+7 (727) 390-19-19
+7 (727) 302-15-40
+7 (777) 232-18-71
+7 (717) 242-20-42
+7 (777) 277-85-99

Алматы қаласы, Әл- Фараби даңғылы-Розыбакиев көшесі
(Витебскея көшесі №42), жаңа атауы Жетісу 83а

 

Астана қаласы, Куйши дина 37/1

27.06.2014 ТАРИХТЫ ҰМЫТПАЙҚ, АРДАГЕРЛЕРДІ ҰЛЫҚТАЙЫҚ!

Адамзат жүрегіне айықпас  жара салған екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына жарты  ғасырдан астам уақыт өтсе де, сол жылдардың елесі, жүректерге салып кеткен сызаты әлі күнге дейін халық  жадында.

1418 күн мен түнге созылған сұрапыл соғыста біздің сан мыңдаған отандастарымыз Отан үшін отқа түсіп, қаншама боздақтарымыз сұм соғыстың құрбаны болды. Еліне  деген махаббатын от басып, су кешіп жүріп дәлелдеген ардагерлеріміздің қатары жылдан – жылға, күннен – күнге сиреуде.  Соғыс даласында өліммен бетпе-бет келген майдангерлерімізбен тылда еңбек еткен жандардың ерен ерлігі бүгінгі ұрпаққа өнеге. Майдангерлеріміздің сол жылдары төккен қаны мен тері қазіргі бейбіт заманымыздың жарқын көрінісі. Яғни, кейінгі ұрпақ дәмін татып жатқан қазіргі бейбіт заманның қандай арпалыспен келгені ұмытылмақ емес. Өскелең ұрпақты елін, жерін, халқын сүюге баулып,алғыс айту мақсатында  «Жас-Ай» шығыс-тибет медицина орталығы 3-мамырда Отан соғысы ардагерлеріне арналған мерекелік іс-шара өткізді. Ардагерлеріміз тегін медициналық тексеруден өтіп, қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етіліп, кез-келген уақытта тегін ем ала-алатын мүмкіндікке ие болды. Ардагерлерімізге арнап мерекелік дастархан жайылды.Отан үшін құрбан болған батырларымыздың рухтарына құран бағышталып,ас берілді. «Жас-Ай» медицина­лық орталығының ұжымы арда­герлерімізге арнап мере­келік концерт ұйымдас­тырып, сыйлықтарын тарту етті.

Бұл мерекелік іс-шараға:

Қазақстан Жазушылар Одағы­ның мүшесі, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, жазушы – Жанат Ахмади,

Алматы қаласы, Әуезов аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы – Ибраева Бәтима Сапақызы,

«Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты,ақын – Ибрагим Иса,

«Құс жолы» баспасының директоры – Бейсенбай Жолдасбекұлы,

«31» телеарнасы қазақ бөлімінің бас редакторы – Саясат Бейісбай мырза да бейбітшіліктің туын тіккен ардагерлерімізге ыстық ықыластарын білдірді.

 

Хабарласу