+7 (727) 390-19-19
+7 (727) 302-15-40
+7 (777) 232-18-71
+7 (717) 242-20-42
+7 (777) 277-85-99

Алматы қаласы, Әл- Фараби даңғылы-Розыбакиев көшесі
(Витебскея көшесі №42), жаңа атауы Жетісу 83а

 

Астана қаласы, Куйши дина 37/1

30.01.2015 Баламның денсаулығынан асқан бақыт жоқ мен үшін!

Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы

«Өмірдің мәні  – бала»  деген. Бәріміз де бала үшін өмір сүреміз ғой. Олар біздің жалғасымыз, ұрпағымыз. Сондықтан да баланың  денсаулығынан асқан бақыт жоқ деп білемін өзім. Отбасымда жарыммен бірге тәрбиелеп отырған үш балам бар. Ұлымыз Ерназ -  сол үш баланың үлкені. Бас-сүйек қысымынан зардап шегетіндіктен дұрыстап сөйлей алмайтын. Осында емделіп кеткен адамдардан естуіміз бойынша «Жас-Ай» орталығына келіп емделіп жүрміз. Ақтау өңірінен арқаланып келсек те өкінбейміз. Мұнда біз сияқты алыстан келушілерге толықтай ем алуға жақсы жағдайлар жасалынған. Пәтер жалдап әуре болмаймыз. Жасан Зекейұлы тамыр соғысын ұстап көрген соң басындағы нерв тамыры қысылып тұр екен деген болатын. Сол диагноз бойынша өз нүктелеріне ине қойып емдей бастады. Инені түрлі шөптердің қоспасымен қыздырып, соңынан банкілер қойылды. Массаждар алдық. Бірінші курсынан соң  баламның бойынан айтарлықтай өзгерістер білінеді. Сөйлеу мәнері дұрысталып қалды. Баламыздың денсаулығы осылайша жақсарып жатса, алғыс айтпағанда не айтамыз! Ең алдымен, осы орталықты ұйымдастырып, адам таңдамай елге қызмет көрсетіп отырған Жасан Зекейұлына  ерекше алғысымызды білдірмекпіз! Барлықтарыңызға амандық, зор денсаулық, ұжымдарыңыздан береке-бірлік таймасын!

Бекмұрат Амандық,

Ақтау қаласы,

Шайыр ауданы, Шетпе селосы.

 

Хабарласу