+7 (727) 390-19-19
+7 (727) 302-15-40
+7 (777) 232-18-71
+7 (717) 242-20-42
+7 (777) 277-85-99

Алматы қаласы, Әл- Фараби даңғылы-Розыбакиев көшесі
(Витебскея көшесі №42), жаңа атауы Жетісу 83а

 

Астана қаласы, Куйши дина 37/1

18.10.2014 ТҮС АРҚЫЛЫ ЕМШІСІН ТАПҚАН АНА

Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы

Түс Алла жаратқан кереметтің ең кішісі екен. Ол үш түрлі болады. Алғашқысы – шайтани түс. Бас – аяғы жоқ, адамды мазалап, түсініксіз күйге түсіретін шым-шытырық түсініксіз түс. Ел оны шайтанның әсері деп сенеді.

Екіншісі – періштелер көрсететін түс, яғни аян түс. Ол таң алдына көрінеді. Өте қысқа және ап-анық болады. Есіңнен шықпайды. Бұл түсті келешектегі жақсылық-жамандық ишараттан белгі-хабар деп ырымдайды. Үшіншісі – қияли түс. Бұл – шайтанмен періштенің әсерінсіз, адамның өзі көретін түс. Мұны адам қатты шаршағанда немесе қатты ойланып, мазасызданғанда көреді екен.

«Түс оңалмай, іс оңалмайды» деп санайды қазақ. Көрген түстің өңімізде қайталануы мүмкін бе? Алланың құдіретімен берілетін аян түстер арқылы адамзат баласы алдыңғы күндеріне болжам жасап, емші, тәуіп, балгерлеріміз алдына қандай науқастың, нендей дертпен келетінін біліп отырған. Бойына осындай киелі қасиет дарыған кейбір адамдар да өміріне енетін өзгеріс жайлы, науқас жандар ауруынан айығатыны жайлы көрген түстері арқылы біліп үміттері жалғанып отырған. Құдайдың құдіретімен жаратылған тылсым құбылыстың барлығы адамзаттың игілігіне арналған.

Кез келген адамға қона бермейтін түс көру арқылы болжам жасау қасиеті Рахилям апаның да үзілген үмітін үкілі етіп, жанын жігерлендірген екен.

Жастайынан денсаулығынан жапа шеккен 86 жастағы Рахилям апай, ұзақ жылдар бойы халық емдеріне жүгінген. Суық тигеннен мешел дертіне шалдыққан Рахилям апа әулие-әмбиелердің мазарларының басына түнеп дертіне шипа іздеген. Бірде, Орал өңіріндегі Қаратөбе ауданында Дәуқара дейтін әулие кісінің басына зиярат етіп жатқанда, түсіне еніп аян беріпті. Әлгі әулие кісі келіп:«Елу метр ақ шыт әкеп байла, менің топырағымнан алып аяғыңа таңып жақ » деп тапсырған көрінеді. Рахилям апа Дәуқара әулиенің айтқандарын бұлжытпай орындап, айтқандарын істеп ауруынан айыққан екен.

Бір аурудан айығып, екіншісіне душар болған Рахилям апайдың бүгінде медицинадан көңілі қалған. Өзінің айтуынша оң жақ жамбасы мен оң жақ қолы көтертпей қақсап ауырады. «Жүрек ақауымен кардиологиялық ауруханаға жатып шықтым, тоқтамайтын бір көк жөтел бар, бронхит деген диагноз қойды. Жергілікті ауруханаға барып дәрі-дәрмектерін ішіп, емдерін алдым, үй аралап жасайтын массажисттерді де көрдік… Бірақ, ешбірінен ешқандай оңды нәтиже көре алмадым. «Мүгедек болып қалмаймын ба…» деген қорқынышты ой күннен күнге бойымды билеп алды.

Қытайдан келген қандас бір келіншекке барып көрдім. Ол ары-бері қарап көріп: «Жамбасыңызда май да жоқ, су да жоқ құрғап, кеуіп кеткен. Емдеуге келмейді…» деп көңілімді су сепкендей басты.

Сырқатым күннен күнге мазалап, еңсем түсіп жатқанда, бір күні қызым Алматыдағы «Жас-Ай» орталығы жайлы естіп, соған апарам деді.

«Жас-Ай»-ға келер алдында бір таныс кісілерден Құранмен 11 күн қазақша емдейтін емші бар екенін естіп жолдасыма айттым. Сонда жолдасым: «Бос әурешілікке салынып, уақытты бекер кетірмей барсаң, Жасанға бар!» деп тілеулес болып, батасын беріп шығарып салды.

Алыстан арқалап қыздарым осы «Жас-Ай»-ға әкелді. Жасан баламның өңі жылы, шырайлы бірден ұнады. Адамға деген ерекше мейірімділігі бар, кішіпейіл жан екен. Тамырымды ұстап көрді де: «Апа, уайымдамаңыз, жазыласыз…» деді. Жасанның бұл сөзін естіп жігерленіп, үзілген үмітім қайта жалғанғандай болды.

Осында келіп ем алғалы бері өзімді жеңіл сезініп, ауруымның шипасын осы жерден тапқандай болдым. Аяқ-қолдарымның қақсағаны бәсеңдеп, ауыратын белім мен қуық асты бездерімнің мазалағаны да қалпына келе бастады. Он күндік емімді алып, үйге өте сергек болып қайттым. Жиырма бір күннен кейін екінші курстық емге келуім керек болды. Үйге барған соң біраз күннен кейін Жасан балам түсіме енді… «Қолында бір жарым метрдей күрегі бар, шалымыз екеуміздің ортамызға қонып шықты». Бұл көрген түсімді жақсылыққа жорып қуанып жүрдім. Одан бес күн өткен соң тағы да түс көрдім. «Түсімде, бір мысық келіп ауырған белімді сипап жатыр екен. Үйде мысық жоқ еді, мына мысық менің ауруымды алайын деп жатыр екен ау…» деп жақсы ойға жорыдым.

«Жас-Ай»-ға қайта келетін күні: «Мен осы барғаннан жазылып кетемін. Жасан менің түсіме кіріп аян берді» деп балаларыма, жарыма көрген түсімді айттым. Олар да қуанып, ақ жол тілеп, шығарып салды.

Мінекей, «Жас-Ай»-ға келгелі тамаққа тәбетім ашылып, ұйқым тынышталып, ауырған күндерімді ұмытып жадырап сала бердім. Енді Жасан баламның қолы шипалы болып емі қонар деген үміттемін…» – деп бар сырын ақтарған Рахилям апай сөзінің аяғын ақ батамен аяқтады:

«А, Құдайым оңдасын!

Оң жолына бастасын!

Қыдыр ата жолдасы болсын!

Бәле-жаладан, қауіп-қатерден сақтасын,

Дәулеті асып, қазаны қайнасын,

Осы батамды Алла қабыл етсін! Әумин!»

Түс сөзінің төркіні «реңсіз» дегенді білдіреді. Адам түс жору арқылы оған рең, түс береді. Ал, дұрыс жорылмаған жағдайда, түс өңінде құбылып кетеді.

Рахилям ананың көрген түсі өңіне айналып, лайым денсаулығы оңалып, жайдарлы жүзіне тек қуаныштың күлкісі үйірілсе екен.

Айнаш ӘЛДИБЕК

2014

Хабарласу