+7 (727) 390-19-19
+7 (727) 302-15-40
+7 (777) 232-18-71
+7 (717) 242-20-42
+7 (777) 277-85-99

Алматы қаласы, Әл- Фараби даңғылы-Розыбакиев көшесі
(Витебскея көшесі №42), жаңа атауы Жетісу 83а

 

Астана қаласы, Куйши дина 37/1

30.01.2015 Немеремнің тілі шығып сөйлеп кетті

Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы

Мен Молдабеков Нәдірбай Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Космос ауылының тұрғынымын.

«Жеті жасар немерем Ерасылмен жетектесіп  « Жас-Ай» орталығына келгелі бері қуанышымызда шек жоқ. Өмірдің жарық жақтарын көре бастағандаймыз» деп әңгімесін бастаған Нәдірбай ата сөзін аяқтамай орталықтың дәрігерлеріне ақ алғысын жаудыра бастады…

«Орталықтың алтын қолды ақ жүректі дәрігерлеріне айтар алғысымыз шексіз… Әрқашан күлімдеп қарсы алып, жадырап шығарып салады. Ем алып кеткен соң қайта айналып келгің келіп тұрады, өйткені әр емінен немеремнің жағдайы жақсарып,әр сөзі жанымызға медет болып дертімізге дауа болды.

Немерем Ерасылдың  өзгелерден өзгешелеу екенін байқасақ та жамандыққа қия қоймадық. Тілі өте жай шықты оның өзінде тек қысқа сөздерді ғана айтатын. Екі көзі қылиланып екі жаққа қарап тұратын,үнемі көзі жүгіріп қисайып кетеді.Тілі жай шыққандықтан уақытында мектепке де апара алмадық.

Бірде таныс адамдар арқылы «Жас-Ай» журналы қолымызға түсті. Аударып оқып шыққан соң орталыққа келуге аңсарымыз ауды. Бар мақсатымыз осы «Жас-Ай»-ға келіп,дәрігерге көріну болды. Үлкен бір үміт оты пайда болды. 2013 жылы «Жас-Ай»-дың табалдырығын аттадық. Алғашқы курстық емнен кейін ақ немерем өзін жақсы сезініп едәуір оңала бастады. Ал,екінші курс емге  «қашан барамыз,барайық?!..» – деп немерем өзі сұранды. Казір емнің үшінші кезеңіндеміз немерем Аллаға шүкір қатарымен араласып тайдай шауып жүр.Сөздік қоры көбейген,толық сөйлеп ойын жеткізе алады. Қазір жеті жаста,мектеп табалдырығын аттайын деп отыр бұйыртса.Көзі бұрынғыдан әлдеқайда жақсарған, анда-санда байқалмаса бастапқыдай жан-жаққа жүгіріп тұрмайды. Тамаққа тәбеті қалыпты.

Біріншіден Алланың қалауымен,екіншіден алтын қолды дәрігерлердің  арқасында немеремнің жүзі нұрланды.

Заманауи медицинаны шығыс медицинасына алмастырып, осында отбасымызбен келіп ем қабылдасақ деген ойымыз да бар.

«Жас-Ай» орталығының ұжымына толағай табыс, ынтымақ,бірлік, отбасыларына амандық,дендеріне саулық тілеймін. Халықтың қалаулысы болып,алғысқа бөлене беріңіздер!… – деп жүрекжарды лебіздерін білдірген Нәдірбай ата немересінің бетінен мейірлене сүйіп,қимай қоштасып кете барды…

Аса Мейірімді Алла Тағала ! Болашақ еліміздің ұландары,ұлтымыздың намысын көтерер ұрпақтарымыздың дендерін  сау, болашақтары жарқын еткей! Әумин!

Нәдірбай МОЛДАБЕКОВ

87078389381

 

Хабарласу