+7 (727) 390-19-19
+7 (727) 302-15-40
+7 (777) 232-18-71
+7 (717) 242-20-42
+7 (777) 277-85-99

Алматы қаласы, Әл- Фараби даңғылы-Розыбакиев көшесі
(Витебскея көшесі №42), жаңа атауы Жетісу 83а

 

Астана қаласы, Куйши дина 37/1

04.03.2014 Адам өмірінің арашашысы

Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы

«Жарлының байлығы – денінің саулығы» деген ғой қазақ. Адам жанынажалдан арашалап, дертіне дауа тауып, әрқашан көмек қолын созуға дайынтұратын жандар – дәрігерлер деген ұғым бұрыннан жаттанды боп кеткен, бірақөкінішке орай бұл цитатаның бұлыңғырлау боп бара жатқанына бәріміз декуәміз. Екі жыл бойы ауырып, шипа таба алмай бармаған жерім жоқ,көрінбеген дәрігерім де қалмады. Сондағы барлығының айтатыны – отажасату.

Бірақ қоятын диагноздары әртүрлі. Сол жылдар ішінде ауруым туралыкәдімгідей бір папка «коллекция» жиналды. Қойылған диагноздар бір жерденшықпаған соң көңілімде бір сенімсіздік ұялады. Бірақ, аурудың салдарынантүнде ұйқым бұзылып, мазам кетіп жүрген соң, амалсыздан ота жасатуға белбуып, міне ертең жолға шығамын деп отырғанда, құдіретті Алланыңкездестіргені болды. Ләззәт атты жолдас қызымның Саудаш деген анасыШымкенттен келіп «Жас-Ай» орталығында емделіп жүр екен. Сол кісіжағдайымды естіп, қолымнан жетелеп орталыққа алып келді. Аққу деген өтебайсалды да байыпты дәрігер мені қарап, профессор Жасан Зекейұлынакөрсетті. Ол кісі тамыр ұстап-ақ ота жасатудың қажеті жоқтығын айтты. Солкездегі менің үнсіз қуанышым өзіме ғана аян. Пышаққа түскенді кім қаласын…

Содан ем ала бастадым. «Тер шықпаған кісіден, дерт шық­пайды» деген,бірінші күннен бастап-ақ терлей бердім, басым жастыққа тисе болды, ұйқығакететін жағдайға жеттім. Үшінші курстан кейін едәуір жағдайым жақсарды.Зертханалық сараптамалар тексерілуінен өткен кезде, нәтижелер жақсыкөрсеткіш берді.

«Жаманның жамандығын айт – құты қашсын, жақсының жақ­сы­лығын айт– нұры тассын» деген ғой. Біздің эрамызға дейінгі 384 ж. туылған Аристотель: «Өмір сүру – бірдеңе сатып алып, біреуден бірдеңе сұрау емес, қажетнәрсеңді өз қолыңмен жасау» – деп айтқан екен. Осы кағида тікелей АкадемикЖасан Зекейұлына айтылғандай. Бойына Тәңір берген талантының шапағатыналдына келгендерге беріп жатыр. Бір орында тоқтап қалмай өз білімін де, ісінде дамытуда. Жақында 5 қабатты жаңа емдік ғимаратының ашылутұсаукесерінің куәгері болдым, сондағы небір үлкен ұлағатты кісілердіңпрофессорға деген шексіз алғыстарын, баталарын естігенде, «біздің қазақтыңжігіттері қандай қайсарлы, жігерлі, жомарт» деген мақтаныш сезімі кернеді.Профессордың жанына топтаған қызметкерлері де өте білікті, мейірімді,кішіпейіл жандар. Аққу, Бибігүл, Бибісара, Жанар, Айнара, Шолпан, Қазіретсияқты ісіне берілген мамандарға дән ризашылығымды білдіремін.

Кез келген науқастың көңіл-күйіне, ем алуына аса ұқып­ты­лық­пен қарау даЖасан Зекейұ­лына тән қасиет. Өзі қарай­тын науқастың денсаулығын бәріненде маңызды санап, бар өнерін салып, адам жанына шипа беріп жатады. Олкісіні адам өмірінің арашашысы, халық денсаулығының қамқоршысы депайтар едім. Шеберлігіңіз асып-тассын, ісіңіз оңға бассын, Жасан Зекейұлы!

Зульфия Калекеева

Алматы облысы

Хабарласу