+7 (727) 390-19-19
+7 (727) 302-15-40
+7 (777) 232-18-71
+7 (717) 242-20-42
+7 (777) 277-85-99

Алматы қаласы, Әл- Фараби даңғылы-Розыбакиев көшесі
(Витебскея көшесі №42), жаңа атауы Жетісу 83а

 

Астана қаласы, Куйши дина 37/1

10.04.2017 Дәрігер мәдениеті туралы бір үзік сыр

Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы

Бұл сұраққа жауапты Алматы облысы, Іле ауданы, Жетіген ауылының тұрғыны Ердәулет Атагелдиев «Жас-Ай»Шығыс-Тибет медицинасының орталығы туралы жазба пікірінен іздеп көрсек...
«Біз үйленген соң шамалы уақыт өткенен кейін жұбайым Ботагөз жыныс ауруымен мазасыздана бастады. Біраздан кейін оған «Оң жақ аналық безінің жылаулығы» деген диагноз қойылды. Осы диагноз бойынша ота да жасалды. Бұл 1999 жыл болатын.Арада 3 жыл өтіп барып, тағы да 2002 жылы жоғарыда аталған диагнозбен әйеліме қайта операция жасалды: сол жақ аналық безі мен түтікшесі алынды. Арада біраз уақыт өткеннен соң сол бұрынғы диагнозымен жан сақтау бөліміне дейін түсті. Осындай әуре- сарсаңда 6 жыл өтіп кете барды.Нәрестелі бола алмадық. Осы отадан кейін жүкті боласың деген соң, тағы бір ота жасатуға келістік. Алайда нәтиже болмады. Осы мықты деген дәрігерге барғанымда маған айтқаны: «Бала көтермек түгілі, әйелің аман қалса, соған шүкір де». Дегенмен Алладан үмітімізді үзген жоқпыз. Елдегі мықты деген медициналық мекемелерді аралап емделе бердік. Жасанды жолмен ұрықтандыру арқылы балалы болуды ойлап «ЭКО» Орталығының дәрігерлеріне барғанымызда, ол жерден де балалы болу мүмкін емес,-деп жауап берді. Өстіп теңселіп жүр­генде «Жас-Ай» Шығыс-Тибет меди­цина орталығы бар дегенді естіп, сонда бардым. Бізді профессор Жасан Зекейұлы қа­былда­ды, тамыр ұстап диагноз қойды. Ол кісі әйеліме «бір емес екі балалы боласың,-деп қуантып тастады. Ол кезде біз Жәкеңе шынайы сенім артпасақ та, дәрігер ретіндегі жылы сөзімен үміттендіргені үшін, көңілімізді көтеріп, біліктілігін танытқаны үшін риза болып қалған едік. Бірақ Жасан біліп айтыпты.Шынымен, әйелім алғашқы бағамнан (курстан) соң өзін жақсы сезіне бастады, ал екінші бағамынан кейін жүкті екені байқалды. Бұл қуанышымызды бұрынғы емдеген дәрігерлер естігенде олар таңырқап, Ботагөзден қалай бала көтергенін сұрапты. Осылайша сөнуге айналған үмітімізді «Жас-Ай» жақты.
Дәстүрлі медицина дәрменсіздік танытқан дертке шығыстың емі икемді болып шықты. Айналасы 2-3 бағамнан соң, Ботагөз тұңғышым Әбдрахманды өмірге әкелді. Кейін Әбдрахманның қарындасы Ханифа туды. Баланың зарын бір кісідей тартқан біз ең әуелі Аллаға, екінші Жасан Зекейұлына алғысымыз шексіз. Алладан ол кісіге денсаулық, бақыт тілейміз.
Жайдары мінезді, жылы жүзді, иманы ұйыған, еңсесі биік, талғамы жоғары, өз бағасын білетін парасат иесі Жасан Зекейұлы науқас әйелді бірінші қабылдауының өзінде «бір емес, екі балалы боласың» деп оны қуантып тастаған. Ал Жәкең кездескенге дейінгі қабылдауында болған медицина мамандары «Бала көтермек түгілі, аман қалса, соған шүкір де», «ЭКО» Орталығының дәрігерлері «мүмкін емес» -деп те келте қайырған.
Біздер дәрігерлер қабылдауына баратын жұрт ойлаймыз: медицина қызметкері қайырымдылығымен, мейірімділігімен, сенімділігімен, адамға деген жанашырлық ынта-ықыласымен ерекшеленуі тиіс
Күнделікті тіршілігімізде барған ем­ханалар­ымыздағы дәрігерлерде жоғар­ыда келтірілген қадір-қас­иеттерді байқай алмай жүреміз, өкінішке орай.
Елбасы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына Жолдауындағы мына ой да өзіне айрықша назар аудартады.
Екінші: Білім беру жүйесімен қатар денсаулық сақтау жүйесі де өзгеруге тиіс. Жүйемен бірге, осы салада қызмет көрсетіп, жұмыс істеп жүрген ақ халатты абзал жандардың өздері де өзгеруі тиіс. Науқастарға тек медициналық көмек көрсету ғана емес қызмет көрсету медицина мамандары үшін міндет болу тиісті. Пациентке жүректен нәр алатын ілтифат танытып, оны қадірлеп, құрметпен қабылдау –әр дәрігер үшін заң деп білген жөн болар. Қалай болған күнде де, жағдайда да қоғам жанарында дәрігер әрдайым өз биігінде тұруы шарт. Өйткені дәрігер мамандығы – ол мамандықтар арасындағы айрықша мамандық.Өзі қай науқастың болмасын емдеу үрдісі қауышудан, сөйлесуден басталмай ма. Дәрігер үшін таза ем- дом жасау амал-тәсілдерінен, харекеттерінен басқа сөз өнерін игеруде де өзін пациент алдында көрсете, таныта, мойындата білу де керек-ақ шығар. Өйткені дейміз-ау... Өйткені ақиқатында дәрігер емдік құралдары құрамына енетіндер мыналар емес пе, турасына келсек: сөз (арттерапия), дәрі-дәрмек(фармация) және пышақ (хирургия). Қараңызшы, сөзге бірінші орын беріліп отыр ғой. Сөз де –үлкен өнер. Ақ халатты абзал жан деп жай бұрынғы «екпінмен»айта саламыз. Бұл тіркестегі абзал деген сөзге сәл ғана тоқтасақ болар.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Ұлттық ғылым академиясы, А.Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институты 1999 жылы шығарған, жалпы редакциясын басқарған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, филология ғылымдарының докторы, профессор Телғожа Жанұзаков «Қазақ тілінің сөздігі» абзал деген лексеманы былайша түсіндіреді.
Абзал! Қадірлі, асыл, аяулы-адам(азамат, ана) (11бет)
Бүгінгі дәрігер өзінің осындай азамат екенін, мұндай болмаған күннің өзінде болу қажеттігін мойындай ма екен, ойында ұстап жүре ме?!?
Дара да дана Абайдың мына сөздеріне көз тігейікші: «Адамшылық алды-махаббат, ғаделет сезім Бұлардың керек емес жері жоқ, кіріспейтұғын да жері жоқ». Адам­шылық алды-махаббат, ғаделет сезім. Дәрігер Абай айтқан махаббатқа, ғаделет сезімге неге бой, ой алдырмай жүр, осы.
Ал Жасан Зекейұлы болса осы ғаделет сезімді қай емдеу құралының да өзегі қылып алғандай. Міне Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Абай ауылының тұрғыны Ибайдаева Анар былайша өз ойын тарқатады, назар аударыңыз:
«Мен «Жас-Айды» Алматыда тұратын туған қайынапамнан естіп білдім. «Мен сол салқын тиіп ауырған жерімді сонда барып жазып алдым. Сен де кел сол жаққа», - деп шақырды. Мен 2 жыл бала көтере алмадым. Қызылорданың, Қазалының да дәрігерлеріне барып емделдім.Ешқандай нәтиже болмағаннан соң, осы «Жас-Айға» келдім. Жасан Зекейұлының қабылдауына кірдім. Ол кісі көріп, жазыласың, емделесің, - деді. Мен Алматыда жатып 2 бағам (курс) ем алдым. Ем алып болған соң, ағаға қайта кіргенімде, ол айтты: «Ауылыңа қайта бер, бірер айдан соң көтересің, бірақ жылы киініп, өз-өзіңді күт».
Қолы алтын, аузы дуалы сол аға айтқандай, бірер айдан соң бала көтеріп, 2010 жылдың мамыр айында осы қызымды босандым. Міне қазір содан кейін 6 жыл өтті. Осы аралықта да дәрігерлерге көріндім, бірақ ешқандай нәтиже жоқ. Сөйтіп, қайта «Жас-Айға» келдім. Тағы да бөпелі болғым келеді.Үмітімді үкілеп ағамның шипалы қолынан ем алдым. Ағаға шексіз ризамын. Егер осыдан ер бала туып жатсам, ағаның атын қоямын, - деп уәде бере аламын. Маған аға жұмақтың кілтін ұстатқандай болды. Мың алғыс айтам, бұдан кейін де алғысым шексіз болады. Ауылға барғанда да осының бәрін елдерге айтып жүрмін. Қазір қолымда аға ұстатқан жұмақтың кілті Раяна деген қызым бар. Раяна деген есім қазақша жұмақтың кілті деген мағынаны білдіреді. Күнде қызыма қарап, Жасан ағама алғыс айтып отырамын. Енді екінші рет бөпелі болсам, менен асқан бақытты адам болмайтын шығар, - деп ойлаймын.
Сонымен ағаның қабылдауына кірдім. Ол кісі көріп: «Емделесің, жазыласың,-деді емделу бағамы (курс) біткенде айтқаны: ауылыңа қайта бер, бірер айдан соң көтересің, бірақ жылы киініп, өз-өзіңді күт, - деді.
Осындай дәрігерге жарасатын жүрек жылуы есіп тұрған сөздерді неге Ибайдаева Анар барған емханалардағы медицина мамандары айтпаған, - деп ойға қаласың лажысыз.
Рақымдылық, мейірбандылық та әрбір түрлі адам баласын өз бауырым деп, өзіне ойлағандай ойды оларға да болса игі еді.(Абай)Абайдың бұл сөзі қай қайсысымызға да арналған ғой, мұның ішінде дәрігерлерге де қатысы бар емес пе?
Айтса айтқан­дайын-ақ... Дәр­і­ге­р­­­дің барлық күш-қуаты, кәсіби шебер­­лігі­нің екпіні науқас бойындағы үш қасиетті: сана, ұят, адамға және табиғатқа деген асыл сезімді ояту арқылы оны аурудан сауықтыруға бағытталатынын біріміз білмегенімізбен көбіміз білеміз ғой. Осылайша ойлаймыз. Алайда дәрігерлер қауымы ішінен неше түрлі «пысықтарды» көріп жүрміз. Осы «пысықтар» ғой бүткіл мекеме ұжымын ұятқа қалдыратын. Осыларды адамды емдеу ісінен, жалпы медицинадан аластатын кез келген сияқты. Әйтпесе «Жұғын бар жерде-шыбын бар, шыбын бар жерде шығын бардың» керіне кезікпесек кәдік. Жалпы дәрігерлер қауымына сөз келтіріп, көпке күл шашудан, әрине, аулақпыз. Ел емханаларында республика ден­саулық сақтау жүйесінің заман талабына сай қалыптасуына айтулы еңбек сіңірген, табысты қызметі мемлекет деңгейінде бағаланған, талантымен топ жарған, кейінгі буын әріптестері үлгі тұтатын, сындарлы сәттерде ортасынан ерек шығатын саңлақ дәрігерлеріміз бар. Тәубе!
Бұл мақала­ның жаз­ылуына көбіне себеп болып отырған Дәурен Ахметбаев, Ердәулет, Ботагөз Атагелдиевтер, Ибайдаева Анар көрген «дәрігерлер» ғой. Біздің игі мақсатымыз - солар ұмытып кеткен «Гипократ антын» естеріне салып, жадында жаңғырту.
Өзі өткеніңді, бүгінгіңді таразылап, келешекке көз жіберіп, ой бойласақ, бүгінгі таңдағы денсаулық сақтау жүйесі, яки медицина, айналып келгенде, ғылым мен өнердің, озық заманауи технологиялар мен педагогика ғылымының, бұрынғы дәстүрлер мен бүгінгі инновациялардың, ұлттық және халықаралық көзқарастардың бірін бірінен ажыратып алуға еш болмайтын қорытпасы ма деп те қаламыз.Бұл саладағы қол жеткен елеулі табыстарымыздың кілті де міне осы арада жатқан болар, тегі.
Көпшілік дегеніңіз бірте-бірте үйреніп-те қалды. Неменеге дейсіз ғой? Әр кәсіп бойынша әртүрлі деңгейдегі мамандық иелері болады ғой: орташа, жақсы, өте жақсы шамада өз кәсібінің қыр-сырын игергендер.Солай ғой өзі... Алайда бұл жарық дүниеде екі кәсіп бар кішкене ғана ағаттық, қателіктерді еш кешірмейтін: ол дәрігер және мұғалім, яки оқытушы.Осыған амалсыз келісеміз.Келісеміз дейміз ғой...
Бірақ Астанадағы Л. Н. Гумил­ёв атындағы Ұлттық универ­ситеті радиотехника және электроника кафедрасының профессоры, техника ғылымдарының докторы Дәурен Ахметбаевтың мына жазбасына зер салып көрейікші.
- Соңғы жылдары бір ауырып сол ауруыма ем іздеп Павлодар, Астана-қалаларындағы дәрігерге көрінген болатынмын.Сол кездерде ең алғашқы ауырғаннан маған қойылған диагноз «Аденома простаты». Мұны тек операциямен ғана жоғалтуға болады, былай ем қонбайды деген осындай түйіндер болатұғын. Осыған жол бермейін деп «Жас-Ай» медицина орталығына келіп, осы жерден көмек сұрағанмын. Сол көмектің арқасында міне бүгінгі күнде аденома простаты диагнозы менде қазір жоқ., мүлдем жазылып кттім. Енді тағы да көзімнен ауырып, осы көзімнің қойылған диагнозы «Глаукома». Бұл глаукоманы да емдеу қиын, жолы жоқ деген. Бірақ Астанада қойылған диагнозы дұрыс болмай шығып, ол глаукома болмай, енді тағы да осы «Жас-Ай» медицина орталығына келіп көмек сұрадым. Осы көмектің арқасында қазір мінекей екі бағамын (курсын) өтіп жатырмын. Көзімнің бір жақ шеті ашылды. Енді, өз ойымша, операциясыз да көзім толық көреді деген сенімдемін.
Мен алғашқы рет келгенде, осы ауруымның диагнозын қандай екенін білейін деп, сол Жасанның алдына келгенде алдымен менің қолымның тамырын ұстады.Тамырымды ұстап байқап, барлық ауруымды түгелдей менің алдыма ақтарып салды. Міне осы ауруды емдегеннен бері қарай бүгінде құлан таза жазылып кеттім.
Ал енді Жасанның бұл біліктілігі оған құдайдың берген жаңағы қасиеті, ол енді әр адамның басына бере бермейді. Ал бірақ қазір осы Орталықта Жасан өзінің бойындағы қасиетін жастарға беріп, оларды тәрбиелеуде. Осы жерде істеп жүрген дәрігерлердің көпшілігі оның қасында жүріп, осы ине қою технологиясын әбден меңгеріп, соны бұқара халыққа көрсетіп жатыр.
Енді ой таразылайық... «Аденома простаты ауруын тек операциямен ғана жоғалтуға болады, былай ем қонбайды. Астанада олардың қойған диагнозы глаукома дұрыс болмай шықты. Ол Глаукома болмай, енді тағы да «Жас-Ай» медицина орталығына келіп көмек сұрадым», - деп жазады Дәурен Ахметбаев.
Біздің ұғымымызда қандай да болмасын бір ауру әр науқас организмінде түрліше дамиды, оның үрдіс барысы өзгеше болады.Ендеше онымен мазасы кетіп жүрген кісі дертінің емі де басқаша болады емес пе...Өзгеше дегеніміз аурудан айықтыратын шипасы да емі де алуан түрлі болмай ма екен. Бұл шындықты бізден артық білетін медицина маманы, әсіресе Астана қаласында әжептәуір қызмет етіп жүрген дәрігерлердің дәрігері, неге жүйкесі жұқарып жүрген науқасқа Аденома простатаға операциясыз ем қонбайды,-деп кесіп айтады, дәті шыдап.
Қай адамның болмасын қадір-қасиеті, бағасы (құны) оның басқа кісіге жасаған, есте ұстауға тұратын жақсылығымен өлшенбей ме, білінбей ме, танылмай ма.
Дәрігер оның мәдениеті туралы, сөз қозғап, ой тарқататын болсақ. Онда медицина маманы үшін мәдениет дегеніңіз- науқас жадында қабылдау сәтінде жүректен есіліп тұрған жан жылу­­ыңыз­­бен, кәсіби шеберлігіңізбен, жанашырлығыңызбен сақталып қалу.Осындай мақсат қоймайсыз ғой, әрине, дегенмен де... Бұқара өкілі ретінде айталық: мәдениет-бұл жад, яғни сана сыр сандығы. Бұл сандықтың басқа сандықтарға қарағанда құлпы болмайды, өйткені әрқашанда ашық. Ашылған сандық жерде тұрғанымен көкке, аспанға қарап тұрады.
Дәрігер қабылдауына келген ауру болсын, күдігі сейілмеген сау болсын медицина маманының өз биігінде тұрғанын қалайды. Жалпы алғанда мәдениет- дамуға, ілгерілеуге, өсуге, өрлеуге, жетуге, жетілуге деген аптығы атқақтап тұрған, ұмтылыс өзектеген тілек болар тегі.
Жоғарыда келтірілген жазбалар авторларының сыңайына, райына қарасаң, қай-қайсысы да аңсарлы жәрдемін, үміт артқан көмегін медицина ғылымдарының докторы, профессор, академик Жасан Зекейұлы басшылығындағы «Жас-Ай» Шығыс-Тибет медицина орталығынан алып, сауыққан, оңалған азаматтар аяқ басқан жерінде ауызынан тастамай алғысын оған ағынан жарылып айтып жүреді. «Жас-Ай» Шығыс-Тибет медицина орталығы табалдырығын аттап келген қай науқасқа деген жүрек жарастығын бейнелей алатын туыстық, жаны ашитын жақындықты, оған деген тігісі жатық, иіні қанық қамқорлықты емдеу құралына айналдырып жіберген сияқты. Құба-құп қой. Сондықтан да болар орталыққа еліміздің түкпір-түкпірінен, Қырғыстаннан, Россиядан, Шыңжаннан (ҚХР), Австриядан (Европа), Түркиядан, дертіне шипа іздегендер легі толастар емес.
«Жас-Ай» тек ауруларды сәтімен емдейтін клиника ғана емес, сонымен қатар ғылыми - зерттеу Орталығы болып табылады. Республикалық академиялық ғылыми басылымдарда дәрігерлердің ғылыми ізденістерінің нәтижелері жарық көріп тұрады. Осы жуырда ғана Жасан Зекейұлы Стамбулда (Туркия)өткен Халықаралық конференция жұмысына қатысып, танымал ғалымдардың ықыласты көңілдерінен шығып, қолдауын тапқан мазмұнды баяндама жасады.
«Жас-Ай» Орталығы науқастарды емдеу мен ғана шектелмей, сау адамдардың амандығын бекемдеу мақсатын алға қойып отыр. Осы мұратқа қол жеткізу барысында 8 жыл бойы өз қаржысына «Жас-Ай» медициналық-ақпараттық журнал шығарып келеді. Жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың алдын алу мақсатында «Казахстанская правда», «Ана тілі», «Айқын», «Экономика», «Ақжолтай», «Қазақ» радиосы, «Шалқар» радиосы, «Қазақстан», «Хабар», «Алматы» телеарналарында мақалалар жариялап, тегін сұхбаттар беріп келеді.
Осы өткен 2016 жылғы желтоқсанында Брюссельден (Бельгия) құжаты ресми ресімделген қуанышты хабар келді. Халықаралық Еуропа медициналық қауымдастығы ОКСФОРД, ЕМА ұйымдарымен бірлесіп, «Жас-Ай» Шығыс-Тибет медицина орталығына «Халықаралық үздік клиника» атағын берді, бұған құжаттары бар екі медалі, № 022» MEDICAL PRACTICE» сертификаты қоса тіркелген.
«Жас-Ай» алған құрметті атағының елге дарытар қуанышы баянды болғай. Қарыштап, алға баса бер, «Жас-Ай»!. Қазақ елінің даңқын әлемге паш ете бергей!

Сейтзада Бибатырұлы Әсембек –
мәдениеттанушы

Хабарласу