+7 (727) 390-19-19
+7 (727) 302-15-40
+7 (777) 232-18-71
+7 (717) 242-20-42
+7 (777) 277-85-99

Алматы қаласы, Әл- Фараби даңғылы-Розыбакиев көшесі
(Витебскея көшесі №42), жаңа атауы Жетісу 83а

 

Астана қаласы, Куйши дина 37/1

07.12.2015 Абай рухы мәңгі өшпейді

Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы

Қазақстан тәуелсіздік алған алғашқы жылы хәкім Абай атамыздың 150 жылдығын еске алу торқалы тойы ЮНЕСКО деңгейінде аталып өтілгенде, сонау Қытай топырағында жатып келе алмағанымызға өкінген едік. Ат арытып арнаулы келуге қанша талпынғанымызбен де, істің соңы «арман көп те, дәрмен жоқпен» тынған болатын. 1995 жылы атамекенге қоныс аударып келісімен бірден ат басын Жидебайға бұрдым. Тарихи Отанымның киелі топырағына табан тигізгесін ең әуелі Абайдай ғұлама атамыздың рухына тағзым ете бармау арыма сын-тұғын. Сөйтіп, күллі әлем таныған ғұлама ойшыл Абайды туған қасиетті Семей топырағына алғаш табаным тиген еді. Содан бері де бұл өңірге талай ат ізін шалдырсам да, осы жолғы сапарым бәрінен бөлек болатын. Себебі Абайдың 165 жылдығын атап өту мерейтойына облыс әкімі атынан маған да шақыру келіп түскен болатын.

Алатаудың арғы бетінде ар­мандаған арманның, тәуелсіз Ота­нымның құшағында жүзеге асып жатқанына шексіз қуандым, ақын рухына ел ағаларымен бірге тағзым ету орайы туды. Бұл игі шараның өтуіне тікелей ат салысып, мұрындық болған қазақтың бүгінгі ұлағатты ұлы, ел ағасы Бердібек Сапарбаевқа айтар алғысым шексіз. Себебі бұл күнде Абай атамызды еске алу шаралары республиканың түпкір-түпкірінде жыл сайын әр деңгейде аталып өтілгенімен, ақынның туған өлкесінде тіпті де жоғары деңгейде жалғасын тауып келеді екен. Өткен жылы ғана Өскеменде облыс орталығынан данышпан атамыздың мүсіні орнатылыпты. Облыс және республика көлемінде түрлі мүшайралар өткізіліп, Абай рухын жаңғырту, өскелең ұрпаққа ақын шығармаларын насихаттау ісі жүйелі түрде жүзеге асып келе жатыр екен. Барлығына да жыл сайын Бердібек аға өзі бас болатын болса керек. Мен мұны ағамыздың тек Абайға емес, тұтас қазақ халқына, қазақ мәдениетіне, әдебиетіне көрсеткен үлкен құрметі дер едім. Бұл ойымды облыс және Семей қала әкімдігінің белгілі абайтанушы ғалым, мемлекеттік сыйлықтың иегері Қайым Мұхаметхановтың рухына көрсетілген құрметі айғақтағандай. Қайымдай асыл ағаға, Абай көшесінің бойында, Абай кітапханасының жанынан ескерткіш-бюст орнатылды.
Абайдай ұлы ақынға туған халқының құрметі ерекше болды. Себебі ат мінгізіп, атан жетелететін халқымыздың бағзыдан келе жатқан ата салты бұл жолы басқа қырынан,

Алатаудың арғы бетінде ар­мандаған арманның, тәуелсіз Ота­нымның құшағында жүзеге асып жатқанына шексіз қуандым, ақын рухына ел ағаларымен бірге тағзым ету орайы туды. Бұл игі шараның өтуіне тікелей ат салысып, мұрындық болған қазақтың бүгінгі ұлағатты ұлы, ел ағасы Бердібек Сапарбаевқа айтар алғысым шексіз. Себебі бұл күнде Абай атамызды еске алу шаралары республиканың түпкір-түпкірінде жыл сайын әр деңгейде аталып өтілгенімен, ақынның туған өлкесінде тіпті де жоғары деңгейде жалғасын тауып келеді екен. Өткен жылы ғана Өскеменде облыс орталығынан данышпан атамыздың мүсіні орнатылыпты. Облыс және республика көлемінде түрлі мүшайралар өткізіліп, Абай рухын жаңғырту, өскелең ұрпаққа ақын шығармаларын насихаттау ісі жүйелі түрде жүзеге асып келе жатыр екен. Барлығына да жыл сайын Бердібек аға өзі бас болатын болса керек. Мен мұны ағамыздың тек Абайға емес, тұтас қазақ халқына, қазақ мәдениетіне, әдебиетіне көрсеткен үлкен құрметі дер едім. Бұл ойымды облыс және Семей қала әкімдігінің белгілі абайтанушы ғалым, мемлекеттік сыйлықтың иегері Қайым Мұхаметхановтың рухына көрсетілген құрметі айғақтағандай. Қайымдай асыл ағаға, Абай көшесінің бойында, Абай кітапханасының жанынан ескерткіш-бюст орнатылды.Абайдай ұлы ақынға туған халқының құрметі ерекше болды. Себебі ат мінгізіп, атан жетелететін халқымыздың бағзыдан келе жатқан ата салты бұл жолы басқа қырынан, заманауи тұрғыдан көрініс тапты. Су жаңа Абай атындағы ұшақ ақынның туған қаласына Алматыдан арнаулы келіп қонды. Бүгінгі тәуелсіз әрі экономикасы орнықты көтеріліп келе жатқан, әлем елдері алдында өзіндік бет-беделі қалыптасып келе жатқан ұлтымыздың ұландарының ұлт ғұламасына көрсеткен бұл құр­меті жігеріңді тасытып, рухыңды асқақтатады, еліңнің елдігіне сүйінесің. Бұдан соң біз ғұламаның шәкірті Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде өткен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатыстық. Бұл жерде де конференцияны асыл ағамыз Бердібек Сапарбаев өзі ашып, өзі жүргізіп отырды. Кеште басқа да ел азаматтарымен қатар сенатор Ғайрекеңдер сөз сөйледі.

Келесі шара қазақтың біртуар ұлы Қаныш Сәтбаевтың атына берілген көшенің күнін атап өтумен жалғасты. Жалпы, бұл дәстүр Семейде бұрыннан жалғасын тауып келе жатыр екен. Осыдан бұрын Абай, Шәкәрім, Әуезов көшелерінің күндері өткізіліпті. Әлі де орыс тілді ағайындардың саны біршама көп қалада ел ағаларының атқарып жатқан бұл ісі барша Қазақстанға үлгі боларлық бастама. Себебі алғаш атамекенге ат басын тіреп, әсем қала Алматыға алып ұшып жеткенде ондағы көше аттарының орысша аталуы, тұрғындардың өзара орысша тілдесуі елім деп келген есіл көңілге су сепкендей кері әсер қалдырып еді. Ұрпақ үшін ұлттық тәрбиенің қарапайым істерден де бастау алатынын ескерсек, тәуелсіз  елдің көше аттарының қазақ тілінде болуы әбден орынды. Алматыдағы алғашқы жылдардың бірінде Абай көшесінің бойында қызым Ұлпанның «Абай кім» деп сұрағаны әлі есімде. Кеудемді мақтаныш кернеген сезіммен Абай туралы қызымның сәби санасына аздап мағлұмат берген едім. Сол кезде маған бұл көше егер мен танымайтын өзге ұлт өкілдерінің бірінің атында болса не дер едім деген ой келіп еді. Ұлт үшін, қазақ елі үшін атқарған еңбегімен тарихта аты қалған бабаларымыздың есімдері бүгінгі тәуелсіз елдің қалаларының көше аттарына берілуі – отаншыл ұрпақ тәрбиелеу ісі үшін атқарылған ең игі шара. Аллаға шүкір, бұл күнде қалалардың көше аттары, негізінен, қазақшаланып келеді…

Ақынды еске алу шарасы түс ауа Абай атындағы театрда жал­ғасты. Бұл жерде де сөзді Бекең ағамыз бастады. Мұндағы бәрімізді қуантарлық жаңалық Нью-Делиде де Абай ескерткішінің ашы­ла­тындығы туралы хабар болды. Абайды әлем таныса, Абай арқылы қазақты да біліп жатыр, отырған алқалы қауым осыған қуанды. Ақын рухына деген құрметі мен қуанышын Тұма ағам сұлу жыр жолдарымен өрнектесе, кеш сәнін жақсы ағам әрі әнші ағам, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Шахимардан Әбілов асқақ әуенімен әрледі. Кеш соңына қарай, ақынның ұрпақтары, облыс әкімінің қолынан тиісті сый-сияпаттарын алды. Кеште бастан-аяқ Абай әндері шырқалды.

Жұма күні Абай ауданында болдық, тарихи орындарды араладық. Қарауылтөбеде өткен ат жарысын, балуандар күресін тамашаладық. Мұнда алыстан келетін қонақтарға арналып елуге жуық кигіз үй тігіліпті. Кең тынысты ақ орданың ішінде, ауыл өнерпаздарының өнерін тамашалап, Шахимардан ағаның ақсақ әуенін тыңдаудың өзі бір ғанибет. Семейде болған сапардың тағы бір мәні менің Семей Медициналық академиясының оқытушы-оқушы­ларына сөйлеген лекциям дер едім. Бұл туралы жақын досым, Семей мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры Мейір Ғарифоллаұлына айтар алғысым зор. Мейір арқылы медакадемияның ректоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор Рахымбеков Төлеубай Келімбекұлымен  танысып, достастым. Олардың ұсынысымен қазіргі заман медицинасы туралы академияда лекция сөйледім. Облыстық бірнеше телеарнаға сұхбаттар бердім. «Бір досың көп болса, бір өрісің кең болады» деген аталы сөзді халқымыз осыдан айтса керек.

Жалпы, Семейде болған аз күндік сапар мәнді де сәнді өтті. Абай атамыздың 165 жылдығын еске алу кешінен алған әсеріміз де, ішке түйгеніміз де мол болды. Туған ұлтымызды жаңа бір қырынан танығандай әсерде қайттық. Қашанда қазақ бар жерде Абай рухы өшпек емес. Тек ел аман, жұрт тыныш болғай!
Жасан Зекейұлы
Алматы-Семей-Алматы

 

Хабарласу