+7 (727) 390-19-19
+7 (727) 302-15-40
+7 (777) 232-18-71
+7 (717) 242-20-42
+7 (777) 277-85-99

Алматы қаласы, Әл- Фараби даңғылы-Розыбакиев көшесі
(Витебскея көшесі №42), жаңа атауы Жетісу 83а

 

Астана қаласы, Куйши дина 37/1

15.12.2014 «ЕМІН ТАПСА – ЖАЗЫЛМАЙТЫН АУРУ ЖОҚ»

Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы

Аяласаң табиғат ананың берері мол. Біздің денсаулығымыз да сол табиғатпен, жер-анамен тікелей байланысты. ХХ – ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиген еді. Орыстардың отарлау саясаты, онымен қоса Ұлы Отан соғысы, Семей полигоны, Арал теңізінің тартылуы қазақ халқының бастан кешірген ең қайғылы тарихы ретінде жадымызда сақталып қалмақ. Оның зардаптарын ел әлі күнге дейін тартып келеді. Әсіресе ғарыш кемесінің құлаған сынықтарынан зардап шегетін Байқоңыр өңірлері, одан өзге мұнай өндіретін батыс өңірлерінің халқы денсаулықтың қадірін біледі. Ғылым мен техника дамыған соңғы кезеңде қалалардың да халі мүшкіл деуге болады. Экологиялық ластанудың салдарынан әсіресе бүгінгі таңда «ДЦП», яғни, мешелденген сал балалардың туылуы көбейген. Қарттарымызды жалмаған  инсульт, жүрек талмасы, қан қысымының жоғарылауы, бел, аяқ-қолдардың тартылуы сияқты сырқаттар елімізде шаш етектен. Осы дерттерден дәстүрлі медицина бойынша емделіп айыға алмағандардың көбі шығыстық инемен емдеу тәсіліне жүгінетін болды.

 

«Жас-Ай» шығыс-тибет медицина орталығы халыққа қызмет көрсетіп келе жатқан он жылдың ішінде өз қабілетін мойындата білді. Көптеген науқастардың жазылып кетуі – шығыстық тәсілде көрсетілген шипалы емнің нәтижесінде екені белгілі. Шипалы емдеудің қыр-сырын үйрену үшін жоғары дәрежелі дәрігер, профессор Жасан Зекейұлы қаншама жыл уақытын жұмсады. Бүгінде сол емнің нәтижесін көріп отырған қария Қызылорда қаласының тұрғыны, су шаруашылығы ардагерлер кеңесінің төрағасы, 74 жастағы Исатай қажы Алдабергенов  былай дейді:

-Мен 1940 жылдың 23 ақпанында Қызылорда қаласында дүниеге келгенмін. Алматыда 1960 жылы Ауыл шаруашылығы оқу орнын бітірдім. Қызылорда облысына келіп, аудандарда учаскелік инженерден бастап, аға инженер, мекеменің бас инженері болып үш жыл қызмет атқарып, қалған 30 жылда аудандық су шаруашылығы басқармалары мен Қызылорда қаласында су шаруашылығын жобалау институтының (10 жыл) директоры болып, су шаруашылығының мәдениеті мен экономикалық жағдайын жасауға ат салыстым. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін (Алматы қаласында шетелдік оқуға (екі айлық) «Новая форма организации») оқып, сертификат алып, сегіз жыл шетелдік мамандармен жұмыс атқарып, шет елде (Франция, Голландия, Германия, Испания, Мысыр елінде (Египет) және Араб елінде қажылықта болдым. Жоғарыда атап өткен жұмыстар мен қызметтерді нәсіп еткеніне Аллаға, ризамын!

Туып өскен өңірім – Қызылорда қаласының экологиясы жанға жағымсыз. Бір жағынан сол экология, екіншіден – мен өмір бойы су шаруашылығында жұмыс істегенім түрлі ауруларға себепші болды. Қыс кезінде талай рет мұз үстінде аяғымыз тайып, құлап кеткен кездеріміз де болды. Жас кезімізде жастықтың жалынымен ауру-сырқауды байқамайтын едік. Қарттық бойлаған мына соңғы жылдары сол суықтың зардаптары шығып жатыр деп ойлаймын, ауырып қалдым. Биылғы жылдың қаңтар айынан бастап белімнен сегізкөзге дейін, оң жақ жамбасым, аяғым бастыртпайтын болды.

Астана, Алматы қалаларындағы көптеген емханаларда емделіп, «мен» деген атақты профессорлардың қабылдауында болып, нәтиже шықпаған соң ауруға қарсы тұратын менде дәрмен де қалмағанын түсініп, қарттықты мойындағаннан басқа амал қалмады. Бір күні теледидардан «Хабар» арнасындағы «Көзқарас» телебағдарламасынан білікті дәрігер ретінде Жасан Зекейұлының сұхбаты болып жатыр екен. Жасан Зекейұлы көзіме оттай басылды. Бағдарламаны үзбей аяғына дейін көріп, ізінше «Жас-Ай» орталығы жайында «интернеттен қараңдар» деп балаларыма айттым. Интернетте мекен-жайы, телефоны, қандай ауруларды емдейтіні жайлы толық мағлұматтар жазылыпты, көп іздеп қиналмадық. Содан бірінші курстың өзінде-ақ, үшінші күні аз-аздап аяғымды басып едім, он күннен соң толықтай жүретін болдым. Мен енді жазылып болған соң, жаны жомарт дәрігер Жасан Зекейұлының қабылдауына кіріп, өз аузыммен алғысымды білдіріп болған соң, ауырып жүрген менен басқа тағы бірнеше қариялар бар екенін айтып едім: «Сіз өзіңізді ғана ойламайтын жан екенсіз. Біреулер өздері жазылып болған соң қуанып кетіп қалады…» деп әзілдеді. «Профессормын» деп шіреніп тұрған жоқ. Үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсете білетін текті адам болса керек. «Емін тапса – жазылмайтын ауру жоқ» – деген  қағидалы сөзді «Жас-Ай» орталығына айтқым келеді. Ұжымдарыңыздан құт-береке кетпесін, еңбектеріңіз табысты, қызметтеріңіз абыройлы бола берсін! Елдің, халықтың, емделушілердің құрметі мен сүйіспеншілігіне бөлене беріңіздер!

 

Исатай қажы АЛДАБЕРГЕНОВ,

Қызылорда қаласы

 

Хабарласу