+7 (727) 390-19-19
+7 (727) 302-15-40
+7 (777) 232-18-71
+7 (717) 242-20-42
+7 (777) 277-85-99

Алматы қаласы, Әл- Фараби даңғылы-Розыбакиев көшесі
(Витебскея көшесі №42), жаңа атауы Жетісу 83а

 

Астана қаласы, Куйши дина 37/1

13.07.2015 Алтын ине алтын уақыттың қадірін біледі!

Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы
«Жас-Ай» медицина орталы­ғына осы жолы балдақтың сүйемел­деуі­менен болса да, өз аяғыммен жүріп келгеніме аса бақыттымын. 2014 жылы 31-ші желтоқсанда жол апатына ұшырап, жедел жәрдемменен Жамбыл облыстық нөмірі 1-ші ауруханасына жеткізілген едім. Қимылсыз төсек тартып ауруханада бір ай бойы дәрі-дәрмекпен емделіп жаттым. Сөйтіп ол жақтан қимылсыз күйде үйге оралдым. Жүріп-тұруым, қимылдауым мен тамақ ішуім жақындарымның көмегінсіз мүмкін емес еді… «Сені бір жазса, «Жас-Айдың» инелері жазады, сонда апарып емдетемін!» деді, бір күні әкем, баласының қиналып жатқанын көре жаны құлазып кеткендей. Олар бұл орталықпен бұрындары да таныс болатын. Анамды инсульттан тұрғызып, сөйлей алатын дәрежеге жеткізген соң иненің құдіретіне әкем де, барлық отбасы мүшелері болып қатты сенетін едік…
Менің жағдайым өте ауыр болған соң профессор Жасан Зекейұлы көбінесе өзі қарап, ине салды. Шәкірті Бибісара Кеңесқызымен бірге ем-дом жасап, «Алла сәтін салса, аяққа тұрып кетесің!» деген еді Жасан аға, сәтін салып үш күннен соң дастархан басына өзім отырдым! Бір аптадан соң балдақпен жүретін болдым.
Бұл жолы құлап қалып, аяғын

«Жас-Ай» медицина орталы­ғына осы жолы балдақтың сүйемел­деуі­менен болса да, өз аяғыммен жүріп келгеніме аса бақыттымын. 2014 жылы 31-ші желтоқсанда жол апатына ұшырап, жедел жәрдемменен Жамбыл облыстық нөмірі 1-ші ауруханасына жеткізілген едім. Қимылсыз төсек тартып ауруханада бір ай бойы дәрі-дәрмекпен емделіп жаттым. Сөйтіп ол жақтан қимылсыз күйде үйге оралдым. Жүріп-тұруым, қимылдауым мен тамақ ішуім жақындарымның көмегінсіз мүмкін емес еді… «Сені бір жазса, «Жас-Айдың» инелері жазады, сонда апарып емдетемін!» деді, бір күні әкем, баласының қиналып жатқанын көре жаны құлазып кеткендей. Олар бұл орталықпен бұрындары да таныс болатын. Анамды инсульттан тұрғызып, сөйлей алатын дәрежеге жеткізген соң иненің құдіретіне әкем де, барлық отбасы мүшелері болып қатты сенетін едік…Менің жағдайым өте ауыр болған соң профессор Жасан Зекейұлы көбінесе өзі қарап, ине салды. Шәкірті Бибісара Кеңесқызымен бірге ем-дом жасап, «Алла сәтін салса, аяққа тұрып кетесің!» деген еді Жасан аға, сәтін салып үш күннен соң дастархан басына өзім отырдым! Бір аптадан соң балдақпен жүретін болдым. Бұл жолы құлап қалып, аяғын Өтебайқызын емдету үшін Жасан ағаның алдына көмек сұрап келдім. Себебі, Тараз қалалық аурухана дәрігерлері отаны 7 сағат жасауымызға тура келеді. Жасағаннан соң наркоздың әсерінен тұра алмай қалу қаупі бар. «Анамыздан айырылып қалсақ дәрігерлерден кінә іздемейміз» деген қолхат жазып берулеріңіз керек» деген сөздерінен кейін, Алматыға алып келуімізге тура келді.

Жасан Зекейұлы анамның жағ­дайын көріп; «Міндетті түрде ота жасалынуы тиіс. Мен сіздерге жақсы хирург тауып беремін» деп, ашығын айтты. Нөмірі 4-ші қалалық аурухананың травмотологиялық бөлімінде 2-ші мамыр күні 1 сағат, 40 минут ота жасалынды. Ота сәтті жасалынып, анам қазір өздігімен жүріп жүр. Осы қуанышты жағдайдан хабардар етейін деп, ағамыздың алдына келгенімде анамның толықтай сауығып кетуіне, сондай-ақ өзіме де қосымша дәрі-дәрмектер беріп, тағы бір қуантты. Отбасымызбен бірге Жасан Зекейұлының жақсылықтарына тәнті болып отырмыз. Алғысымызда шек жоқ!

Әрине, елімізде бұрын-соңды бол­маған инемен емдеу орталығының халыққа қызмет етуі өте қуанышты жағдай. Отандық дәрігерлер халық­тан алғанды жақсы көрсе, өз Отанын сағынып, шөлдеп келген аза­маттың халыққа берері мол. Бұл орта­лықтың ашылғалы бергі елге жасаған жақсылықтары да ұшан-теңіз. Нағыз алтын жүректі адам. Адал еңбегімен аяққа тұрғызған «Жас-Ай» орта­лығының одан сайын гүлдене беруіне тілектеспін! Емге зәру болып жүрген қаншама жандарға да айтарым, алтын уақыттарын зая кетірмей, осы орталыққа әкелер жолды тапса екен дегім келеді! Себебі, алтын жүректі адамның алтын инелері алтын уақытыңыздың қадірін біледі!

Тұрысбеков Ескендір,

Жамбыл облысы,

Жаңатас қаласының тұрғыны.

 

Хабарласу