+7 (727) 390-19-19
+7 (727) 302-15-40
+7 (777) 232-18-71
+7 (717) 242-20-42
+7 (777) 277-85-99

Алматы қаласы, Әл- Фараби даңғылы-Розыбакиев көшесі
(Витебскея көшесі №42), жаңа атауы Жетісу 83а

 

Астана қаласы, Куйши дина 37/1

13.07.2015 Бір шаңырақты бақытқа бөледі!

Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы
Біз «Жас-Ай» орталығында 2011 жылдың қазан айынан бері инемен емделіп келе жатырмыз. Сол жылы жол апатына ұшырап, немерелерім Алтай мен Әлидің денсаулығы нашарлап кетті. Ішкі құрылысына, ми қызметіне, нерв жүйелеріне, көздеріне, аяқ буындарына, басқа да көптеген  зақымдар тиген еді. Балаларға ота жасау керек болатын. Дәрігерлерінің рұқсатын алып, Жасан Зекейұлының инемен емдеу орталығына келгенімізде отасыз да балалардың жақсы болып кететініне сенім білдірген болатын.
Қазақ ұлтының Жасандай біртуар азаматының болуы Алланың бір құдіреті деп ойлаймын. Балалардың көз алдымызда жазылып келе жатқанына қарап, Жасан Зекейұлына қашан да алғысымызды білдіріп, басына амандық-саулық, балаларының қызығын көрсін деп тілеп отыратын болдық.
Біз енді әрбір курсты қалт жібермей, кел деген уақытында келіп, жүйелі түрде ем алып отырдық. Соның нәтижесі болар, Алтай немерем 5 курстан соң жазылып кетті. Тағы бір 2 курстан кейін көздері түзеліп қалды. Көзінің көруі алғашында + 5.4 болса, қазір  + 3.2-ге түсіп, едәуір жақсарып қалды. «Жас-Ай»-ға өте ауыр жағдайда келіп, осы келуімізде Алтайым мен Әлиім жүгіріп, секіріп, би билеп, өмірдің рахатына бөленіп жүргенін көріп атасымен бірге шексіз қуанып, Аллаға шүкіршілік етіп отырамыз. Әлидің де көзінің көруі нашар болатын, ол да жуық арада көзілдіріксіз жүре ме екен деп үміттеніп жүрміз.
Екі бірдей балаға ине салып, шипасын қондырып жатқан балалар дәрігері Айгүл Оңдасқызына деген алғысымыз зор. Жалпы, «Жас-Ай» ұжымының барлық қызметкерлеріне ризамыз. Олардың әдептілігі, үлкендерді сыйлай білетіндігі, өздерінің ана тілінде сөйлеп жүретіндігі үшін зор құрметпен қараймыз.  Бұл орталықта балаларым ғана емес, аталарының  да емделіп жатқан жайы бар. Аталары жүре алмай келіп еді, ол да қазір ешбір қиналыссыз жүріп жүр. Сөйтіп, бір шаңыраққа бақыт пен қуаныш сыйлап отырған  «Жас-Ай» шығыс-тибет медицина орталығына  алғыстан өзге айтарымыз жоқ. Тек қана алға жылжып, гүлденіп, көркейе берсін дегіміз келеді!
Алтай мен Әлидің ата-әжесі,
Батыс Қазақстан облысы, Ақсай қаласынан.

 

Хабарласу