиялану мен прогресс жолымен мақсатты келе жатқандығын, және бұл өз кезегінде еліміздің әлемнің аса дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруіне сенімді негіз болып табылатынын көрсетеді.

      – Табиғи энергия көздері арқылы емдейтін, кері әсері жоқ ем түріне сұраныс күн сайын артып жатыр. Жалпы халықтық медицинаға деген көзқарасыңыз, пікіріңіз қандай?

     – Ең біріншіден, менің айтайын дегенім бұл дәстүрлі емес мед­ицина яғни, халық медицинасы дәстүрлі медицинаның түп негізі. Қазіргі мойындалған дәстүрлі мед­и­цина халықтық медицинаның әбден тәжірибеден өткен, ғасырлар, жылдар бойы сыналған, қорытылған, мойындалған, өміршең әдіс-тәсілде-рінің және мед­ицина ғылымының жетістіктерінің қорытындысы.
Көріпкел, бақсы-балгерлер, тәу­іптер заманынан бастау алатын халықтық медицинадан айналып өтіп, оны ешқашан болмады деп айта алмаймыз. Халықтық медицинаның тарихынан әрине ең жиі пайдаланылған, нәтижелі ем берген түрлері осы заманға жетіп отыр. Тарихы мың жылдықтарға кететін, яғни адамзат пайда болғаннан бері келе жатқан медицинаны жоққа шығарып, бәрі тек ғылым хатқа түсе бастағанда пайда бола қалды деуге болмайтыны бәрімізге айқын нәрсе.

        – Енді тікелей «Жас-Ай» орталығы туралы ой бөлісе кетсеңіз. Біздің медициналық орталығымызда көрсетілетін ем түрлері көңіліңізден шығып жатыр ма?
        - «Жас-Ай» орталығының негізін қалаған Жасан Зекейұлын көптен бері білуші едім. Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің, яғни медицина саласына жетекшілік ететін комитеттің бірталай уақыт төрағасы болғандықтан, бұл кісінің баяндамаларымен, ғылыми-тәжірибелік конференцияларда сөйлеген сөздерімен таныспын. Ғылыми жұмыстарын қарап, баспасөз беттеріндегі мақалалары мен сұхбаттарын оқып, ризашылықпен, құрметпен қарап жүремін.
Өз басым бұл орталық емін алған адамның жағдайы ауырлапты, нашарлапты деген сөзді естіген жоқпын. Қарапайым халықтан бастап, білімді, биік лауазымды адамдарға дейін жаны қиналғанда осы орталыққа келіп, барлығы да жоғары дәрежеде көрсетілген ем түрінен сауығып жатқанын көріп жатырмыз.
     Жасан Зекейұлы білімді, ғылым-ға жақын, іскер азамат екенін дәлел-деуде. Орталық дәрігерлері көрсетіп жатқан ине емінің ерекшелігі сезіліп жатыр, сондай-ақ ем алу барысында көңіл-күйге, психологиялық жағ-дайға да оң әсері байқалуда.
     Медицинада Авиценаның «науқас дәрігерге жазылатынына, дертінен айығатынына үлкен сеніммен келу керек» деген тамаша бір сөзі бар. Сонда ғана ем қонады. Дәл осы орталыққа, оның көрсететін еміне, жазылатынына науқастардың нық сеніммен келуіне үлкен негіз, қаншама нақты дәлелдер бар.
      – Біраз бұрын «Жас-Ай» орталы-ғына да өзін емшімін деп сендірген жалған емшіге барып, емнің орнына денсаулығы күрт нашарлаған азаматтар келіп еді, ем алып, сауығып шықты. Өлім аузынан қалған осындай азаматтарды тіркесе, фактілердің көп санды құрайтыны анық. Дәл осындай келеңсіз жайттарға қалай шектеу қоюға болады?
      – Қазіргі уақытта халық емші-лігіне деген сұраныс дәстүрлі медици-наға деген сұраныстан артық болмаса кем емес. Осы сұраныстың көптігін пайдаланып халық емшісімін деген жалған куәлік, сертификаттарын көрсетіп, халықты алдап жүрген емшісымақтар да көптеп табылады. Біреулері шындап, енді біреулері таза табыс табу үшін халықтық медицина тәсілдерін пайдаланып, науқастарды емдеген болып жатыр. Өкініштісі, олардың кейбіреулері қанша адамның тағдырына, денсаулығына кесірін тигізіп жатыр.
Жалпы бұл мәселе жөнінде біз келешекте денсаулық сақтау жөніндегі кодекске толықтырулар енгіземіз деген ойдамыз. Оның ішінде дәл осындай фактілерге халықаралық тәжірибеге, өзіміздің отандық тәжірибеге сүйене отырып, заң жүзінде тиісті шаралар қолдануымыз керек.
      Мұндай шаласауатпен әрекетке көше берудің барлығы адам денсаулығын құртып, келешегінен айырады. Сондықтан бұлай жалғаса беруіне жол бермеуіміз керек Үлкен көлемде ойласақ, бұл ұлттың келешегіне, мемлекеттің болашағына балта шабу болып табылады. Алдамшы емшілер көбейіп кететін болса жағдайымыз сөзсіз қиындай береді. Сондықтан мұны бір жүйеге келтіріп, тәртіпке түсіретін уақыт келді.
Жаңа айтылған жайтқа ұқсас ақпараттар бізге де жетіп жатыр. Сондықтан, лицензия бергенде тиісті комиссия қатаң тексеруден өткізу керек. Заңға толықтырулар енгізу барысында дәстүрлі медицина мен халық медицинасын қатар дамытып отырған Қытай, Үндістан, Жапон т.б. елдердің тәжірибесін де басшылыққа алу жоспарлануда. Халық медицинасымен айналысатын адам өз ісінің нағыз профессионалы болатындай талап қойылуы шарт. Тек қалтаның қамы үшін емес, халық денсаулығы үшін қызмет ететтін емші қажет. Тым болмағанда оның емі адамға зиянын тигізбеуі керек. Заң талаптарын бекіту кезінде осы орталық басшысы секілді білімді, білікті азаматтар да өз ойларын білдірсе құба құп. Заң жобасын ұсынушы, шығарушы мемлекеттік билік өкілдеріне осындай тікелей халықпен араласып жұмыс істеп жатқан кәсіби мамандар да өз ұсыныстарымен, талаптарымен шығып, ой тастағандары дұрыс.
       Осы актуалды тақырып аясында конференция, болмаса дөңгелек үстел өткізіп, орын алып жатқан келеңсіз жайттарды, болмаса жағым­ды жаңалықтарды тыңдап, екшеп-елеп, ұсыныс-талаптарды қор­ытын­дылауымыз керек.
     

       – Біздің орталықтың өзге медициналық мекемелерден, орталықтардан тағы бір ерекшелігі – орталық жанынан үздіксіз тікелей орталықтың қаржысымен 7 жыл бойына мемлекеттік тілде медициналық-ақпараттық «Жас-Ай» журналының жарық көріп келе жатқандығы. Халықтың денінің сау болып, медициналық танымды кеңітуге арналған журналымыздың оқырмандары да көбейіп келеді. Орталықтың осы бағыттағы жұмыс­ына қандай баға бересіз, бұл иігілікті іске мемлекет тарапынан қолдау бола ма?
– «Жас-Ай» медициналық-ақпар­ат­тық журналымен танысып жатырмыз. Бұл салаға лайықты, өз орны бар бір басылым керек еді, сол бостықтың орнын толтырып жатыр екенсіздер. Ғылыми негіздегі әрі тарихы терең халықтың дәстүрлі медицинасын насихаттайтын, алдамшы емшілерді шектейтін, заманауи медицина жетістіктерін де жалпыға жария ететін журналдың болуы құптарлық іс.
      Дәстүрлі медицинамен қатар халықтық медицина өміршең екенін, пайдалы, қажет екенін дәлелдеді. Яғни, «Жас-Ай» журналы ұжымы екі медицина түрін насихаттауды қатар ұстау арқылы үлкен жұмыс жасап жатыр. Сондай-ақ, қазіргі дамыған медицина жетістіктері мен ғылыми жаңалықтарды, халыққа жетпей жатқан ақпараттарды жеткізіп, өзге елдермен тәжірибе алмасу турасындағы өзекті тақырыптарды да журнал бетінен көрсек деген ұсыныс айтамын.
Жалпы халықтың денсаулық сақтауына қатысты қарапайым да, қажетті әдіс-тәсілдерді, ата-бабаларымыз қолданған, ұмытыла бастаған ем түрлерін қайта жаңғыртатын журналдың болашағы зор деп білемін. Аса ауыр емес ауру түрін тіпті халық медицинасы негізінде үй жағдайында да асқындырмай, профилактика ретінде дауалап алуға болады. Бірақ, көп жағдайда адамдар оны қалай, қайтіп жасау керектігін біле бермейді. Дәрігерге «әне барам, міне барам» деп жүріп уақыт ұзартып, дертін асқындырып алып та жатады. Дәл осындай көп кездесетін жайттарда іздейтін, кеңес алатын журналға айналып жатыр екенсіздер. Бұл үлкен жауапкершілік. Осындай үлкен жауапкершілікті мойындарыңызға алыпсыздар. Сондықтан бұл журналға жалпы көпшілік тарапынан да, мемлекеттік өкілетті билік тарапынан да қолдау қажет. Бірақ ең басты талап – журналдың алдамшы ақпараттар мен ем тәсілдері, ем түрлері халық денсаулығына кері әсер жасайтын жалған емшілердің мінберіне айналып кетуіне жол бермеу.
Қорыта айтқанда, «Жас-Ай» журналы салауатты өмір салтын насихаттайтын заманға лайықты мед­ициналық анық­тамалық­қа, нұсқау­лыққа айналсын дегім келеді. Медицина саласынан бөлек, басылым дайындау, оны жарыққа шығарудың өзі үлкен қажыр-қайратты, іскерлікті талап етеді. Одан бөлек, журнал тікелей орталық қаржысымен жарық көріп жатыр, бұны өз кезегінде мемлекеттің денсаулық сақтау бағдарламасына қосылған үлкен бір үлес деп баға беруге болады.

        – Медицина мен әлеуметтік жағдайдың байланысы жалпыға түсінікті. Енді медицина мен мәдениет ұғымдарының байланысына тоқталсаңыз?
       – Біз денсаулық сақтау мәдениетін қалыптастыруымыз керек. Ата-бабаларымыздың құнды тәжірибесін сақтап, сонымен қатар халықаралық мойындалған тәжірибелерді қол­даныс­қа енгізу, салауатты өмір салтын ұстану – мәдениеттіліктің көрінісі. «Денсаулық – зор байлық. Дені саулыққа ұмтылатын адам – мәдениетті адам» деген пікірдің де қалыптасып келе жатқаны осыдан.

         – «Жас-Ай» Шығыс-Тибет медицина орталығына, ем алушыларға деген тілегіңіз?
– «Жас-Ай» Шығыс-Тибет медицина орталығы ұжымының тынбай еңбектенуінің арқасында қазір шығыс-тибет емі өзіміздің халықтық медицинамыздай санамызға орнығып, күнделікті өміріміздегі дәстүрлі медицина төрінен орын ала білді. Оның дәлелі – сан мыңдаған халықтың алғысы және «Жас-Ай» Шығыс-тибет медицина орталығының жақында ғана Брюссель қаласындағы Халықара­лық Еуропалық медициналық қауым­дастығының, ОКСФОРД (Англия), ЕМА және басқа да ұйымдардың тағайын­дау­ымен «Халықаралық үздік клиника» атағын иеленуі. адамдар бұл емнің қажет­тілігін мойындап, іздеп тұратын деңгейге жетті. Бұл үлкен көрсеткіш. Алдағы уақытта тек сәттілік тілеймін.


Сұхбаттасқан –
Жанна ИМАНҚҰЛ

Хабарласу