+7 (727) 390-19-19
+7 (727) 302-15-40
+7 (777) 232-18-71
+7 (717) 242-20-42
+7 (777) 277-85-99

Алматы қаласы, Әл- Фараби даңғылы-Розыбакиев көшесі
(Витебскея көшесі №42), жаңа атауы Жетісу 83а

 

Астана қаласы, Куйши дина 37/1

23.10.2014 АЛТЫН ИНЕНІҢ ҚҰДІРЕТІ

Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы

«Жас-Ай» Шығыс-тибет медицина орталығында болғанда

 

Шығыс-тибет медицинасы адамзаттың мыңдаған жылдар бойы ғылыми-тәжірбиелік зерттеулерінің негізінде қалыптасқан емдеу саласы болып табылады. Бүгінде оның көптеген құпия сырлары бар. Алайда ол кәдімгі классикалық медицинаға қайшы емес, оны керсінше толықтырып отырады.

1. АЛТЫН ИНЕНІҢ ҚҰДІРЕТІ.

 

Тілші кіріспесі

 

Шығыс-тибет медицинасының тәсілдері, соның ішінде ине терапиясы кәдімгі медицинада кеңінен қолданысқа енуде.Дейтұрғанмен бұл емдеудің тәсіліне еліміздегі ғылыми – зерттеу деңгейі әлі де жеткіліксіз. Соны енді Қазақстанда толыққанды жүйеге асырып, инемен емдеудің жаңа тәсілін қолданысқа енгізген «Жас – Ай» Шығыс-тибет медицина орталығының директоры, Халықаралық инемен емдеу академиясының академигі,Халықаралық шығармашылық академиясының академигі, Вена Халықаралық университетінің «Құрметті профессоры», медицина ғылымдарының докторы,Ғарыштану академиясының академигі,  дүние жүзі ғылымына қосқан үлесі үшін берілетін Халықаралық «Сократ»атындағы орденнің иегері, профессор, академик Жасан Зекейұлы дер едік.Ол Қазақстанға келгелі неше сан мыңдаған адамдарды ауруларынан айықтырып , Шығыс-тибет медицинасының нағыз білгір, ғалым-дәрігері екенін дәлелдеп келеді.

…Өткен ғасырдың 60-жылдары еді. Кеңшардың қойын бағып жүрген әкем аяқ астынан жиналып Атырау қаласына тартып кетті. Қайда барасың деген сұрағымызға, «қытай әйеліне барам, сол кісіден алтын ине алып қайтамын» деді. Арада 7-8 күн өткен соң әкеміз қайта оралып , жұмысына кірісіп кетті. Артынан қытай әйеліне әжеміз де барғыш болып алды. Көктемде және күзде қытай әйеліне барам деп қапылып жүретін. Осының әсері ме, әлде денсаулықтары мықты ма, әкеміз 80-жасқа, әжеміз 105- жасқа келіп қайтыс болды. Менің есіме Шығыс-тибет медицинасы жөнінде жазуға оқталғанда осы жайлар түскен еді.

Сонау 5000 жылдық тарихы бар шығыс-тибет медицинасы халық арасында ең үздік болып аталатыны  рас. Бірақ, кезіндегі өзгерістердің себебінен бе, әлде басқадан ба, дәстүрлі емес медицина күмән тудыртса керек. Адамдардың басым көпшілігі дәстүрлі медицинаға көп сенетіні бар. Бірақ, айта кетейін, еуропалық медицинаның жасы бар болғаны 300 жыл. Бұрынғы кездері ата-бабамыз антибиотик деген ұғымды білмейтін. Ал, қол- аяғын жарақаттап алса, жарасына жапырақ жабыстырып, орап, сөйтіп емделетін. Осыдан қандай қорытынды шығады.

Бүгінгі күнге дейін ең мықты медицина – Қытайда дегенді жиі естіп отырамыз. Біздің елде тұрмақ, Еуропада емделуге келмейтін науқастар аспан асты елінде ауруларынан құлан-таза айығып кеткені қаншама. Себебі, осы елде медицинаға аса үлкен назар аударылады.

Ине әдісін дұрыс игере алмаған «дәрігерлердің» емінен зардап шеккендердің мұңы мен өкпесі аталмыш дәрігерлерге емес, Шығыс-тибет медицинасын дәріптеп жүрген жандарға тиесілі болатыны ашындырары сөзсіз. Яғни, айтқалы тұрғаным, біреудің қатесінен күмәнді көзқарастың астарында аталмыш медицинаны игерген барша шипагер қалады. Осылайша, әр емшіден үркіп-қорқып, емнен көрі, одан да қатты дертке шалдығамыз ба деген қорқынышпен өмір сүреді.

Егер сізде «шынымен де ем болады ма?» деген күмәнді сұрақтар пайда болса, онда осы орталықты іздеп-табушылар неге көп? Не себептен қарапайым халық түгілі, танымал тұлғалардың өздері Шығыс-тибет медицинасына келіп емделуде?

Жалпы алғанда Жасан Зекейұлының тікелей ықпалымен республикамызда қанат жайған инетерапиясының құпиясы неде? Ем неліктен тез арада қалың жұртшылықтың сұранысына ие болды? Оның Шығыс-тибет медицинасы деп аталуы неліктен? Ол жөнінде «Жас-Ай» Шығыс-тибет медицина орталығының директоры Жасан Зекейұлы былай дейді:

-  Шығыс-тибет медицинасының Отаны саналатын Қытайда біздің дәуірімізге дейінгі III ғасырда-ақ жүйелі медициналық еңбектер жарық көре бастаған.18 томдық «Хуаңды Нецузин», 12 томдық «Он Цзин» еңбектері – соның дәлелі.Сондай-ақ, 1026 жылы жарық көрген «Қола адам нүктелерінің атласы»дейтін кітаптың орны айрықша. Аталмыш кітапта емдеуге бағытталған ине қою нүктелері егжей-тегжейлі сипатталады.Сол дәуірдің әйгілі ғалымы Ван Бен-н адамның қоладан жасалған мүсініне 600 емдеу нүктесін 12 сызыққа (меридианға) орналас-тырып, хатқа түсірген. Оның ойынша,әр сызық адам денесінің перифериялық бөлігін ішкі ағзалармен байланыстырады.

Сол ықылым замандардан бері ине емі өзінің ерекше дәрулік қасиетімен адамзаттың аман-саулығына  қызмет жасап, бүгінгі күнге жетіп отыр.Тіпті, бертінгі 200-300 жыл көлемінде ине терапиясы ерекше дамуға қол жеткізді.Дейтұрғанмен, инемен емдеуді тек қана Қытай немесе Тибет халықтарына меншіктеп қоюға болмайды. Бұл адамзаттың-ортақ қазынасы.Оған ата-бабаларымыз да орасан зор үлес қосты.Қазақтың қарапайым емшілігінде Шығыс-Тибет медицинасымен ұқсастықтар өте көп.Мәселен, жоғары қан қысымы барлардың басынан қан алдыру, мертіккен адамдардың паршаланып кеткен сүйектерін оташылық шеберлікпен қиюластырып,мүлтіксіз емдеп жазуы, өкпе ауруына шалдыққандарды қымыз,шұбатпен қуаттандыру, қатты тұмауратқандарды сүт қосылған суық сумен ұшықтап емдеуі,т.б.ерекше емдеу түрлері ғылыми негіздермен астасып жатыр.Атақты Ибн-Синаның өзі емдеуде нүктелік массажды көп пайдаланған екен-, дейді.

 

Тілші түйіні

 

Тілші: – Аспан асты елінің медициналық құпияларын өз Отанына алып келген, бүгінде халқының игілігіне қызмет жасап жатқан Жасан Зекейұлы ақ желенді абзал жандардың бірі. Көмекке зәру адамдардың шипагерлік орталығында сауықтырып, талайларды ажал аузынан аман алып қалды. Енді Жасанның ойына адамдарды емдеу, дәрігерлік мамандықты игеру қай уақытта келді деген сұрақ туады

 

Жасан ЗЕКЕЙҰЛЫ: – Әрине мен бірден дәрігер болам деген жоқпын. Бірақ, шешемнің айтуы бойынша кішкентай кезімде өте ашық, бауырмал болатынмын. Біреуді ұрып соғу дегенді білмейтін едім. Керісінше, біреудің мұрыны қанаса, ағаш іліп, жырып кетсе жараның бетіне топырақ шашып қанды тоқтатады екенмін. Немесе жапырақпен жараны орайтын едім. Осылайша мен дәрігерлікке бейім едім. Оны мен емес, шешеміз байқаған. Кішкентай кезімде темірден машина жасайтын едік немесе ертоқымды жасағанда бізбен өз қолыммен барлығын жасайтын едім. Қолдың өнеріне жақын болағанмын. Жүрегімде адамға жан ашу, көмектесу деген болатын. Сол кездері дәрігерлікке оқымасам да, қылықтарымнан білінетін еді. Мектепті бітіруге соңғы жыл қалғанда, мен дәрігер болмаймын деп шештім. Менің арманым техник болу еді. Қытайда жақсы заң бар – емтиханда көп балл жинаған оқушылар медицинаға оқулары тиіс. Ауданда 500-ден астам оқушы болып емтихан тапсырсақ, ең көп балл жинаған үштіктің қатарында мен де бар едім. Сізбен ақылдаспайды, жинаған баллыңа қарап медицинаға оқуға жібереді. Осылайша мен дәрігер оқуына баратын болып шыға келдім. Оқуға шақырту қағазы келген соң, үлкендер ақылдасып, мені медицинада оқытуды жөн көрді.

Оқи келе мен бір жағдайға тап болдым. Әке – шешеміз ауылға жиі барып тұратын. Сол кезде «анау кісі қайтыс болды», «мынау кісі қайтыс болды» дегенді естігенде жаным ауыратын. Көп адамдар сонда «қылтамақ»деген аурудан қайтыс болатын. Ол кездері бұл аурулардан хабарымыз жоқ еді, себебі бірінші курс-та оқитынбыз. Сонда жүрегім ауырып, өмірлерін құтқарғым келетін. Өлімге қимайтын едім. Тек сол сәтте ғана адамға ең қажетті оқуды оқып отырғанымды түсіндім. Адамға не қымбат? Әрине, денсаулық. Сіз өмір сүрмесеңіз ешкімге керек емессіз ғой. Бұл өмірде ең бағалысы – адамның өмірі! Мен сонда ғана «оқып отырғаным жәй мамандық емес, адамның тағдырын шешетін, өмірін өзгертетін мамандықта оқып жүргенімді түсіндім. Қытайда баласы медицина оқу орнына түссе, ата-анасы үлкен той жасайтын. Себебі, тек жақсы оқитындар мен мінезі түзу, психологиясы жақсылар ғана медицина мамандығын игере алады. Қытайда халық саны не себепті көп деп ойласыз? Себебі, медицинасы жақсы дамыған, оған көп мән береді. Сабақ тәртібі өте қатал қаралатын еді. Сабақтан екі күн қалсаң, оқудан шығарып жібереді. Мен әрдайым білімімді жетілдіруге тырысатын едім. Әкем де сабағыма ерекше көңіл бөліп отыратын.

- Енді ине салу жұмысына тоқтала кетсеңіз? Тіпті ине салғанда олардың бірін шөппен қыздырып, екіншісін тоққа жалғап жатасыздар. Ал облыстық ауруханаларда бұл мәселе тек ине шаншумен ғана шектеледі ғой.

Жасан ЗЕКЕЙҰЛЫ: - Адам денесінде, оның тұла бойындағы қанды жүргізіп, бүкіл іс-әрекетін басқарып отыратын жүйе бар.Оны орыстар меридиан, ал біз жан арнасы дейміз. Жан арнасы 12 жұптан тұрады. Ағзада, 24 жан арнасы бар.Олар адам денесінде осы күнге дейін табылған  707 нүктені бір-бірімен жалғап тұрады. Әлгі 707 нүктенің әрқайсысы адамның ішкі ағзаларына жалғанады. Бірі 5, енді бірі 12 нүктеге жалғанады дегендей. Яғни сырттағы нүкте арқылы іштегі ауру басқарылады. Бұл дегеніңіз- адам ағзасын басқарып отыратын арнаулы нүкте бар деген сөз. Ол-жан нүктесі. Сол нүктеге қойылған ине іштегі ағзаға өзінің «әмірін»жүргізіп, оны оятады. Керек нүктені дөп басқаннан кейін ағза сауығуға бет бұрады.

Ине қоятын маман адам денесіндегі нүктенің қандай жағдайда екенін, науқастың халіне қарай қайсысын тоққа жалғап, қайсысын шөппен қыздыратынын бес саусағындай білуі керек. Әлгі қыздыратын шөптің құрамында 18 түрлі шөп бар. Мұның бәрі иненің әсерін күшейтеді. Микроскоппен қарасаңыз, жан арналарының астында қан жүріп жатады. Мысалы, адамның сау қолының да, сал болып істемей қалған қолының да бойымен қан ағып жатады.Ендеше, оның істемей қалуының себебі неде? Мәселен, машинаның жүрегі-мотор, ал моторды айналдыратын бензин. Бірақ кейде машина от алмай қалған кезде « провод»тигізу керек болады.Енді осы мысалды адамға байланысты айтып көрейік.Жүрек моторыңыздан айналған бензин-қаныңыз күллі денеңізді айналып ағып тұр. Бірақ  бір қолыңыз қозғалмайды. Өйткені жан арнасы істемейді. Демек, «провод» тигізу керек. Ол «проводыңыз» алтын ине. Керек болса, ол тоққа жалғанады немесе шөппен қыздырылады.

Сал болып қалған кісі екі-үш апта көлемінде қаралса,екі курс емнен кейін аяғынан нық тұрады.

 

Тілші түйіні

Иә, Қытай медицинасы-ұлы ілім. Алайда Европа медицинасы екеуінің тылсым тұстарын зерт-теуде әсте тоқтап қалуға болмайды. Жасанның айтуы бойынша бірде біздің Атыраудан бір кісі келіпті. Қан тамырлары жарылып, құлап қалған. Аяқ-қолдары жансызданып, тіл- ауыздан қалған. Сол адамды  3-4 сеанс аралығында Жасан бүтіндей өз қалпына келтіріпті.Ол кісі орнынан тұрып Жасанға: «Осы уақытқа дейін Еуропа медицинасының барлық тәсілін, лазер сәулесі дегеннің бәрінен өткен едім. Бірақ  сол қолданатын табиғи емнен ешқайсысы артық емес.Мен сенің арқаңда жаңа туғандай болдым»- депті.

Бүгіндері Жасан Зекейұлының есімі республикаға ғана емес бүкіл Еуропа елдеріне танымал. Ол медицина ғылымдарының докторы, академик, профессор. Осындай атақ – даңққа жету әрине оңай емес. Ол жөнінде газетіміздің келесі нөмеріндегі Жасан Зекейұлымен арнайы сұхбатта сөз болады.

 

 

Құттыгерей СМАДИЯР,

«Мұнайлы Астананың» арнаулы тілшісі,

Алматы қаласы

 

 

 

«Жас-Ай» Шығыс-тибет медицина орталығында болғанда

Біз әңгімелегелі отырған Жасан Зекейұлы 1967 жылы Қытай Халық Республикасының Тарбағатай ауылында дүниеге келген. 1989 жылы медицина университетін бітіріп, Шыңжанның Күйтін орталық қаласында еңбек жолын бастаған. Кейіннен Пекин, Тянь-Жин қалаларында білімін жетілдіріп, «жоғары дәрежелі аға зерттеуші-дәрігер» мәртебесіне ие болды.

 

 

2. Даңқты дәрігер, білікті ғалым

Тілші анықтамасы

1996 жылдан Алматыда қызмет етеді. 1998 жылы желтоқсан айында ҚХР Халықаралық инемен емдеу академиясының      академигі атағы берілді.

2002 жылы 13 қыркүйекте академик, профессор Аман Нұрмаковтың жетекшілігімен Алматы қаласының А.Н.Сызғанов атындағы ғылыми – зерттеу институтында « Тибет медицинасы бойынша хирургиялық ауруларда қабыну үрдістерінің алдына-алу және емдеу»атты ғылыми еңбегін жазып, КР медицина ғылымының кандидаты атағын алды .

2004 жылдан бастап Қазақстан халық емшілері Қауымдастығының мүшесі. Осы Қауымдастықтың «Құрметті мүшесі», «Өтейбойдақ», «Гиппократ» медальдарының иегері.

2005 жылы Қазақстан Республикасының Халық емшілері қауымдастығы тарапынан «Халықты рухани сауықтыру қызметіндегі табысыңыз үшін және дәстүрлі халық медицинасының өркендеуіне қосқан үлесі үшін» Құрмет грамотасымен марапатталды. Сондай-ақ, 2006-2009 жылдары Қазақстан Халық емшілері қауымдастығының атынан «Халық емшілігін дамытуға қосқан үздік үлесіңіз үшін», «Халық медицинасы мен рухани тәрбие қызметіне қосқан жеке үлесіңіз үшін», «Халықтың денсаулығын жақсартудағы емшілік қызметіндегі үздік жетістіктері мен нәтижелері үшін», «Шығыс Тибет медицинасының білгір ғалым дәрігері екендігін дәлелдегеніңіз үшін», т.б.  құрмет грамоталарымен жыл сайын марапатталып тұрды.

2007 жылдың 21 желтоқсанында республиканың денсаулық сақтау ісіне сіңірген айрықша еңбегі үшін «Қазақстан Республикасы  Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісін кеудесіне тақты.

2008 жылы ҚР«Астананың құрылғанына 10 жыл» медалымен марапатталды.

2010 жылы Ресей Халықаралық шығармашылық академиясының академигі болды.

2010 жылы  Дүниежүзілік ғылымға қосқан елеулі үлесі үшін Халықаралық «Сократ» орденінің иегері атанды.

2011 жылы Қазақстан Респуб-ликасы Президентінің «Алғыс Хатымен» марапатталды.

2011 жылы желтоқсан айында  «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.

2012 жылғы 28-ші ақпан айында Ресей Федерациясы Мәскеу қалалық Жоғары академия аралық аттестациялық комиссиясының шешімімен «Жүйкесі жұқарған емделушіні күйзелістен шығаруда дәрісіз емдеу және адамның хал-жағдайын қалпына келтіру үрдісін бақылау» атты  докторлығын қорғап, ғылыми еңбегіне «Медицина ғылымдарының докторы»  дәрежесі берілді.

Республикамыздың Тәуелсіздік күні қарсаңында «Жылдың үздік дәрігері» атағын алса,  Халықаралық деңгейіне өткен дәрігерлердің алқалы жиынында алған дәрежесін санамалап жеткізу қиын.

Тілші: – Жасан Зекейұлы, Сіздің атақ-даңқыңыз «Жас-Ай» Шығыс-тибет медициналық орталығын ашқалы тіпті аспандап кетті. Атамекенге орала салысымен орталықты аштыңыз ба? Қытайдағы ең үздік 100 дәрігердің бірі атанған мамансыз ғой, кеткеніңізге олар ренжіген жоқ па?

Жасан Зекейұлы: -Алдымен айтарым, Қытайдағы оқу жүйесі мүлдем бөлек. Біз университетте оқып жүргенімізде ине салу, шөппен емдеу тәсілдерін де қоса үйрендік. Қытайда 7 атасынан бері ине салу әдісін қолданып жүрген, осы ілімді түбіне дейін зерттеп, том-том кітап жазған Құн Сұн деген ғалым-дәрігер бар. Инемен емдеу тәсілі қолданыла бастағалы бергі тарихты дәуір-дәуірге бөліп, жіліктеп беретін, алтын иненің құдіретін әлемге танытқан ғалымның Қытайда мыңдаған шәкірттері бар. Ұлы ұстаздың қазақтан шыққан тәлімгері мен ғанамын. Университет бітіргеннен кейін еңбек жолымды хирург болып бастадым. Түске дейін бір адамға ота жасасақ, түстен кейін шығыстың медицина тәсілімен 100-200 адамға септігіміз тиетін. Соның мыңнан бірі ғана қазақ, қалғаны қытай. Елге оралып, осы әдісті тарату туралы көп ойлана бастадым. Бірақ елге қайту үшін бір себеп табу керек болды. Қытайлықтардың тегіннен-тегін жібермесі анық. Сөйтіп, мамандығыма қатысты тұстарды алға тартып, Қазақстанға ғылыми жұмысымды жалғастыру үшін барсам деген ұсыныс жасадым. Соның алдында адамдардың қылтамақ ауруына шалдығу себептері жайлы ғылыми жұмысым үшін Мемлекеттік сыйлықпен мараптатталғанмын. Расын айту керек, осы жаман аурумен ауыратындар, негізінен, қазақтар. Өзге ұлт өкілдері бұл ауруға көп шағымданбайды. Осы аурудың шығу тегін осы елде зерттеп келейін деген себеппен Қазақстанға келуге сұрандым. Әйтеуір атамекенге осылай жеттім. Әрине, мұнда бәрін жаңадан бастауға тура келді.Әуелі аспирантураға түстім.Өзгелер 3 жыл оқыса, мен 4 жыл оқыдым.Бірінші жылым орыс тілін үйренуге кетті.

А.Н.Сызғанов атындағы хирургиялық ғылыми-зерттеу орталығында Қазақстанда тұңғыш рет «Хирургиялық аурулардың және операциядан соң болатын асқынуларды Қытай методикасын қолдану арқылы алдын- алу және емдеу» тақырыбында кандидаттық  диссертация қорғадым. Маған Алматыдағы № 12 орталық ауруханада отадан кейінгі асқынуларды Шығыс-тибет тәсілімен емдеуге рұқсат етілді. Сонымен 500 адамға тәжірибе жүргіздім. Оның оң нәтиже беретініне мамандардың көзі әбден жетті. Әдетте, науқастың анализдерін тексеріп, зерттеуге көп уақыт кетеді. Ал мен тамыр ұстап, бірден емге кірісемін. Мұның ауыр науқастардың беті бері қарауына көп септігі тиді. Тамақ жемей қалған кісілер дәм алатын болды.

Енді мені Қазақстанның түпкір-түпкірінен жұрт іздеп келе бастады. Орталық ауруханада олардың барлығын қабылдауға мүмкіндігім жоқ еді. Тәртіп бойынша мен Бостандық ауданының тұрғындарын ғана қарауым керек. Сондықтан, мен жеке клиника ашқанды жөн көрдім. Маған қаралып, денсаулығын түзеген банк қызметкерлерінің арқасында несие алып, 2004 жылы осы орталықты аштым.

Тілші:- Енді Қытай медицинасының батыс медицинадан айырмашылығы неде деп ойлайсыз? Дәрігер ретінде осыған көзқарасыңыз қандай?

Жасан Зекейұлы:- Өте қызықты сұрақ қойдыңыз! Қазір Қытай  медицинасының өзінде екі түрлі жүйе бар. Мәселен, бір қаласына барсаңыз кәдімгі біздің ауруханадай. Яғни, система қоюлы, химиялық дәрілер берулі, компьютерлік аппарат, томография, рентген, жүрек аппараты – бәрі біздікіндей. Алайда, бұл мемлекет бюджетіне жұмыс жасайтын ауруханалар. Ал екінші жасырын түрі – өзінің ұлтын қорғау, ұлттық дәстүрін сақтау негізінде жасалған. Бұл ұлттық құндылықтары – қытай-тибет медицинасы. Оған әлемнің түпкір-түпкірінен келіп ем қабылдайды. Бұл – өздерінің ұлттық құндылығын дүние жүзіне танытты деген сөз. Алтын ине, шөппен күйдіру, банка қою, массаж жасау – тибеттік-қытай медицинасының бір бөлігі ғана. Айталық, оның ішінде сумен емдеу, балшықпен емдеу, тамақпен емдеу, биологиялық актив заттармен емдеу – осының бәрі тұтас бір университет.Қытайда Еуропалық медицина Шығыс-тибет медицинасымен қатар жүреді.Бірақ жұрт соңғысына көбірек көңіл бөледі.Өйткені оның пайдасы бізге де осы әдісті кеңінен таратуға керек.

Мына қызықты қараңыз, Бейжін олимпиадасына қытайлықтар елден ерекше дайындалған ғой. Биологиялық актив заттарды молынан шығарды. Медициналық шөптерді, калориясы жоғары ұнтақтарды ішкендердің қанша алтын алғанын өздеріңіз көрдіңіздер. Мен осыны зерттеп, үлгі ретінде біразын осында алып келдім. Тіпті, ағылшындар бәйгеге қосатын аттарына 200-300 тал ине салып, алдын ала дайындайды екен. Соны өз көзіммен көрдім.

Тілші:- Сіз мені қабылдаған сәтте тамырымды ұстап қарадыңыз. Жалпы, тамыр ұстап диагноз қою қазақтан басқа қай ұлтта кездеседі? Өзіңіз айтып отырған Батыс пен Шығыс медицинасында мұндай тәсіл бар ма?

Жасан Зекейұлы: -Дұрыс айтасыз, тамыр ұстап диагноз қою ата-бабамыздан басталды деуге болады. Неге десеңіз, біз көшпеді халық болдық. Ойлаймын, тамырды халық қажетіне қарай ұстайды екен. Емші дәрігерлеріміз науқастың тамырын ұстап отырып, жүректің қағысынан 80 түрлі ауруды анықтай білген. Тәжірибелі ақсақалдарымыз болған, олардың милары таза, қуат энергиялары жай адамдардан әлдеқайда жоғары. Солар әрбір дерттің сырын біліп, диагноздарын айтып отырған. Ал енді қазіргі кездегі тамыр ұстауды шығыс медицинасы заңдастырып алды. Құжат жағына келгенде біздің енжарлығымыз анық көрінеді ғой. Аурудың тамыр соғысынан олар жүрек кардиограммасын сызғандай етіп көрсетеді. Неге сызу-жазуға әуес емеспіз? Қазаққа енді сызу-жазуға әуес болу керек. Тамыр ұстап диагноз қою – біздің ата-бабаларымызда бар қасиет. Батыс-Шығыс медицинасында тамыр ұстау бар. Бірақ олар біздің ұстағанымыздай ішкі дүниені сезе алмайды. Жаңалықтың бәрі осы біздің Азиядан басталады да, Еуропа оны заңдастырып ала қояды. Енді науқасты ауруынан құлан-таза айықтыру үшін ең әуелі оған дұрыс диагноз қоямыз. Әйтпесе, ол ауруына ауру жамап алады. Ал тамыр ұстап диагноз қоюға ата-бабадан қонған қасиет аздық етуі мүмкін. Медициналық теориялық, әрі тәжірибелі білімінің болғаны жөн. Менің ұстазымның кітабында бұл жан-жақты баяндалған. Негізгі ілімді мен сол кісіден меңгердім. Тамыр арқылы 80 пайыз диагноз қойып, оны  соңғы технологиямен шыққан аппараттар арқылы тексеруден өткізіп, зертханалық зертеудің нәтижесіне көз жүгіртеміз. Аппараттардың ішінде қытай тілімен айтқанда «Хассы» деп аталатын магнитті-резонансты ,«Зывишин» жүйке нүктелерін зерттейтін, «Каудиян» табиғи тас қызуымен емдейтін аппараттар ежелгі емдеу тәсіліне қолданады.

Тілші: – Сіздің орталығыңызда емделетін аурулардың түрлері қандай? Алтын ине алып болдық, соңынан қалай күтінеміз? Инені дені сау адамдар қабылдайды дегенді де естідік. Сондай-ақ, Сіздер алтын инені қайдан аласыздар? Бір адамға пайдаланған инені екінші адамға қолдануға бола ма?

 

Жасан Зекейұлы:-Біздің орталықта жүйке-жүйе аурулары, жүрек- қан тамыр, асқазан- ішек, несеп-жыныс аурулары, гинекологиялық түрлі науқастар емделеді. Сондай-ақ, буындары ауыратын адамдар, тыныс алу жүйесіне қатысты дертке шалдыққандар өз дауасын тауып жатады. Тері, эндокриндік ауруымен науқастанғанда және көз ауруымен ауыратындарға ем береміз. Ішімдік пен темекіні қойғысы келетін адамдар да  3 күнен соң немесе 1 курс ем қабылдағаннан кейін нәтижеге риза болып жатады.

Ал ине алған соң адам ағзасының барлық меридиандық нүктелері жұмыс жасағандықтан, суықты тез қабылдайды. Сондықтан, ине алып жүргенде ыстық ванна немесе монша қабылдауға болмайды. Бір сөзбен айтқанда, жаңа босанған әйел секілді суық тигізбей, күтінгені жөн.Бізде қыркүйек айынан бері жылу жүйесі істер істеп тұр. Енді кез келген қытайлық дені сау болса да, жылына екі рет өзінің қуат көзін ашу үшін алтын ине қабылдап жатады. Ине салдырудың кері әсері болмайтыны, адамның зиян шекпейтіні дәлелденген. Тіпті,  АҚШ-тың өзінде 80 пайыз нашақорды осы әдіспен емдейді екен.

Қытайда Хуа То деген ғұлама дәрігер бар. Соның атында ашылған ине өндіретін зауыт бар. Біз сол зауыттың өнімдерін пайдаланамыз. Өйткені, олар халықаралық өлшемге сай, адамның денесіндегі нүктелердің орналасу жағдайына қарай ұзын-қысқалығына дейін дұрыс жасап шығарады. Әр адамға қажетті инені жеке-жеке пробиркаға салып өндіреді. Әрі иненің сапасына да, тазалығына да кепілдік беріледі. Ал, бір адамға қолданылған ине, екінші адамға қолданылмайды.

Тілші: – Қазір «Жас-Ай» орталығына еліміздің түкпір-түкпірінен емделушілер келіп жатыр. Жолдың алыстығынан Сіздерге жете алмай жүргендері қаншама. Болашақта осындай орталықтарды облыс орталықтарынан ашу ойыңызда бар ма?

Жасан Зекейұлы: -Дүниежүзілік қаржы дағдарысын пайдаланып, кейбір азаматтар адам емдеуді бизнес көзіне айналдыруда. Естігенім, Қытайдың Да Лиян қаласындағы Шығыс-тибет медицинасымен айналысатын орталықты елордамызға әкелуге мүдделі болып отырғандар бар. Білетінім, Қытай жағы жақсыны сыртқа жібермейді. Қытай үкіметінен қолдау таппай отырған бұл орталықты елордамызға әкелу – өзгені қаңсығын таңсық көрумен бірдей. Шындығына келсек, қаны қазақ, Шығыс-тибет медицинасынан кандидаттық, докторлық диссертация қорғаған білгір мамандар Қытайда жетерлік. Неге соларды Қазақстанға шақырмасқа? Менің білетінім, олардың көп бөлігі Қазақстанға көшіп келіп, осында тұрып жатыр. Жұмыссыз жүргендері де жетерлік. Қытайдан гөрі білгір маман қандасымыз артық емес пе?

Енді Сіздің сұрағыңызға келсем, Астана қаласында таяуда біздің орталықтың филиалы ашылады. Және осы қазан айында Батыс Қазақстанның тұрғындары үшін Атырау облысынан осындай орталық ашу мәселесімен осы өңірге іссапармен бармақшымын.Елім деп еңіреп жүрген азаматтар болса, қолдауға, бірлесіп жұмыс жасауға әзірмін.

Тілші:-Біздің оқырмандарымызды  ата-анаңыз, бауырларыңыз, отбасыңыз жөніндегі сұрақ қызықтырады деп ойлаймын.

Жасан Зекейұлы: – Отбасымыз үшін 1985 жылдың 5 қарашасы қаралы күн болып есте қалды. Бейжіңдегі жиналыстан қайтып келе жатып, Үрімшіге жеткен әкеміз Зекей Тұрсынбекұлы Күйтін-Толы жол бөлігінде 42 жасында көлік апатынан қаза болды.

 

Қытай Үкіметі халықтың қамы үшін үкімет қызметі үстінде қаза тапқан қайраткер азаматтың артында қалған жұбайы мен балаларына мемлекеттік жәрдем, шаңырағымызға «Даңқты құрбандар отбасы» деген атақ берді.

Біз бір әкеден бесеуміз. Атасы мен әжесінің баласы болып өскен Сайра қызметке орналасып, жабыққан көңілге медеу болды. Серік 1988 жылы Шыңжаң медицина институтын гигиена – зерттеу мамандығы бойынша бітіріп, Үрімші қаласындағы зерттеу – емдеу институтында жемісті қызмет етті. Сержан 1986-1990 жылдары Іле педагогика институтынан химия мамандығын алып, облыстық сауда  мекемесінде атқарушы менеджер болып жұмыс істеді. Ал, кенже інім Ержан 1992-1997 жылдары Шыңжаң университетінің радиобайланыс мамандығын үздік тәмамдап, кейінен Күйтін, Үрімші қалаларында жетекші маман болды. Бұл Қытайдағы өміріміз. Менің артымнан бәрі Қазақстанға көшіп келді. Серік Қазақстан емшілер қауымдастығы «Шығыс медицинасының емдеу орталығының» бас дәрігері, Қаскелең қаласында тұрады. Бірнеше медициналық кітаптың авторы. Сержан болса Атасу – Алашанқай мұнай құбырында автокөлік жағын басқарып жүр. Ал, Ержан Алматыда мамандығы бойынша жұмыс жасауда.

Анам Шәрипа Қазезқызы Ерсін деген жиеніммен Қаскелең қаласында тұрып жатыр. Жолдасым Гүлия Әлиқанқызы – педагогика ғылымының кандидаты, Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық универсиетінің доценті. Отбасымызда Ұлпан, Ақмарал, Баян, ұлым Нұрсұлтан өсіп келеді.

Тілші: – Есімі елімізге кеңінен танымал болған «Жас-Ай» орталығында ем алған қоғам және мемлекет қайраткерлері, Қазақстанға және әлемге танымал тұлғалардың есімдерін атай кетсеңіз.Себебі бұл да сіздер үшін жарнама ғой.

Жасан Зекейұлы: – Дұрыс айтасыз, бұл топта: Шерхан Мұртаза, Мұхтар Шаханов, Тұманбай Молдағалиев, Ермек Серкебаев, Нұрлан Оразалин, Ғарифолла Есім, Уалихан Қалижан, Әділ Ахметов,

Мақсұт Нәрікбаев, Қуаныш Сұлтан, Бекболат Тілеухан, Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова, Нартай Дүтбаев, Марфуға Айтқожина, Ұлықбек Есдәулет т.б. болды. Және айта кетер мәселе, ғимараттың  5 қабатындағы құрылыс жұмыстары біткесін, бізге берілген бүкіл алғыс хат пен дипломдарды, гармоталар мен сертификаттарды кітапхана қабырғасына ілмекпіз. Орталыққа келген әрбір емделуші ем алмай тұрып, біздің жетістіктерімізбен танысуы тиіс. Сонда емделушінің Шығыс-тибет медицинасының құдіретіне сенімі арта түседі.

Тілші түйіні

Иә, Жасан Зекейұлының аты ұзын елдің үйіріне, қысқа елдің қиырына бүгіндері даңқты дәрігер,білікті ғалым деген атпен машhүр болды.Алматы қаласынан «Жас-Ай» Шығыс-тибет медициналық орталығын ұйымдастырып, республикамызда ең алғаш рет Шығыс медицинасын әкелген ғалымдардың көш басында тұрды. «Алтын қолды дәрігер» атанған Жасан Зекейұлы бірегей мамандардың басын бір орталыққа қосқан білікті басшы ғана емес, қолындағысын қорғансыз адамдардан аямайтын атымтай жомарт.

 

 

Алматы қаласы

Құттыгерей СМАДИЯР,

«Мұнайлы Астана» газетінің арнаулы тілшісі.

 

Хабарласу