+7 (727) 390-19-19
+7 (727) 302-15-40
+7 (777) 232-18-71
+7 (717) 242-20-42
+7 (777) 277-85-99

Алматы қаласы, Әл- Фараби даңғылы-Розыбакиев көшесі
(Витебскея көшесі №42), жаңа атауы Жетісу 83а

 

Астана қаласы, Куйши дина 37/1

25.05.2015 Бірінші курс емінен кейін-ақ жақсы бола бастадым

Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы
Көп жылдан бері екі тізем қатты ауырып, жүргізбеуші еді. Оның бер жағында белім ауыратын болды. Дәрігерлер остеоартроз, омыртқа жарығы деген диагноз қойды. Осы диагноз бойынша облыстық ауруханада емделдім. Қанша емделсем де, аяқ пен белімнің ауруы күшейе түсті. Енді не істейтінімді білмей жүргенімде, өткен жылдың қазан айында жергілікті газетке журналист Қ.Смадиярдың «Жас-Ай шығыс-тибет медицина орталығында болғанда» деген үлкен мақаласы жарық көрді. Онда медицина орталығының  жұмысы мен профессор Жасан Зекейұлының қызметі, еңбектегі, ғылымдағы табыстары туралы кең түрде баяндалған екен. Осы мақаланы оқығаннан кейін менің бойымда «осында емделсем – жазыламын» деген үміт пен сенім пайда болды. Қараша айының аяғында осы үмітім мені «Жас-Ай» орталығына алып келді. Қазір мен екінші курс емін алып болдым. Бірінші курс емінен кейін-ақ тәуір бола бастадым. Профессор алдына келген әрбір науқастың тамырын ұстап, емнің қандай нәтиже бергенін айтады екен. Менің тамырымды ұстап көріп, айтқан; «Апа, сіз құлан-таза жазыласыз. Сіздей әжелер ұлтымызға керек…» деген бір ауыз жылы сөзі сенімімді одан сайын арттыра түсті. Жасан Зекейұлының бойындағы адамгершілік қасиеттері анасының ақ сүтімен дарыған. Олай дейтінім, мен оның анасы Шәрипа Қазезқызымен осы орталықтың 10 жылдық мерейтойында кездестім. Ол кісімен көлігіне жеткенше аз уақыт сөйлестім. Өте қарапайым жан екен. Денсаулық тілеп, көп алғысымды білдірдім. Жасан балам уақытпен санаспай еңбек етеді. Оның халқына сіңірген еңбегі ерлікпен пара-пар. Мұнда жұмыс жасайтын барша дәрігерлер мен мейірбикелер өз істерінің мамандары. Адамгершілігі мол, мейірімді жандар. Мен өз атымнан Жасан Зекейұлына аналық алғысымды білдіре отырып, Алладан денсаулық, отбасыңызға береке, бақыт тілеймін. Емдеуші дәрігерлерім Бибісара, Бибігүлге, мейірбикелері Әйгерім мен Раяға, басқа да қызметкерлерге аналық ақ батамды беремін. Дендерің сау болып, еңбектерің табысты болғай! Бәріңізді ұлыстың ұлы күні – наурыз мерекесімен құттықтаймын!
Ақ тілекпен
З.ЖАЙБЕРГЕНОВА ,
зейнеткер, Батыр ана,
Атырау қаласының тұрғыны

 

Хабарласу