+7 (727) 390-19-19
+7 (727) 302-15-40
+7 (777) 232-18-71
+7 (717) 242-20-42
+7 (777) 277-85-99

Алматы қаласы, Әл- Фараби даңғылы-Розыбакиев көшесі
(Витебскея көшесі №42), жаңа атауы Жетісу 83а

 

Астана қаласы, Куйши дина 37/1

18.10.2014 Өмірге деген махаббатты қайта сезіндік

Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы

Қарағанды облысы, Теміртау қаласының тумасы Нұрмұхамедов Батырбек  2009-шы жылдан бері бірінші  топтағы мүгедек . Құрылыс жұмысы кезінде үш қабаттық, биіктігі 8-9 метрлік ғимараттан құлап, екі аяғы мен бел-омыртқасы, бас-сүйегінен ауыр жарақат алған. ОАРИТ ауруханасына  жедел жәрдеммен жеткізіліп,  қажетті алғашқы дәрігерлік көмектерін алады. 28.09.2009 жылы операция жасау барысында эпицистотомиясы алынып, орнына уретра арқылы зәр катетері қойылады. 14.10.2009 жылы операцияға наркозбен дайындау барысында жүрек соғысында тахикардия пайда болып, басқа күнге ауыстырылады. Содан келесі ота 06.08.2010 жылы Астана қаласындағы НИИ-дегі травмотология және ортопедия бөлімінде  сәтті өтеді. 23.06.2014 жылы бірінші қалалық клиникалық ауруханасында емделіп, менинголиоз, миелопатия, үлкен және кіші дәретін сезбейтін диагнозы бойынша  жыл сайынғы емін алып тұрады. Жергілікті жердің клиникасындағы  невропатологтың Д учетына тіркелген.  2014 жылы «Жас-Ай» шығыс-тибет медицина инемен емдеу орталығынан ем алуды бастайды. Мұнда келгендегі алғашқы емінен соң-ақ  аз да болса қимыл-қозғалысқа түсе бастағанын өмірлік  адал жары  әрі қамқоршысы  Алёна Нұрмұхамедова қуанышпен былай деп жеткізеді: «Емделмейтін дерт жоқ, емшісіне кезіксе» деген сөзді осы ағамыз Жасан Зекейұлынан естідік. Бес жылдан бері емін таба алмаған дертімізден айығып келе жатырмыз. Оның себебі де жоқ емес – емшіміз табылды. Жолдасым омыртқасын жарақаттап алып, жүру мүмкіндігінен айырылса керек. Бармаған жер, тозбаған табалдырық қалдырмадық. ‘’ Аяғына тұрғызамын ‘’ деп бір күн уәде етсе, екінші күні жоқ болып кететін  қаншама ‘’ дәрігерлерге ‘’ жолықтық. Енді міне, Алла тағала тілегімізді қабыл етіп, дуамызды естіді. Үш курс емнен соң, Жолдасым сезбегенін сезіп, өмірге деген құштарлығы күннен күнге артуда.

Жасан аға, өмірге деген махаббатты қайта сездірткеніңіз үшін, алып белестерді бағындыруға күш берге­ніңіз үшін және үміт отын қайта жаққа­ныңыз үшін айтар алғысымыз шексіз!

Осыншама адамның тілегі сізге оңынан әсер етіп, дегеніңізге  қиыншылықсыз жетуіңізді тілейміз!!! Алла разы болсын!»

Бәрімізді де таң қалдырғаны қаршадай ғана қыздың жарына деген адалдығы мен өмірге деген құштарлығы еді. Себебі, олар отасқаннан кейінгі екінші аптада жары Батырбек тағдырдың жазуымен мүгедекке айналды ғой… Сол күннен бері ол Құдай қосқан бақытынан бір елі алыс қалған емес. Тағдырдың тәлкегіне налыған да емес, өкінбейді де. Ең басты мақсаты жары Батырбектің аяққа тұрып кетуі. Адамгершіліктің биік шыңына шығуды Алла алдарына мақсат етіп берсе керек. Тағдырдың қатал сынағынан өте білгендерге ғана осы өмірдің жаннатынан бір орын табылары анық. Екі жастың махаббаты еленіп,  құшақтарына Алла тағала сәби берсін дегіміз келеді!

Нұрмұхамедовтар отбасы

Қарағанды облысы,

Теміртау қаласы

 

Хабарласу