+7 (727) 390-19-19
+7 (727) 302-15-40
+7 (777) 232-18-71
+7 (717) 242-20-42
+7 (777) 277-85-99

Алматы қаласы, Әл- Фараби даңғылы-Розыбакиев көшесі
(Витебскея көшесі №42), жаңа атауы Жетісу 83а

 

Астана қаласы, Куйши дина 37/1

11.05.2015 Қасіреттен айықтырған қасиетіңнен айналайын!

Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы
Өмірдің бақыты – деннің саулығында болса керек. Әсіресе, «балалық шақтың кермек дәмін» татып қалу – әрбір сәби жүрегінде өкініштің өзегіне айналары сөзсіз. Өміріміздің ең сәтті де, тәтті кезеңі осы бір  балалық шақта қалыптасады емес пе?! Ал, баланың дұрыс сөйлеп, жүре алмауы салдарынан тәтті қиялдардың шырмауына ғана шырмалып отыра беруі қай ата-ананың жанына батпайды дейсіз?! «Жас-Ай» орталығына келген әрбір емделуші жазылып, дертіне дауа табу үшін келетінін естіп-білген осындай ата-аналар «малым – жанымның садақасы, жаным – арымның садақасы» деп келетін болса керек. Олардың  мұнда қай жақтан келсе де, үлкен үміттерін бірге арқалап келері сөзсіз. Ең бастысы, сол үміттер ақталуда!
«Денсаулықтың  қадірін ауырғанда білерсің»  демекші, немерем Пақыт Аяулым туылғалы бері дәрігерден дәрігерге жүгіріп, ауруханалардан шықпайтын болдық. «Жас-Ай» шығыс-тибет медицина орталығына келгенге дейін мойын буындары әлсіз, басын тік ұстай алмайтын  еді. Өкініштісі, балалар сал ауруын емдеп, аяқтан тұрғызуға  еліміздегі қалыптасқан медицинаның қауқары жетпейді екен. Шетелдерде ғана қомақты ақшамен емделуге болады. Бүгінде шетелге жүгінбей-ақ, өз елімізде де ем алып, айықпас дерттерден айығуға болатындығын «Жас-Ай» орталығы  мінеки,  дәлелдеп отыр. Алтын иненің құдіретіменен қызымыз Аяулым төртінші курс емінен соң бауырымен жорғалап, еңбектей  бастады. Өздігінен отыра алатын дәрежеге жетті. Ең алғаш профессор Жасан Зекейұлының қабылдауына келгенде «5-6 курстан соң жүріп кетеді» деген болатын. Дуалы сөзіне  сенеміз. Бірінші Алланың құдіретімен, екінші Жасан Зекейұлы мырзаның  елімізде осындай клиника ашып, шығыс медицинасын енгізіп отырғанның нәтижесі деп білеміз.  Аяулым  өз бетінше талпынып, еңбектей бастағанын көріп, үй ішімізбен қуанып Жасан мырзаға деген алғысымызды жиі айтып отырамыз. Бізге көбіне ине салған балалар дәрігері Айгүл Оңдасқызына да алғысымыз шексіз. Жайдары жүздерін көргеннен-ақ, бойыңдағы ауыр уайым-қайғыңды ұмытып, көңіл-күйің де көтеріліп қалады екен. Кішкентай балаларға деген махаббаты шексіз, өз ісіне аса ұқыптылықпен қарайды. Жалпы «Жас-Ай» медицина орталығының барлық ұжымына ұзақ, мағыналы ғұмыр тілейміз. Қасіреттен айықтырған қасиетіңнен айналайын  «Жас-Айдың» ақ халатты абзал жандарына  алтын ине ұстаған қолдарың  дерт көрмесін  дер едім!
Ізгі тілекпен – әжесі
Света Айдарханова мен
анасы Назерке,
Алматы облысы,
Фабричный  елді мекені

 

Хабарласу