+7 (727) 390-19-19
+7 (727) 302-15-40
+7 (777) 232-18-71
+7 (717) 242-20-42
+7 (777) 277-85-99

Алматы қаласы, Әл- Фараби даңғылы-Розыбакиев көшесі
(Витебскея көшесі №42), жаңа атауы Жетісу 83а

 

Астана қаласы, Куйши дина 37/1

18.10.2014 Алғыс айтудан шаршамаймын

Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы
Аты-жөнім – Гүлнәр Төртбаева. Алматы қаласының тұрғынымын. Осы «Жас-Ай» медициналық орталығына жақын жерде тұрамын. Бұрын-соңды жанынан өткенде қарап өтетінмін. Содан денсаулығым сыр бере бастағанда осы жерге келіп көруді жөн көрдім. Менің ауыратын жерім – сүйектерім. Аяқ-қолымның сүйектері ауыратын. Ине терапиясын бұрын естігеніммен алып көрген емеспін. Алғаш рет, қазір екінші курсын алудамын. Бүгін міне үшінші күн. Жағдайым біршама жақсарды. Медициналық орталықты таңдағанда қателеспеппін деп ойлаймын. Барлығы көңілімнен шығып жатыр. Біріншіден, профессор мырзаға, содан кейін осында қызмет етіп жүрген мейірбике қыздарға айтар алғысым шексіз. Ары қарай толық айығып кетіп жатсам, осында қанша уақыт кел десе де келемін. Алдағы уақытта да Алла аурудан сақтасын, бірақ денсаулығым сыр берген жағдай болса немесе туыстарымның арасында қандай да бір жағдай бола қалса, шарқ ұрып қолайлы медициналық орталық іздеп жүрмей, қай жерге бару керек екенін нақты білетініме кәміл сенімдімін. Жасан Зекейұлына алғыс айтудан шаршамаймын. Дені сау, ғұмыры ұзақ болғай! Отбасына береке берсін, ұл-қыздарының қызығын көрсін.

 

Хабарласу