+7 (727) 390-19-19
+7 (727) 302-15-40
+7 (777) 232-18-71
+7 (717) 242-20-42
+7 (777) 277-85-99

Алматы қаласы, Әл- Фараби даңғылы-Розыбакиев көшесі
(Витебскея көшесі №42), жаңа атауы Жетісу 83а

 

Астана қаласы, Куйши дина 37/1

18.09.2014 МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА МҮМКІНДІК БЕРЕЙІК

Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы

«Ауру адам сау адамның басынан тәж көреді» деп бекер айтпаған. Денсаулық – адам өміріндегі ең бағалы дүние. Өмірдің шаттығы мен қызығы да денсаулыққа байланысты екенін балтырың сыздағанда,әрине,білесің. Денсаулық – адамның бақыты.Ал  денсаулықты күтіп,бағалау әр пенденің өз қолында. Дей тұрғанмен де, өмір  болған соң  неше түрлі жағдайлар орын алып  жатады. Табиғаттың тосын құбылыстарының ,оқыс оқиғалардың ,өзімізге  деген  немқұрайлықтың салдарынан   денсаулыққа  көптеген зиян келетіні дүйім жұртқа аян. Ондай жағдайда  адам жанына араша болар ақ халатты абзал жандарымыздың  көрсетер көмегі көп. Ауруына шипа іздеп шалғайдағы  қандастарымыз  қаншама шақырымды артқа тастап, қалалық ауруханаларда   ұзақ – сонар кезекте тұрып,ауруларын  асқындырып алатындар қаншама?!Ал қәзір оның бәрі артта қалып,жағдай біршама түзелген. Еліміздегі медицина  саласының дамуына  мемлекет тарапынан көп көңіл бөлінуде.

Елбасымыздың «Қазақстан – 2050 » Жолдауында  «Еліміздегі жекеменшік медицина саласының дамуына жағдай жасап,жеке ауруханалар мен емханаларға тезірек көшуге тиіспіз» делінген болатын.Қазіргі таңда  жаңа емханалар іске қосылып, жаңа ем алу жолдары қарастырылып, жаңа технологиялармен жабдықталуда.Елімізде  медицина саласы қарқынды дамып келеді деуге болады.Мұның барлығын күнделікті естіп жүргенімен халық терең түсіне бермесі һақ.Сондай-ақ,еліміз бойынша медициналық кластер  жүйесі негізінде алғашқылардың бірі болып қызмет көрсететін «Жас-Ай» медициналық орталығының құрылғанына биыл 10 жыл толып отыр. Медицина ғылымдарының  докторы, академик Жасан Зекейұлының басшылығымен құрылған  63 жатын орыны бар  бұл медициналық орталықта, Республикамыздың түкпір-түкпірінен келген науқастардың ем алуына  толықтай жағдай жасалынған. Медициналық орталықтың негізгі міндеті – медициналық көмек көрсету және аурудың алдын алу туралы іс-шаралар жүргізу. Медициналық орталық қазіргі заманауи медициналық құрылғылармен жабдықталған.

Жасан Зекейұлы өзі  тәрбиелеп отырған шәкірттерімен бірлесіп,  осы жылдар ішінде жалпы саны 40 мыңнан астам науқасқа ем-дом жасап, 7 мың адамға тегін ем көрсетті.Көптеген инсульттан салданған адамдарды орнынан тұрғызып,мешел (ДЦП) ауруына шалдыққан балаларды  ауруынан айықтырды және де басқа да емделуі қиын болған,соңғы үмітін арқалап келген көптеген науқастарға көмегін бере алды. Одан бөлек 500- ге жуық отбасыға бала сүю бақытын сыйлап,ұлтымыздың демографиясына зор үлес қосып келеді.

Аталған  орталық Ұлттық мәдени шаралардың өтуіне,спортшылар мен жағдайы төмен отбасыларға да  қаржылай демеушілік жасайды.Соңғы бес жыл бойы тұрмысы төмен отбасыдан шыққан бірнеше оқушыларға еліміздегі ең беделді жоғарғы оқу орындарына оқу грантын бөліп келеді. «Нұр Отан» партиясының ұйымдастыруымен өткен қоғамдық іс-шараларға белсене ат салысып,жыл сайын «Мектепке барар жол» акциясы бойынша жүздеген қамқорсыз қалған балаларға көмек қолын созуда. Сондай-ақ Ұлы Отан соғының ардаргерлеріне де ерекше көңіл бөліп, ортталыққа келіп тегін ем алуына да жағдай жасалынған.

Жомарттық жасаудан жалықпған  Жасан Зекейұлы, мүмкіндігі шектеулі еңбекке жарамды жандарды да назарынан тыс қалдырмады.Жұмыспен қамтамасыз етіп, олардың білім алып, емделуіне де мол мүмкіндіктер жасады.

Алғашқыда төрт қызметкерімен ашылған  бұл орталықта бүгінде сексенге жуық адам қызмет етеді, оның ішінде үшеуі – мүгедек жандар.

Солардың бірі Қытай Халық Республикасында  нүктелі уқалау,  массаж жасаудың  4 жылдық курсын оқып келген қандасымыз  Ержанат есімді азамат.Қос жанары көрмесе де өз ісінің хас шебері,білікті маман.Қазіргі уақытта Қытай Халық Республикасында көз жанарын емдетуде.

Көз жанары нашар көретін  25 жасар Алира Қыдырқанқызы казіргі таңда аталған медициналық орталықта нүктелі уақалау,массажист  мамандығы бойынша қызмет етуде.

Бұл орталыққа қалай келгендігі жайлы Алира Қыдырқанқызы:

2001 жылы Қытай Халық Республикасынан Атамекеніміз  Қазахстанға көшіп келдік. Алматы қаласындағы Н.А.Астровский атындағы көзі көрмейтіндер мен нашар көретіндерге арналған арнайы мектептен біліп алдым.Кейіннен отбасылық жағдайға байланысты ата-анам Райымбек ауданы Кеген ауылына қоныс аударды.Білімімді сол ауылдың орта мекебінде жалғастырдым.Бала күнгі арманым – әнші болу еді.Музыкалық оқу орындарына, колледждерге тапсырып көріп едім, көзімнің нашар көретіндігінен оқуға қабылдай қоймады. Кейіннен «Жігер» жастар қоғамында хатшы болып,редактор болып қызмет істедім.Мәдениет үйінде «Армандастар» деген хорда солист әнші болып жұмыс істедім.Сол жерде  қызмет етіп жүрген кезде  Жасан Зекейұлы  «мүгедектер қоғамы»  арқылы өзінің  медициналық орталығына шақырды. Осында Жазира есімді қыз екеуміз бірге келдік. Қытайдан арнайы нүктелі массаж жасау курсын 4 жыл оқып келген  Ержанат есімді жігіт бізге нүктелі уқалау арқылы массаж жасауды үйретті.Содан бастап осында жұмыс істеп жатқаныма жарты жылдан асты.Жұмыс істеуге барлық жағдайлар жасалған қолайлы,ұжымда өте ұйымшыл,бірден үйреніп кеттім.Ем алған науқастар да алғыстарын айтып жатады.Еңбек жалақым   Құдайға шүкір бір басыма жетеді .Жақсы ұжымға тап болғаныма қуанамын, – дейді.

«Мен – бақыттымын, әрі өте бай адаммын. Себебі, мен үшін халықтың денсаулығынан артық байлық жоқ» деп өз мүддесінен халықтың мүддесін жоғары қоятын  Жасан Зекейұлы еліміздегі шығыс- тибет медицинасының дамуына зор үлес қосып келеді.Қосымша мамандар даярлап,шәкірттер тәрбиелеп осы тектес медициналық орталықтарды еліміздің бірқатар өңірінен ашсақ деген жоспары да бар екен.Ендеше,сәттілік тілейміз!Қолыңыз қуатты,емдеріңіз шипалы болсын!

Жасан Зекейұлының жасап отырған жақсылықтары қаншама жанның жанына жылулық силап,үміттерін жалғап, күш жігер беріп өмірге деген құлшыныстарын арттырып отыр. Алдына келген барлық жанды кемсітпей бәріне бірдей  тең дәрежеде қарап,мұң мұқтаждарын тыңдап,қолдау беру  екінің бірінің қолынан келе бермейтін іс. Науқастардан келіп түскен  алғыс хаттардың санында  шек жоқ. «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деген халық мақалын берік ұстанып, Атамекеніне  асқақ арманмен келген  Жасан Зекейұлының арманы – халықтың амандығы,болашақ ұрпақтың денінің сау болып туылуы екен. Осындай игі істерді ел үшін қызмет етіп жүрген  барша  азамат өз міндетім деп есептеп,қолдарынан келген көмектерін аямай жанашырлық танытатын болса,еліміздегі етек жайған мәселелер өз шешімін табар ма еді?!…

Ендеше «Жас- Ай» медициналық орталығының халық үшін қызмет етіп жүрген ұжымына сәттілік,еңбектеріне  жеміс тілейміз!Емдеріңіз шипалы болып  халық ризалығына бөлене беріңіздер!

 

Дайындаған:  Айнаш Әлдибек

 

Хабарласу