+7 (727) 390-19-19
+7 (727) 302-15-40
+7 (777) 232-18-71
+7 (717) 242-20-42
+7 (777) 277-85-99

Алматы қаласы, Әл- Фараби даңғылы-Розыбакиев көшесі
(Витебскея көшесі №42), жаңа атауы Жетісу 83а

 

Астана қаласы, Куйши дина 37/1

10.04.2017 неше жыл зардап шеккен гипотериоздан жазылдым

Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы

неше жыл зардап шеккен

гипотериоздан  жазылдым

«Жас-Ай» медицина орталығына қалқанша бездің ауруы – гипотериоздың ауыр түрімен келдім. Өзім жалғыз бара алмайтын болғандықтан, жолдасым ертіп келді. Ісіктен көзім ашылмайтын. Жүріп-тұруым қиын, саусақтарым бүгілмейтін еді. Дертіме дауа іздеп келгенімде бірінші мені терапевт Бибісара Кеңесқызы қабылдады. Қан қысымын, жүрек қағысын тексеріп,  профессор Жасан Зекейұлына алып барды. Ол кісі барлық ауруларды ілтипатпен қарсы алып, дерт меңдеп өздерінің психологиялық жағдайлары да төмендеп кеткен науқастардың барлығын жігерлендіріп, күш қуат беріп отырды.

Тамырдан ұстап негізгі диагнозымды қойды. Мен ол кісіні көргеннен-ақ осы жерден жазылып шығатыныма деген сенімділік орнай бастады. Жағдайымның ауырлығына қарап, бірден ине еміне жібермеді. Шөп дәрілермен емдей бастады. Сол дәрілерді қабылдап келген соң ғана ине емін жасады. Қаншама жыл ісініп ауырып жүріп, 20 күн тек шөп дәрі қабылдаудан-ақ жағдайым оңалып, денем жеңілдеп, бет аузымның ісктері қайтты.

   20 күннен кейін екінші курс еміне келдім. Ине салып, банкі қойып, массаж түрлеріне жіберіп ем жасады. Гүлнұр Нұрәліқызы, медбике Арайлым Мұқашева, Гүлнұр, гүлнәр бұл қыздар әр науқасқа жеке-жеке келіп, қал жағдайларын сұрап бәріне жағдай жасап отырды. 

      «Жас-Ай» орталығының басшысы халқына үлкен сый болып келгендей. Қазақстанның оңтүстігі, солтүстігі, батысы, шығысынан келіп адамдар ем алып, жазылып кетіп жатыр.

Мен бұл аурудан 4-5 жыл зардап шектім. Жергілікті дәрігерлер тағайындаған дәрілерден ем қонбай, қайда баратынымды білмедім.

 Менің екі жыл бұрынғы қалім мен қазіргі күйімнің арасы жер мен көктей. Қаншама жыл ауру салдарынан жұмыссыз отыр едім, биыл жұмысқа шықтым.

Мен сияқты дертіне дауа таппай жүрген жандарға уақыт өткізбей «Жас-Ай» орталығына келіп, тексеріліп, ем алып қайтуға кеңес беремін.

Халқына үлкен игі шара жасап жатқан бауырмал, «ұлық болсаң кішік бол» деген сөзді мықтап ұстанған Жасан Зекейұлы сияқты халық азаматтарына қолдау молынан болса екен деп тілеймін.

 

Баршагүл Тұрарова

 

Хабарласу