+7 (727) 390-19-19
+7 (727) 302-15-40
+7 (777) 232-18-71
+7 (717) 242-20-42
+7 (777) 277-85-99

Алматы қаласы, Әл- Фараби даңғылы-Розыбакиев көшесі
(Витебскея көшесі №42), жаңа атауы Жетісу 83а

 

Астана қаласы, Куйши дина 37/1

30.10.2015 ЕКІНШІ АРМАНЫМ – ЕКІНШІ БАЛА СҮЮ!

Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы
Тұрмыс құрған соң екі жыл бойы бала көтере алмай жүрдім. Алматы қаласында «Ана мен баланы қорғау» мемлекеттік ауруханасында киста және миома диагнозы бойынша емделіп шықтым. Басқа да барған жерлерім өте көп болды. Нәтиже көрмеген соң өз енем мені  2009 жылы Алматыдағы «Жас-Ай» шығыс-тибет медицина орталығынан ине қабылдайық» деп жетектеп алып келген болатын.
Мұнда бізді үлкен қуаныш күтіп тұр екен! Екі курстан кейін бала көтеріп, өмірімдегі баға жетпес арманым орындалды! Біріншіден Алланың мейірімімен, екіншіден білікті маман  Жасан Зекейұлының алтын инелерімен алтындай қызға ие болдық! Ұл болса  баланың есімін Жасай қоймақшы болып едік, қыз болған соң Раяна дедік. Өздеріңіз көріп отырғандай бүгінде  есейіп қалған, жасы беске толды. Дені сап-сау, көз алдымызда шапқылап-ойнап жүр. Ендігі келіп жүргенім, тағы бір құрсақ көтерсем  деген арманым бар еді… «Балалы үй – базар» дегендей  көп балалы ана болғанға не жетсін! Үміт артқан өзіміздің «Жас-Ай» орталығына қайта келіп едік, 25 пайыз жеңілдік берілді.
«Жас-Ай» медицина орталығына деген алғысымды сөзбен жеткізе алмай отырғаным соншалықты, жасаған жақсылықтарыңыз  бір Алладан қайтсын дегім келеді. Қазақ халқының демографиясына өз үлесін қосып, қаншама әйелдерге ана болу бақытын сыйлап жатқандарыңызды барша жұртқа жариялап, елімізде осындай ізгі орталықтың бар екендігін ескерткім келеді. Профессор Жасан Зекейұлының ізбасарлары – Бибігүл Нұртазаева, Бибісара Қалиева сынды дәрігерлерге де алғысымды білдіремін.
Анар ИБАЙДАЕВА,
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Абай ауылы

 

Хабарласу