+7 (727) 390-19-19
+7 (727) 302-15-40
+7 (777) 232-18-71
+7 (717) 242-20-42
+7 (777) 277-85-99

Алматы қаласы, Әл- Фараби даңғылы-Розыбакиев көшесі
(Витебскея көшесі №42), жаңа атауы Жетісу 83а

 

Астана қаласы, Куйши дина 37/1

07.12.2015 «Жарықты сезе бастадым!»

Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы
Осыдан сегіз жылдай бұрын жол апатына ұшырап, қайғылы оқиғаға тап болдым. Мінген автобусымыз аударылып кеткен кезде бірқатар ауыр жарақаттар алдым. Қып-қызыл қанға боялған жерді көріп, сол кезде қатты қорықтым. Миым шайқалып, тістерімнің барлығы түсіп қалған. Бет-жақ сүйектерім сызат алғандықтан, аузы-мұрным  құрғап кеткен. Түнде ұйықтағанда буын-буындарым сырқырайды. Бәрінен бұрын көз жанарым су қараңғы тартып, өмірдің жарығынан қараң қалдым ғой. «Жол апатынан соң кірпіктеріңіз көздің ішіне кіріп кеткен, көзіңіздің қан қысымы  да  бар екен» – деді, дәрігер Жасан інім, мені тексере келе. Өзі ине салып, біраз ем жасады. Бұл менің «Жас-Ай» медицина орталығына екінші рет келуім. Ең алғаш келуімнен бұрын бір түс көрдім. Түсімде анық дидарын көре алмадым, бірақ басында бөркі бар, беліне таққан үлкен белбеуі бар екен… Жанына ерген ақ кимешекті бір әже бар екен деймін. Мені емдеуге келіпті. Жасан Зекейұлы заманында талай ауруларды емдеген атақты Бек деген әулиенің ұрпағы деп естігенмін. Сол әулие атасы түсіме енген болар деп жорыдым. Осы көрген түсімді Жасан ініме айтқанымда «жазылып кетесіз, көзіңіз де көретін болады» деді. Менің көз жанарым шынымен де жарықты сезе бастады. Бұрындары қараңғы түнектен өзге ешнәрсені сезбеуші едім… Қазір бойым да жеңілдеп, үміт пайда болды. Құлақтарымның шуылы да біршама басылды. Бұдан бұрын қаншама дәрігерлерге қаралып едік, олар маған «Осы күйіңізде қаласыз. Бұл – кәріліктен де болады» дейтін де жіберетін. Қартайғандардың барлығы мен секілді көз жанарынан айрылмайтын болар… Алладан тілейтінім, өмірдің жарығын көру! Дүниеге келіп жатқан немере, шөберелерімнің түрін көрсем деймін. Мен қазір қараңғылықтан құтылып, бір жарықты сезгеніме ризамын. «Жас-Ай» шығыс медицинасының дәрігерлеріне алғысым шексіз. Әсіресе, мені қабылдаған Бибісара Қалиева, профессор Жасан мырзаменен бірге ем-дом жасап жатқан Бибігүл Нұртазаеваға және де мейірбикелері мен барлық ұжымына тілейтінім тек амандық пен деннің саулығы. Осы орталықты бәле-жаладан сақтап, қашан да  Бек Әулиенің әруағы қолдап жүрсін дегім келеді!
Исанбекова Нұрилахан, 78 жаста,
Алматы облысы, Жаркент қаласынан.

 

Хабарласу