+7 (727) 390-19-19
+7 (727) 302-15-40
+7 (777) 232-18-71
+7 (717) 242-20-42
+7 (777) 277-85-99

Алматы қаласы, Әл- Фараби даңғылы-Розыбакиев көшесі
(Витебскея көшесі №42), жаңа атауы Жетісу 83а

 

Астана қаласы, Куйши дина 37/1

11.07.2015 ІЗГІЛІКТІҢ ІЗІ БАР…

Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы
«Жігіттің жұмсаған күшін сұрама,  бітірген ісін сұра»
Халық даналығы
Халық – өз таңдауын кемшіліксіз жасайтын Алладан кейінгі екінші әділ таразы. Азаматтарын еңбегіне қарай құрметтеп, жасына қарай ізет көрсетеді.  Таңмен таласа тұрып, талай істі бітіретін еңбекқор адам мен түске дейін ұйықтап түк бітірмейтін жалқаудың айырмашылығы шыққан биігі мен қалдырған ізінде болмақ. Шынайы еңбек адамын, дарын иесін құрметтей білген қоғамның беталысы берекеге апарады. Орайын тауып опырып қалатындар мен мүмкіндігін мүлт жібермейтін, иненің көзінен өтетін пысықайлар елдің бағын еш уақытта жандырмайды. Адамзаттың алға дамуы тек ғалымдар мен еңбек адамында жатыр. Міне, осындай ғалымдығы мен еңбексүйгіштігін семсердің екі жүзіндей қатар алып жүрген жан – Жасан Зекейұлы.
 

Халық – өз таңдауын кемшіліксіз жасайтын Алладан кейінгі екінші әділ таразы. Азаматтарын еңбегіне қарай құрметтеп, жасына қарай ізет көрсетеді.  Таңмен таласа тұрып, талай істі бітіретін еңбекқор адам мен түске дейін ұйықтап түк бітірмейтін жалқаудың айырмашылығы шыққан биігі мен қалдырған ізінде болмақ. Шынайы еңбек адамын, дарын иесін құрметтей білген қоғамның беталысы берекеге апарады. Орайын тауып опырып қалатындар мен мүмкіндігін мүлт жібермейтін, иненің көзінен өтетін пысықайлар елдің бағын еш уақытта жандырмайды. Адамзаттың алға дамуы тек ғалымдар мен еңбек адамында жатыр. Міне, осындай ғалымдығы мен еңбексүйгіштігін семсердің екі жүзіндей қатар алып жүрген жан – Жасан Зекейұлы.

Бір адам туралы бір адамның айтқаны ақиқат болмауы мүмкін. Бірақ, бір адам туралы тұтас халықтың пікірі – шындық.

Жасан Зекейұлының білік­тілігімен нәтижелі жұмыс жасап келе жатқан «Жас-Ай» медицина орталығына келіп жазылып қайтқан мыңдаған науқас өз алғыстарын жазып қалдырған. Сол алғыс кітапшаның ішіндегі еліміздің түкпір-түкпірінен келген адамдардың сан алуан жүрек лебіздерін жинақтап, кітап етіп құрастырып шығардық. «Ізігіліктің ізі бар…» атты бұл кітап қалың оқырман қауым үшін өмірдің мәні мен мағынасын тереңірек түсіну үшін пайдалы болар деген ойдамыз.

Атап айтар болсақ, «Инсульт алып, бүйрегінде өспесі (киста) бар» деген деген диагнозбен келіп жазылып қайтқан  Батыс Қазақстан облысының тұрғыны Душаев Булат Қалиұлының тебіреніп айтқан алғыс сөздері көңіліңізді босатпай тұрмайды.

Өт жолдары жұмыс жасауы дұрыс болмай, тамақ батпай, көз ауруына (глаукома) шалдығып, осы дерттің барлығынан «Жас-Ай» орталығы емінен кейін құлантаза айығып шыққан Маңғыстау облысы, Ақтау қаласының тұрғыны Байдаулетова Оңайдың қуанышты жүзін көрсеңіз, еріксіз елжірейсіз.

Баласы туа біткен гипотериоз, психо-эмоционалдық сөйлеу мәнерінде кемшіліктері бар, 6 айынан бастап невропатологтың тіркеуінде тұратын Қалампыр  Базарбайқызының көрмеген тауқыметі, көтермеген азабы қалмаған. Бала қасіретін арқалап жүрген ананың «Жас-Ай» орталығына келіп үміт оты жанып, қатал тағдырдың қабағын жібіткенін көзбен көрдік. Беті бері қараған баласын құшақтап, болашаққа деген сенімі артқан ана жүзіндегі қуанышты айтып жеткізу мүмкін емес.

Дене ауруына ұшырағанына 20 жылдан асқан, өмірдің қызығынан біржола баз кешіп, тек күнді күнге жалғап, тіпті кейде,  «мені бұл дерттен тек қана өлім құтқаратын шығар» деп күдерін үзіп жүрген Баймаханова Сейсеп  апамыздың 68 жасында «Жас-Айдың» емін бір курс алғаннан кейін-ақ денесіне жылу бітіп, тіршілікті сезіне бастағаны керемет емес пе?!. Дүниеге екінші рет келді деп осындайда айтылады ғой. Мұндай жағдай тек фантастикалық фильмдердегі сюжетте ғана кездеседі десеңіз, қатты қателесесіз. Себебі, бұған Сейсеп әжеміздің тағдыры дәлел болмақ.

Ал, Айнұр Өмірбайқызы  2007 жылы ұлы Зікрия Мұса өмір есігін ашқан кезде қаншалықты қуанды  екен! Бірақ, сол қуаныштың артында салмағы мың батпан қайғы жатқан еді. Сәби тағдырына тастай ауыр болған аурулар жазылған екен. Церебралды салданудың атонино-астатиналық түрі, орташа-ауыр дәреже, бір сөзбен айтқанда ақыл-есінің кеш дамуы. Кішкентай сәбиге тағдырдың тартқызған азабы, әсіресе ана жүрегіне көбірек батып, көңілін босататын. Баласына қарап жүрегі бордай үгілген ана түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден айрылмай ма? Осындай ауыр дертті баласы мен оны қайтсем де емдеп жазамын деген үмітін арқалап орталыққа жеткен Айнұр ананың тілегі орындалды. Кішкентайдың көрер қызығы сақталды. Баласының бақытын бәрінен биік қойған әзиз ана Жасан Зекейұлына шексіз алғыс айтып, ауылына қайтты.

Ауыр жол апатына түсіп, аяулы жарынан айрылып, өзі екі жарым жыл төсек тартып жатқан Ұланның тағдырын естіген жан шыдап тұра алмайды. Оның жалғыз ғана шүкірлігі ауыр апаттан қызының аман қалғандығы болды. Ол үшін басқа көңілге медет етерлік ештеңе қалмаған еді. Алматы мен Талдықорғандағы төрт ауруханада ем алса да, төсектен тұра алмаған Ұланның Жасан Зекейұлы жасаған емнен кейін бір айдың ішінде аяқ-қолына жан кіріп, жүре бастағанын естіген адам еріксіз көңілі босап, рахметін жаудырады. Әрине, жүрегі жылылыққа толы адам болса.

Тағы бір кейіпкеріміз, Қашағанова Сәния да Ұланмен тағдырлас жан. Абайсызда құлап қалып, омыртқасына зақым келтіріп алған Сәния 3 жыл бойы мүгедектіктің зардабын шеккен екен. «Жас-Ай» орталығының 3 курстық емін алып, нәтижесінде ауруынан біржола айығып, өздігінен жүріп-тұратын күйге жеткен.

Ал, Соловьева Любовь Алексеевнаның қызы 20 жылдан бері талма ауруымен арпалысып, сөздері түсініксіз болып, тіпті, соңғы кезде құлағы да естімей қалған. 20 жыл бойы бір аурумен арпалысу, күдер үзбеу тек ардақты ананың қолынан келетін теңдессіз ерлік.  Ана жүрегі сезді ме екен, қызын жетелеп, ерен сеніммен «Жас-ай» орталығына іздеп келіпті. Сөйтіп, ем қонып, қызының бірінші курстан бастап жүрісі дұрысталып, сөзі анықтала бастады. Ойлау қабілеті де жөнге келді. Төрт курс ем алғаннан кейін біржолата жазылып кетті.

Жуырда белгілі бір қайраткер 90 жастан асқан шағында ауырып өлім аузында жатқанда «90 жастан асқан жасымда осы жасаған өмірімде істеген еңбегімнің шапағатын көрдім, қаншама жетістікке жеттім. Бұрынғы Совет заманында Д.Қонаевтың өз қолынан көптеген мадақтау қағаздар мен ордендер алдым. Қазіргі президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың қолынан да сондай мадақтау қағаз бен ордендер алдым. Мемлекет тарапынан үй сыйлады, көптеген жақсылықтарды жасады. Бірақ мен қазір егер Алла маған тағы да бір жылдай ғана өмір беріп денсаулығымды оңғартса, сол атақтың барлығын қайтарып берер едім деп ойлап жатырмын. Адамға керегі тек денсаулық, өмірдің тәттілігі екеніне көзім жетті» деп айтқан еді. Денсаулықтың қадірін ауырмай жүріп білейік. «Денсаулық – басты байлық» деп қазақ ата-бабамыз бекер айтпаған. Шынында, мәніне бойласақ, ешқашан денсаулықтан асатын байлық болмайды.

Бұл баяндап отырғандары­мыздың бәрі «Жас-Ай» медициналық орталығының алғыс кітапшасындағы ауырып келіп, айығып қайтқан жандардың жүрек сөздерінен алынып отыр.  Сол бір алғыс кітапты көрген сайын көзіме ыстық жас келеді. Осынау ақ парақтарда әр түрлі жазу үлгісі ғана емес, әрүрлі тағдыр жатыр. Тағдыр болғанда, күнгейлі емес, теріскейі көп, тепершілігі басым тағдыр.

Сондықтан әсері басым «Алғыс кітапшасын» өзгелермен бөлісу үшін кітап ретінде құрастыруды мақсат тұттық. Жинақты оқу арқылы, өмірдің боямасыз шындығын, шынайы кейіпкерлерін көре аламыз. Оны қолыңызға алып оқыған сайын, өмірге жаңаша көзқараспен, қанағаттылықпен, тәубешілдікпен қарайтын боласыз. Бұл кітап «өмір» деген жазушының «тағ­дыр» деген шығармасы. Шипалы емге, тағдырларын өзгерткен себепшіге деген риясыз алғыстар жинақталған қуатты кітаптың оқыр­манынан болайық.

Қазырет БЕРДІХАН

 

Хабарласу