+7 (727) 390-19-19
+7 (727) 302-15-40
+7 (777) 232-18-71
+7 (717) 242-20-42
+7 (777) 277-85-99

Алматы қаласы, Әл- Фараби даңғылы-Розыбакиев көшесі
(Витебскея көшесі №42), жаңа атауы Жетісу 83а

 

Астана қаласы, Куйши дина 37/1

15.12.2014 Көңілімді көктем еткен «Жас-Ай»

Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы

Жиырма жылдан бері денсаулығыммен алысып келемін. Өкпенің қабынуы деп диагноз қойылды. Неше түрлі дәрі-дәрмектерді үзбей  қабылдаудың әсерінен бе асқазан ауруымен қоса жүрек ауруы да мазалайтын болды. Бара –бара денем тоқтаусыз дірілдеп, жеңіл желпі жұмыстарды да істеуден қалдым. Құлағымнан бір шыңыл кетпей тұрады. Оң құлағым нашар еститін болды.

Алматыда осы « Жас-Ай» орталығы бар, шөп дәрілермен емдеп, ине қояды дегенді дегенді естіп дереу жеттік. 2014 жылдың тамыз айынан бастап алғашқы курстық емді бастап кетім.  Алғашқы келген күндегіден жағдайым 40 пайызға жақсарды. Тамаққа деген тәбетім артып, ұйқым да қалпына келе бастады. Ине салып, оны 12 түрлі шөппен қыздырғанда жаным сүйсініп сала берді. Оған қоса шөп дірілерді қабылдап,бұрынғы қабылдап жүрген дәрілерімді мүлдем ұмыттым. Ешқандай да асқазаныма ауырпалық түсірмейді. Жүрек қан тамырлар жүйесінің ауруы (гипертония) деген диагноз да қойылған, қазір Аллаға шүкір ол аурудың ізі де қалмаған сияқты. Қол аяғымның дірілдегені басылып, азды көпті жұмыстарды істеуге шамам келетін де болды.

Бірінші курс емнен кейін араға он күн салып демалып, қзір екінші курс емді бастап жатырмын. Қазір бұрынғы қалпымнан әлдеқайда жақсымын десем артық айтпаған болар едім.  Бұрын тез шаршап қалатын едім қазір күнде таңертең тұрып жаттығу жасап, біраз жаяу серуендеп жүріп келуге шамам келеді. Қан қысымымның тұрақсыздығы біраз алаңдатады, оң құлағым шыңылдап сөздерді анық ести алмаймын. Профессордың айтуынша: «оның бәрін ақырындап қалпына келтіруге болады, тек адамның жазыламын деген ниеті мен талпынысы керек» – дейді.

Аурудыы берген Алла оның емін де емшісін де береді ғой, ауруыма шипа іздеп келгенде Жасан баламның қолынан жазылып кетермін деген үлкен үмітім бар.

Орталықтағы ақ халатты дәрігерлеге,профессорға айтар алғысым шексіз. Аурулардың көңілін тауып, қолдарыңыздан келген көмектеріңізді аяп жатқан жоқсыздар. Тәңір сіздердің де тілеулеріңізді беріп, дендеріңізді сау қылсын!

 

Байтұяқов Құттыбек

Алматы қаласы

 

Хабарласу