+7 (727) 390-19-19
+7 (727) 302-15-40
+7 (777) 232-18-71
+7 (717) 242-20-42
+7 (777) 277-85-99

Алматы қаласы, Әл- Фараби даңғылы-Розыбакиев көшесі
(Витебскея көшесі №42), жаңа атауы Жетісу 83а

 

Астана қаласы, Куйши дина 37/1

17.05.2014 Алаштың ақиық ақыны 70-ке толды

Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы

Алаштың ақиық ақыны Жәркен Бөдешұлы жетпіске толды. «Өлеңнен басқаға қаталдығы жоқ» тағдырлы ақын, күллі саналы ғұмырын қазақ поэзиясына арнады. Баладай аңғалдығы мен даладай дархандығы даналықпен ұштасқан жыр дауылпазының қаламынан қазақ руханиятына аса қымбат туындылар қосылды.

ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген. Мерзімдік басы-лымдарда және мемлекеттік Кітап палатасында жауапты қызметтер атқарған. Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығында бөлім меңгерушісі болған. Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасында жауапты қызметтер атқарған. Әр алуан басылымдарда ақынның “Аңырақай бекетіндегі ой”, “Қарауыл төбе”, “Генерал Жаһар Дудаев”, “От пен су” (“Сорос-Қазақстан” қорының жүлдесі берілген), “Тас бесік”, “Бостандықтың басы”, «Шер», «Жалғыз» атты дастандары жарияланды.
Шығармашылықтың шыңына шыққан ақынның «Көкше құрақ», «Қос қанат», «Зейін»,»Аспан дауысы», «Нұрлы бояулар», «Жұлдызға орнын ай бермес», «Емендер түнде бүрлейді», «Бөрінің асығы», «Бұрылыс», «Құбылыс», «Жұлдызтас» атты сүбелі туындылары жарық көрді.
Халықаралық “Алаш” әдеби сыйлығының және Түркі тілдес елдер поэзиясы ІІ фестивалінің лауреаты, Қ.Сәтбаевтың 150 жылдық мерейтойына арналған халықаралық мүшәйраның бас жүлдегері, Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Қазақ елі, бір ауыз сөзім саған» І Республикалық Мағжан өнер фестивалінің Мағжанға арналған жазба ақындар мүшәйрасы бойынша І орын иегері атанды.
Қазағын жырмен тербеткен ақын ағамызды 70 жылдық мерейтойымен құттықтап, зор денсаулық тілейміз!

Жәркен Бөдешұлының 70 жасқа толыуына арналған «Арғы тауға – асумын, бергі тауға белеспін…» атты шығармашылық кеші, жазушылар одағының ұйымдастыруымен 2014 жылдың 19 мамыр күні сағат 16:00-де, Алматы қаласы, Абылайхан даңғылы, 105 үйде (жазушылар одағы) өтеді.

Келем деушілерге есік ашық.

 

Хабарласу