+7 (727) 390-19-19
+7 (727) 302-15-40
+7 (777) 232-18-71
+7 (717) 242-20-42
+7 (777) 277-85-99

Алматы қаласы, Әл- Фараби даңғылы-Розыбакиев көшесі
(Витебскея көшесі №42), жаңа атауы Жетісу 83а

 

Астана қаласы, Куйши дина 37/1

15.12.2016 Тәуелсіздіктің 25 жылдығына тамаша тарту

Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы

Биылғы жылы Ел Тәуелсіздігінің ширек ғасырлық мерейлі мерекесіне Қазақстанның әрбір азаматы өзінің қал-қадірінше сый тартып, еліміздің дамуына аз да болса үлес қосу үшін талпынып жатқаны анық. Солардың бірі Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзі айтқандай елімізде тәуелсіздік таңы атқанда «елімнен не аламын деп емес, не беремін деп келген» алыстағы қандастаымыздың өкілі Моңғолия Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Республикасы Ардагерлер ұйымының кеңес мүшесі, Қоғам қайраткері, жазушы Үзбен Құрманбайұлы мен медицина ғылымының докторы, профессор, академик, «Жас-Ай» медицина орталығының бас директоры Жасан Зекейұлының туындысы «Тәуелсіздік – тағдыр сыйы» кітабының тұсау кесер рәсімі Астанадағы академиялық кітапханада өтті.

Туынды қазақ елінің жетістігіне сүйініп, қоғамдағы түрлі келеңсіздіктерді қалт жібермей, баспасөз ақпарат құралдары арқылы пікір-ұсыныстарын білдіріп отыратын қос қаламгердің бұл еңбегі еліміздің, ұлтымыздың тыныс тіршілігіне қатысты ой-толғақ мақалалары мен елдік пен ерлікті арқау еткен өлең жырларынан тұрады. Қазақ жерінің байлығына көзі тұнған, халқының береке-бірлігін көре алмайтын күштердің тәуелсіздігімізге қауіп төндіріп отырған лаңкестік әрекеттерінің айла тәсілдерін әшкерелеп, оған тосқауыл қоюдың және мемлекеттік қызметшілер мен халықтың ара қатынасын жақындатудың жолдарын ұсынады. Сондай-ақ, тәуелсіздіктің ақ таңы атқанда атажұртына оралған шеттегі қандастарымыздың отансүйгіштік қасиеттері мен еліміздің экономикасын, өнер, мәдениетін өркендетуге, рухани тұрғыда серпілуімізге қосып отырған үлесіне нақты деректерге сүйене отырып, лайықты баға берген.

Тұсаукесер рәсіміне Қ.Р Парламент мүшелері Сәрсенбай Еңісегенов, Әділ Ахметов, қоғам қайраткері академик Ғарифолла Есім, Елтаңба авторы Жандарбек Мәлікбаев, Ермек Жұмабаев, қоғам қайраткері Қыдырбай Нұрпейіс, жазушы Қайрды Назырбаев, филология ғылымының докторы Қабидаш Қалиасқарұлы сияқты зиялы азаматтар қатысты. Кітаптың мазмұны, оның құндылығы жайлы Жасан Зекейұлы толығынан әңгімеледі.

Жаңа туындыны акедемик, доктор, профессор Жасан Зекейұлы мен бірігіп жазғанын таныстырған автор Үзбен Құрманбайұлы қазақ халқының мыңдаған жылдық тарихындағы ата-бабаларымыздың бастан кешірген ауыр қайғы қасіреттерін, сан ғасыр жауымен шайқасқан жанкешті ерліктерін әсерлі әңгімелеуі, жиналғандардың көңіл тебіреністерін туғызды.

"Қазақстан мемлекеті төркүл дүниеге танылды, ірі елдермен терезесі теңесті, ежелден ұлы халық, ұлы дала ел екенін әлемге паш етті. Онымен қоса төрт мың нан кем емес жыл тарихы бар екенін дәлелмен түсіндірген автор 25 жылда екі ғасырлық өркенге жеткеніміз Қазақ халқының қаһармандығы, Елбасының ерлігімен ерен еңбегінің нәтижесі. Тәуелсіздік арқасында отанына оралған 1,5 миллион қазақ нақты патриоттар. Өйкені олар жүздеген жылдар бойы мекен еткен елді, жерін, жайлау, күзеу, қыстау қорасын, өмір бойы жыйнаған дән дәулетін, басындағы үйін, астындағы көлігін, бәрін тастады. Үкіметтің Бас уәлинінің бірінші орынбасары, министірліктердің орынбасары, көптеген жоғарғы лауазым иелері, мемлекетке еңбек сіңірген қоғам қайраткелері, әртүлі саланың доктор, профессорлары, білікті дәргерлер мен мұғалімдер жылы үйін, жұмсақ орнын тастап тек сумкасын арқалай ата жұртына асыға жетті. Олар келді де қойын бақты, құрлысын салды, қыста қар тазалап, жазда ағаш екті. Соладың біреуі де біз қой бақтық, шаршадық деген емес, керісінше мақтан тұтты. Солар өзіне де өзгеге де үй салды, әрбір отбасы отандық өнім өндіре бастады. Қазір Қазақстанда жасалған мебель, үй бұйымдары, құрлыс матиралдардың көбісі осылардан. Ең бергісі ұлттық киім, үй жиһаздары, түбіт, түйе жүнінен тоқылған жылы киімдермен қанымдады. Күні бүгін оралман саналған ағайындар тәуелсіздікті ардақтап, елін қызғаштай қорғап, Елбасына, "Нұр Отан" партясына топтасатын күш болып қалыптасқанын кітаптың үшінші бөлімнен оқуға болады" - деді автор.

Автор кітаптың өнбойында халқымыздың асыл қасиеттері мен құндылықтарын, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен қоғамдағы жетекші партия «Нұр Отан» партиясының елімізді «Мәңгілік ел» ету жолындағы қажыр қайратын, іскерлігін, стратегиялық бағыт-бағдарларының маңыздылығын ашып көрсетуге ерекше күш салғандарына тоқталды.

Тұсаукесер рәсіміне қатысушы қоғам қайраткерлері жаңа туындының маңызына тоқталып, жылы лебіздерін білдірді. Авторлардың мемлекет пен халықтың арасын жақындатуға қатысты көтерген тың идеяларына жоғары баға берді. Қоғам қайраткері академик Ғарифолла Есім Жасан Зекейұлы мен Үзбен Құрманбайұлының тек жазушы ретінде ғана емес, елімізде медицина ғылымының дамуына қосқан үлесі мен іскерлік саласындағы еңбектрін айрықша атап көрсетті. Жиында сөз алғандардың барлығы дерлік тәуелсіздік жылдарында отанына оралған қандастарымыздың білімділігі мен біліктілігіне, еліміздің дамуына, қосып жатқан үлесреріне ерекше тоқталып, қоғам қайраткері, жазушы Ж.Зекейұлы мен Ү.Құрманбайұлын солардың айқын дәлелі, үздік үлгісі ретінде бағалады.

Тұсаукесер барысында өнерпаздардың кітапқа енген жырлардан үзінділер оқып, авторлардың сөзіне жазылған әндерді шырқауы жиналғандардың көңілінен шықты.

Жанар Сайлауқызы

Ақпарат көзі https://baq.kz/kk/news/tauelsizdik_kuni/tauelsizdiktin_25_zhildigina_tamasha_tartu20161213_191900

Хабарласу