+7 (727) 390-19-19
+7 (727) 302-15-40
+7 (777) 232-18-71
+7 (717) 242-20-42
+7 (777) 277-85-99

Алматы қаласы, Әл- Фараби даңғылы-Розыбакиев көшесі
(Витебскея көшесі №42), жаңа атауы Жетісу 83а

 

Астана қаласы, Куйши дина 37/1

15.12.2014 Алғыс арқалаған арқалы азамат

Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы

Мен Атырау облысы, Атрау селосының еңбек ардагері зейнет демалысындағы дәрігер ана- Фазылова Сәуле. Осы «Жас-Ай» медициналық орталығына келіп төрт рет ем қабылдадым. Бірінші қаралған күннен бастап орталықтң басшысы профессор Жасан Зекейұлы жылы жүзімен,ақ жарқын қарапайым,ақ ниетімен,қарсы алды. Жасан Зекейұлының дәрәгерлік біліктілігімен бірге,адамға деген жылы көзқарасы,жылы лебізі,мәдениеттілігі,адамдық келбеті,халқы үшін жан жүрегімен,қызмет істеуі және осы орталықтағы дәрігерлікке халқына адал қызмет жасауға талап қоя білушілігі бұл дәрігерлердің үлкен азаматтық кісілігі деп білемін.

Қазақта батырлардан қалған үш қадірлі нәрсе – ырыс,бақ, дәулет.

Ырыс ,бақ,дәулет үшеуі қадірлісі адамның,

Айтқан сөзі бұл деген Жиренше шешен бабамның.

Бұл үшеуі ешқешен өздігінен келмейді,

Жету үшін оған тек болу керек талабың, – дегендей бір Алла өзіңізді халқына қызметқылам деген талабыңызды қолдасын деп аналық ақ тілегімді білдіремін.

Осы орталықтың барлық қызметкерлеріне мықты денсаулық,отбасыларына береке,бірлік,еңбектеріне  табыс тілеймін.

Ақ батасы халқыңның қабыл болсын,

Жақсылыққа Жасанжан жаның толсын.

Ақ тілегі сендерге риясыз,

Қазақтың биік ұста ар-намысын.

Екі нәрсе адамға берер мәулет,

Бірі – бедел,ал бірі – болар дәулет.

Абройың әрқашан арта берсін,

Басыңа бақыт қонып, арта берсін!

 

Фазылова Зәуре

Атрау облысы

 

Хабарласу