+7 (727) 390-19-19
+7 (727) 302-15-40
+7 (777) 232-18-71
+7 (717) 242-20-42
+7 (777) 277-85-99

Алматы қаласы, Әл- Фараби даңғылы-Розыбакиев көшесі
(Витебскея көшесі №42), жаңа атауы Жетісу 83а

 

Астана қаласы, Куйши дина 37/1

30.10.2015 Алтын ине (поэма)

Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы
Дәрігерлермен танысты,
Сағынған жұрты табысты.
Таңданып шығыс еліне,
Өзара пікір алысты.
Мемлекеттік хатшы
Құл-Мұхаммед,
Бақылап жүрді бар істі.
Білуге құштар қандастар,
Ұшқыр ойлары жарысты.
Жылы жүректі қауышу,
Жақындатқандай алысты.

Көре алмаған дұшпанның,

Осы кез жағы қарысты.

Жай ғана дала желдетті,

Ақ жаңбыр жауып селдетті.

Рухани қала Түркістан,

Қарсы алып, қалың ел жетті.

Алатау қарлы асқақтап,

Қонақ қып төрге өрлетті.

«Бұлбұлын» шырқап Бибігүл,

«Гауһартасымен» тербетті.

Атажұрт атты ақ бесік,

Әлдилеп жайды жөргекті.

Қазақтың ниет-пейіліндей,

Күн нұрландырды жер-көкті.

Жала
«Пайғамбарымыз: «Шындығында, Аллахтың алдында, ең бір жеккөрінішті адам – біреуге қасарысқан кісі» деген (Әл-Бухари, Муслим).
«Біреуге ор қазсаң, өзің түсесің» (Халық нақылы).
Адам атадан кешегі,
Абыл мен Қабыл өседі.
Қыздарды туып Хауа ана,
Аналық өмір кешеді.
Ұлдар мен қыздар үйленіп,
Ұрпағы болды көшелі.
Бір туған қызды Абылға,
Қосуды Алла шешеді.
Сол кезде Қабыл қызғанып,
Қарсы болады деседі.
-Құрбан шал,-деді Аллаға,
Дұрысы істің осы еді.
Болады қабыл құрбаны,
Түгелденді Абыл есебі.
Берекелді боп еңбегі,
Мәртебесі де өседі.
Осы кезді аңдыған,
Араға шайтан түседі.
Қабылды сонда азғырып,
-Қайтар,-деп,-кеткен есені!
Тас пенен Қабыл бір салды,
Табылмас енді еш емі!
Содан бастап іштарлық.
Жақсылық жолын кеседі,
Зұлымдық пенен ізгілік.
Адамзатпенен көшеді,
Осы дерт жайлап даланы,
Санада асыр салады.
Биікке өрмелегенді,
Аяқтан шалып қалады.
Бірін-бірі көре алмай,
Сарсаңға сосын салады.
Қытайдан келген дәрігер,
Таудай-тын Жасан талабы.
Қазақстанда алғашқы,
Орталық ашты бағалы.
Қолында алтын инесі,
Емделушіге жағады.
Емхана салып бес қабат,
Халқынан құрмет табады.
Біртіндеп алтын инеге,
Бұрылып батыс қарады.
Жапония мен Түркия,
Америкаға да барады.
Халықаралық «Сократ»,
Орденін де алады.
Осыны көре алмаған,
Дұшпаны жапты жаланы.
Түбінде іскер озады,
Қаралай алмас тазаны.
Жылқы жылының жазында,
Дұшпаны орды қазады.
Жасанды сынап, жамандап,
«Жас Алаш» газеті жазады.
Кінәсі қайсы Жасанның,
Болды екен неге жазалы?
Көре алмаушылдық, күншілдік,
Алады келіп жағаны.
Арына тиіп, қаралап,
Бітті алып мүлде мазаны.
Қиналған кезде қысылып,
Жақсылар қолын созады.
Күншілге жауап қайырды,
Іске аспай жала-мазағы.
Тілектес болды Жасанға,
Ем алған барлық қазағы.
Шындықтың беті ашылды,
Ел-жұрттан нені жасырды.
Көре алмай дұшпан Жасанды,
Шулатып барып басылды.
Біліп ал енді дегендей,
Досың менен қасыңды.
Адал еңбек, маңдай тер,
Мерейін қайта асырды.
Бейбіт еңбектің әуені,
Тербетіп асау ғасырды.
Тот баспақ емес қашан да,
Жарқылдап тұрған асылды.

«Жас-Айға» – он жыл!

Расулуллаһ былай деген: «Игі істілік – көркем мінез» (Муслим).

Артта қап өмір жалғаны,

Ізденген Жасан талмады.

Шарықтап ұшқыр қиялы,

Қиырларына самғады.

Еңбекпен он жыл өтіпті,

«Жас-Айы», « Жас-Ай» болғалы.

Он жылың – асқан он белес,

Ойменен Жасан болжады.

Екі той бірге өтуде,

Бес жаста «Жас-Ай» журналы.

Еліне барын көрсету,

Әу бастан еді арманы.

Дастархан жайып, дәм беріп,

Әруаққа дұға арнады.

Академик Ғарифолла,

Тілекке тілек жалғады.

Зият қажы, Уалихан,

Ғалым Әділ сәлем жолдады.

Мәдениет министрі Арыстанбек,

Бас Муфти Ержан қажылар.

Барысын істің оңдады,

Шанхайдан келген төрайым,

Қуанып мұны қолдады.

Күннен-күнге өркендеп,

Ашылды қайнар жолдары.

Тәжірибе өзі жинаған,
Қиналғанмен жанын қинаған.
Қырық мыңдай науқасқа,
Денсаулығын сыйлаған.
Жеті мың науқасқа тегін ем,
Болар ма одан сыйлы адам.
Академик былай дейді екен:
«Науқаспен бірге қиналам.
Айығып кетсе дертінен,
Берілген үлкен сый маған.
Жазылмайтұғын ауру жоқ,
Оған мен бүгін иланам…»
Жұмысын жасап жүйелі,
Бәріне өзі ие еді.
Зарығып жүрген көптеген,
Отбасы бала сүйеді.
Мешел боп қалған балалар,
Өз аяғымен жүреді.
Талай жандар қуанды,
Жарыла жаздап жүрегі.
Жазылған Дамир, Қанила,
Сондай ұл-қыздың бірі еді.
Жұлыннан ауру Аружан,
Өздігінен қазір жүреді.
Жетпіс екі миллион көмегі,
Желге ұшпаған біледі.
Жақсылығы шексіз сыйлаған,
Ниеті тура – тілегі.
Еңбегін арнап халқына,
Елжірей түсер жүрегі.
Көңілден кетіп күдіктер,
Тербелді жай мен тұнық көл.
«Жас-Ай» журналы бес жаста,
Алаулай жанды үміттер.
Науқастың нақты көп сырын,
Журнал арқылы біліпті ел.
Қазірет, Нұржан, Мамырбек,
Қаламы ұшқыр жігіттер.
Жанна, Айман, Баян қыз,
Жасырған сырын біліп көр.
Журналын өзі басқарып,
Төгеді Жасан тұнық тер.
(Жалғасы бар…)

 

Хабарласу