+7 (727) 390-19-19
+7 (727) 302-15-40
+7 (777) 232-18-71
+7 (717) 242-20-42
+7 (777) 277-85-99

Алматы қаласы, Әл- Фараби даңғылы-Розыбакиев көшесі
(Витебскея көшесі №42), жаңа атауы Жетісу 83а

 

Астана қаласы, Куйши дина 37/1

09.02.2017 ЖАСАН ЗЕКЕЙҰЛЫ «ЕРЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН» МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы

Осыдан 25 жыл бұрын Қазақстан тәуелсіз даму жолын таңдап, ата-бабамыздың ғасырлар бойы аңсаған арманы ақиқатқа айналды. Тәуелсіздікке жету бар да, оны аялап, баптау бар, елдің сенімін ақтау бар. Міне, осынау жауапты да тарихи сәтте Елбасының терең саясаты мен пайымды парасатының арқасында дамудың дұрыс жолын таңдадық. Бүгінде мемлекетіміз әлемдік қауымдастықтың беделді мүшесіне айналды.

Тарих үшін аз ғана уақыт болғанымен, алып үрдістің оң жолда, үлкен жыл­дамдықпен жүруі әрине еңбегімен де, білімімен де тікелей себепші болған азаматтардың арқасы.

Елімізді өркениеттер елдер қатарынан көрсетуге тынымсыз еңбек етіп, ел назарына түскен Қазақстан Республикасының азама­ттар­ының мемлекеттік, қоғамдық істегі қызметі, еңбектегі т.б. жетістіктерін мем­лекеттiк на­гр­адаларымен нагр­адтауды әрдайым Қазақстан Республикасының Президентi жүзеге асырып келеді.

Халық боп күткен тәуелсіздіктің ширек ғасырлық мерекесіне орай республика бойынша  өзі қызмет ететін саланың дамуына зор үлес қосып жүрген  білікті, білімді азаматтарды, ортақ құндылықтар мен ел мүддесі үшін аянбай тер төгіп жүрген майталман мамандарды салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Аталмыш шарада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2016 жылдың 5 желт­оқсандағы жар­лығымен «Жас-Ай» Шығыс-Тибет медицина орталығының директоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор, академик Жасан Зекейұлы «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталды. Елі бағалаған ерен еңбек иесінің еңбегі жоғары бағаланып, Елбасының Жар­лығымен жоғары мемлекеттік марапатқа ие болды. Құтты болсын айтамыз!

«Ерен енбегі үшін» медалі – 1993 жылы белгіленген Қазақстан Республикасының наградасы. “Ерен еңбегі үшін” медалімен азаматтар экономикадағы, әлеуметтік саладағы, ғылымдағы, мәдениеттегі және мемлекеттік қызметтегі жеткен табыстары үшін марапатталады.

Айта кету керек, бүгінде Жасан Зекейұлы – қоғамдық істерге белсене араласатын қоғам қайраткері, медицина ғылымдарының докторы, Халықаралық Ғылым Академиясының академигі, профессор, «Жас-Ай» Шығыс-Тибет медицина орталығының бас директоры, «Жас-Ай» медициналық-ақпараттық журналының бас редакторы, ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі, Вена Халықаралық университетінің құрметті профессоры, Халықаралық Сократ атындағы орденнің, құрамында 193 мемлекет бірігетін Біріккен Ұлттар Ұйымының «Халықаралық Құрмет белгісі» орденінің иегері, ҚР Ардагерлер ұйымының кеңес мүшесі.

Қытай елінде туып, білім алып, сол елде «үздік жас ғалым» атанған дәрігер Жасан Зекейұлы тәуелсіздіктің таңы атысымен атамекеніне оралып, өзімен бірге ежелгі Шығыс-тибет медицинасын барлық білімімен, иірімімен, құпиялығымен ала келді.

Қазір қызметі 15 жылға жақындаған «Жас-Ай» Шығыс-Тибет медицина орталығы 60 мыңдай науқас адамға ем жасап сауықтырды. Оның ішінде 10 мыңнан астам науқасқа тегін ем жүргізсе, 5000-ға жуық отбасы орталықтың ерекше емінен бала сүю бақытына ие болды. Сал ауруына шалдыққан балалар орталықта бірінші курс ем алғаннан кейін-ақ, қозғалысқа келіп, сөйлеуге ыңғай танытып, оңала бастайды. Жазылмайтын дерттің бірі – инсульттан салданған қаншама адамды төсек тартып қалған жағдайынан құтқарып, орнынан тұрғызды.

Еңбек пен із­деністің ар­қасында алғашқы жұмысын аядай бөлмеде бастаған Алматы қал­асындағы ор­талық 5 қабаттық, 63 жатын орны бар, 70-ке жуық қызметкер жұмыс істейтін, күніне 40-50 науқас қа­былданатын, медициналық жаб­дықтармен қамтылған заманауи кешенге айналған.

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығында тарту ретінде Жасан Зекейұлы 2016 жылдың қазан айының 26 күні Астана қаласында, Күйші Дина көшесі, 37/1 мекен-жайында “Жас-Ай” Шығыс-Тибет медицина орталығын ашты.

 

Жанна Иманқұл

 

Хабарласу