+7 (727) 390-19-19
+7 (727) 302-15-40
+7 (777) 232-18-71
+7 (717) 242-20-42
+7 (777) 277-85-99

Алматы қаласы, Әл- Фараби даңғылы-Розыбакиев көшесі
(Витебскея көшесі №42), жаңа атауы Жетісу 83а

Астана қаласы, Куйши дина 37/1

15.12.2014 Еңбекпен өткен, жетістікке жеткен10 жыл!

Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы

«Уақыт – әділ төреші». Осы бір ауыз сөзге күн санап көзіміз жетіп келеді. Он жыл бұрын аядай үш бөлмеде жұмысын бастаған «Жас-Ай» медициналық орталығы бүгінде қанатын кеңе жайған, мыңдаған адамды ауру азабынан айықтырған, еліміз бен алыс-жуықтағы шетелге танымал ауруханаға айналды. Бүгінде 5 қабаттан тұратын 60 төсектік аурухана салдырып, озық медициналық жабдықтармен жабдықталған ірі медициналық орталық ретінде қалыптасты. Бұл жетістікке Бас дәрігер, академик Жасан Зекейұлы өзінің адал еңбегімен бірге, әсіресе, өзінің отанға деген сүйіспеншілігі мен халықтың сенімінің арқасында жетті. Еліміз бойынша медициналық кластер жүйесі негізінде алғашқылардың бірі болып қызмет түрін көрсететін «Жас-Ай» медициналық орталығы 10 жылішінде жалпы саны 40 мыңнан астам науқасқа ем-дом жасалып, 7 мың адамға тегін ем көрсетті. Көптеген инсульттан салданған адамдарды орнынан тұрғызып, мешел(ДЦП) балаларды ауруынан айықтырды. Одан бөлек 500-ге жуық отбасыға бала сүю бақытын сыйлап, ұлтымыздың демографиясына зор үлес қосып келеді.

Сондай-ақ, денсаулық тақырыбында қазақ тілінде шығатын бірден бір басылым Республикалық «Жас-Ай» медициналық журналының оқырман қауымға жол тартқанына 5 жыл толды! Ақпарат айдынындағы бес жылдың ішінде журналдың таралымы өсіп, оқырман көңіліне жол таба білді. Басылымның оқырмандары зиялы қауым, медицина саласының өкілдері, негізінен қарапайым халық.

Басылымның басты мақсаты – Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Саламатты Қазақстан» бағдарламасын іс-жүзінде насихаттау, еліміздің денсаулық сақтау саласына тың жол ашып, жаңа серпін беру,бабаларымыз тапқырлап, шынайы өмірде қолданып кеткен тарихи емдеу әдістерін жаңғыртып, оны заманауи техникамен ұштастыру.

Сондай-ақ, журналдың әр санында мемлекет және қоғам қайраткерлеріне, ғалымдарға, әдебиет және өнер адамдарына ерекше орын беріледі.

Осыншалық жетістігінің арқасында «Жас-Ай» медициналық орталығы Республика бойынша ең көп халықтық сұранысқа ие, жеке медициналық орталықтардың көшін бастап тұр. Аптаның 6 күніндеесігі жабылмайды. Мұнда келетін жандарға қарап тұрсақ, өмірін еңбекпен өткізіп, денсаулығы сыр берген қариялардан бастап, әртүрлі оқыс жағдайға тап болып, түрлі жарақат алып, тұра алмай, жүре алмай қалған жастар; балалы болмай жүрген отбасылар; өмірге кембағал болып келген баласын жетектеген ата-аналар.

Медициналық орталыққа қай күні келсең де қарбалас жүрген мейірбикелер мен таңнан кешке дейін тоқтаусыз науқас қабылдаған табанды дәрігерлерді көресің. Жасан Зекейұлының қабылдауына 1-2 апта бұрын, тіпті, 1 ай бұрын жазылып қойып, кезегін күтіп отырған адамдардың саны азайған емес. Күніне 30-40 адам кезекте тұрады. Олардың арасында қаланың ақ жағалы, қалың қалталы тұрғандарымен қоса, алыс ауылдан ауру азабы мен жол азабын бірдей тартып келген қаракөздер де бар. Тек, қазақ ұлты ғана емес, әр ұлттың өкілдері, сондай-ақ ТМД елдерінен келген шетелдіктер де кездеседі.

Кезек күтіп отырған аурулардың қасында отырғанымда, немересін жетектеген бір апаның қасындағы жас келіншекке қарап: «Жасан Зекейұлын әдейі іздеп, Қарағанды қаласынан келдім. Ауылдағы жақын құдағиымның танысының баласы осы жерден «ДЦП» дертінен жазылып шығыпты. Өз еркімен жүріп-тұра алмайтын, тіпті, өз қолымен тамақ іше алмайтын баланы осы Жасан дәргер емедлген соң, үйіне өз аяғымен қайтыпты. Сол сөзді естіп, үміттеніп келіп отырмын. Әйтпесе, бұл немеремді апармаған жерім, көрсетпеген дәргерім жоқ. Соңғы үмітім осы жерде» деп, көзінен еріксіз аққан жасын, жаулығының ұшымен сүртті. Қасындағы әйелдің де көңілі босап: «Әже, алаңдамаңыз Алла шипасын берер. Бәріміз де, сол бір үмітті арқалап келіп отырмыз» деп, жұбатқандай болды. Қос бейбақтың осы бір диялогын естіп отырып, ойға шомдым.

Шынында, аурудың жақсысы жоқ. Жасан Зекейұлының алдына келген әр бір адамның әртүрлі ауыртпашылығы мен дерті бар. Солардың бәрінің, ең бірінші көңілін тауып, дөп басып емін тауып, ауруынан құлан таза айықтырып шығарып жатады. Қандай үлкен жауапкершілік және қаншама еңбек десеңізші…

Бір күндік қабылдауға жазылған 30-40 адамның ешқайсысы сабырсызданып, шу шығармайды. Өйткені, Жасан Зекейұлының жұмыстағы әділдігі оларды сабырлыққа шақырады. Бас Дәрігер ауруларды қабылдаған кезде ешкімнің шені мен шекпеніне, атағы мен абыройына, теңгесі мен долларына қарамайды. «Кім бұрын кезекке жазылса, сол адам бұрын қаралу керек!» деген қатаң тәртіпті бекем ұстаған.

Сондай-ақ, орталықта аурулар үшін барлық жағдай жасалған. Айталық, кезек күтіп отырған адамдар зерігіп қалмас үшін, журналдар үлестіріліп, арнайы телебағдарламалар көрсетіліп отырады. Бір мезетте 60 адамға дейін қабылдай алатын, арзан бағада сапалы қызмет көрсететін асханасы бар. Осындай жағдайдан кейін кезекте тұрған адамның ешқайсысы асықпайды. Өйткені, ереже ортақ, тәртіп баршасына бірдей.

Таңғы сағат 8-ден бастап жұмысқа келіп, бір сағат ішінде ауруханда жатып емделушілерді аралап, әрқайсысының жеке-жеке жағдайын сұрап шығатын Жасан Зекейұлының ауруларды қабылдауы таңғы 9:00 дан басталады. Түскі сағат 14:00 ге дейін ауруларды қабылдап, олардың тамырын ұстап, диагнозын қояды. Ең бастысы жұмысын бұлдап, міндетсімейді. Әр адам қабылдауына кірген сәттен бастап көңілді қарсы алып, онсызда аурудан жабырқаған жанына қуат береді. Жасан Зекейұлының дәл осы қасиеті еліміздегі кейбір дәргерге үлгі болуға тиіс. Дәрігерлік жұмысын міндетсіп, келген адамның кеудесінен итеретін менменшілдік ақ халаттылардың ел алдындағы абыройын түсіруге бірден бір себеп екені шындық.

Кейде, «Жас-Ай» орталығының жыл санап дамып, халықтың риясыз ықыласына бөленуінің себебі осы ма деп ойлаймын. Жасан Зекейұлы бір сөзінде: «Дәрігерлік деген үлкен өненр. Ал, әрбір өнерді Алла Тағала пендесіне аманатқа береді. Сол өнерді пайдаланысын, бірақ, жеке басының қамы үшін емес, елдің қажетіне жұмсасын, иігілікті істермен айналыссын деп береді. Мұның ішінде, дәрігерлік өнердің жауапкершілігі өте үлкен. Өмірдің қаншалық қымбат, жанның қандай тәтті, ажал мен аурудың қандай жақын екенін күнде көріп, біліп жүресің. Барлығы көз алдыңнан өтіп жатады. Пенденің қаншалықты қауқарсыз екенін сәт сайын сезінсің. Осының бәрін көре тұра, тағы да тәкаппарлық істеген дәрігерден ештеңе күтуге болмайды. Жақсы дәрігер болудың ойыма түйген 3 алғы шарты бар. Әрине, ең біріншісі білім. Білімсіз дәрігер – баланың қолындағы оқтаулы мылтықпен бірдей. Осыдан кейін, кішіпейілділік және имандылық. Осы қасиеттің үшеуі де дәрігердің бойынан табылуға тиіс». Міне, жетістікке жеткен, осы жолда талай ой түйген адамның сөзі.

Жасан Зекейұлының дәрігерлік жолдағы жеткен жетістігінің өзі бір төбе болса, азамат ретінде, қоғамға қосып жатқан ерекше үлесі, ол –атымтай жомарттығы, қайраткерлігі өз алдына бір төбе.

Ел үшін ештеңесін аямайтын Жасан Зекейұлының жомарттығы туралы көптеген мысалдар келтіруге болады.

Өткен жылы қазақтың классиик ақыны Жәркен Бөдешұлының 70 жылдығының жоғары деңгейде өтуіне ат салысып, жалпақ жұрттан жалғыз өзі суырылып шығып, ардақтың ақынның қолына су жаңа темір тұлпардың кілтін сыйлады. Ақынға деген бұл құрмет Жасан Зекейұлының қазақ әдебиеті мен мәдениетіне қаншалық құрметпен қарайтынының белгісі. Даңқты дәрігердің бұл атымтайлығына әдеби қауым ризашылығықтарын білдіріп жатты.

Ал, осы жылы Жәкең қазақтың қас батыры, Абылайханның бас қолбасысы Баян батырдың ескертішін орнатуға мықтап күш салғанын ауыз толтырып айтуға болады. Асып-тасыған байлығы болмаса да, барын халықтан аямайтын Жасан зекейұлы ұлт тариханыа бей-жай қарамайтын қайраткер екенін қатарынан танытты.

«Жас-Ай» медициналық орталығы Ұлттық мәдени шаралардың өтуіне, спортшылар мен жағдайы төмен отбасыларға қаржылай демеушілік жасап келеді. Соңғы бес жыл бойы тұрмысы төмен отбасыдан шыққан бірнеше оқушыларға еліміздегі ең беделді жоғарғы оқу орындарына оқу грантын бөліп келеді. «Нұр Отан» партиясының ұйымдастыруымен өткен қоғамдық іс-шараларға белсене атсалысып, жыл сайын «Мектепке барар жол» акциясы бойынша жүздеген қамқорсыз қалған балаларға көмек қолын созуда.

Ұлттық-қоғамдық «Алтын жүрек» сыйлығы халыққа істеген осындай қалтқысыз қызметі үшін берілді. Жасан Зекейұлының жомарттығы мұнымен шектеліп қана қоймай, ел алдында жүрген азаматтар мен халық қалаулыларына, жергілікті бизнес өкілдеріне де қолдау танытып отырды. Елі үшін еңбек етіп жүрген азаматтарға тегін ем түрін ұсынды.

Науқасты ауруынан айықтыру өз алдына, ауру мен жоқшылық қатар мүжіген жандардың үміт отын оятуды Жасан Зекейұлы өзінің халық алдындағы азаматтық парызы деп санап, жақында «Ел шуақ» қайырымдылық қорын құрып, өзі құрылтайшы болды. Осы қордың атынан мүгедек қыздың шығармашылық кешін өткізуге атсалысты. Президенттің «Нұрлы көш» бағдарламасына үн қосып, оралмандардың үздік мақалаларын қаржылай марапаттады.

Ең бастысы Жасан Зекейұлы халықтық партия – «Нұр Отан» партиясының негізін қалаушы Елбасының басшылығымен іске асып жатқан жобаларға белсене атсалысып келеді. «Нұр Отан» партиясының саяси доктринасындағы алға қойған мақсаттарды орындау аясында ұсынылған 12 партиялық жоба бойынша жұмыстар атқарылуда.

Жасан Зекейұлының ерекше науқастар мен жаны қиналған жандарға көмек қолын созған ізгі істерін санамалап беру мүмкін емес. Сөзімізге дәлел келтірер болсақ:

Еліміздің экономикасының өркендеп, өсуін көздеген «Мықты бизнес –мықты келешек» жобасы аясында орталығымыз біршама жұмыстар жасауда. Айталық, медициналық орталықтың көлемін ұлғайып, 80-ге жуық адамды тұрақты жұмыспен қамтып келеді.

Тарихқа көз жұмып қарамау үшін, келешгімізді кемел бағалау үшін қабылданған «Ардагерлерді ардақтайық» бірегей жобасы аясында да игі шаруалар жасалуда. Бұл бағдарламаның маңызы ел тарихындағы батыр бабаларымызды ұрпақтар есінде мәңгі қалдыру. Осы мақсатта: Отан үшін отқа түсіп, сұм соғыстың құрбаны болған, жеңіс туын желбіретіп, бейбітшілік сыйлаған Ұлы Отан соғысының ардагерлерін де назарынан тыс қалдырмады. Жыл сайын ардагерлерімізге арнап мерекелік дастархан жайып, соғыста құбан болған майдангерлерімізге ас беріп, құран бағыштап отырады. Медициналық орталықтың ұжымымен бірлесіп мерекелік кеш ұйымдастырып, түрлі сыйлықтармен марапаттауда. Сонымен қатар, ардагерлерімізді тегін медициналық тексеруден өткізіп, қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіп, кез келген уақытта орталыққа келіп тегін ем ала алатын мүмкіндік жасап отыр.

Отбасының бақытты болуы, әрине, балалардан басталмақ. Бала болмаған жерде толыққанды отбасы құрылуы мүмкін емес. Осы негізде бала көтере алмай жүрген отбасыларға да қол үшін созып, оларды бала сүю бақытына бөлеу Жасан Зекейұлының назарынан еш уақытта тыс қалмаған еді. Мысалға, Атагелдиевтар отбасының тоғыз жыл бойы құрсақ көтере алмаған келіні Ботагөз Жасан Зекейұлының тегін көрсеткен шипалы емі арқылы бір ұл, бір қыздың анасы атанған.

Қоғамдағы мүмкіндігі шектеулі және науқас жандарға үміт отын сыйлау мақсатында: Бас пен жұлынның зақымдануынан пайда болған балалардың сал ауруына ұшыраған 8 жасар Аружан Қыдырәлі де алған тегін емнің нәтижелі болуының арқасында бүгінде төртінші сыныпта оқып жүр.

2011 жылдың күзінде «балалардың церебральді сал ауруы» диагнозымен «Жас-Ай» медициналық орталығына келген бір отбасының екі баласына (Чимерова Камила 2008 жылы туған, Ор Дамир 2009 жылы туған) 200000 (екі жүз мың) теңгенің емі жасалып, жақсы нәтижеге жетті.

Жыл сайын қасиетті рамазан айында сауапты іс жасап 100 оқушыны тегін киіммен, тұрмысы төмен оншақты отбасының балаларын оқу-құралдарымен, дербес компьютермен қамтамасыз етіп , 300000 (үш жүз мың) теңге көлемінде жәрдем жасалды.

Яғни, осындай айтып тауыса алмайтын көптеген зәру ауруларға Жасан Зекейұлы қалтасынан қаржы бөліп емдеуді міндетсінген емес.

Жасан Зекейұлының басшылығындағы «Жас-ай» медициналық орталығының осы күнге дейінгі тегін емдеу ақысы 72 млн. теңгені құрап отыр.

Жомарттық жасаудан жалықпаған Жасан Зекейұлы, мүмкіндігі шектеулі еңбекке жарамды жандарды да назарынан тыс қалдырмады. Оларды жұмыспен қамтамасыз етіп, білім алып, емделуіне де мол мүмкіндіктер жасады.

«Жақсының жақсылығын айт – нұры тассын» деген аталы сөзге тоқтадық. Айттық. Бірақ, жеткізе айту үшін, Жасан зекейұлының атқарған абыройлы жұмыстарын түгел түгендеп шығу, дәрігерлік талантының бигініе бойлау үшін, адамгершілік қасиетінің тереңінен үңілу үішін - бір неше кіпап жазуға тура келді.

Бастысы, халықтың адал перзенті болған осындай азаматтарымызды ардақтай білу елдігімізге сын. «Жас-Ай» медицинлалық орталығының 10 жылдық және «Жас-Ай» медициналық журналының 5 жылдық мерей тойымен шын жүректен құттықтаймыз. Ұлтының ұлағатты ұлы, дарынды дәрігері, қажымас қайраткері болған Жасан Зекейұлына мықты денсаулық, ел игілігі үшін атқарып жатқан қызметіне табыс тілейміз.

Қазірет БЕРДІХАН

Хабарласу