+7 (727) 390-19-19
+7 (727) 302-15-40
+7 (777) 232-18-71
+7 (717) 242-20-42
+7 (777) 277-85-99

Алматы қаласы, Әл- Фараби даңғылы-Розыбакиев көшесі
(Витебскея көшесі №42), жаңа атауы Жетісу 83а

 

Астана қаласы, Куйши дина 37/1

05.12.2015 ШЫҒЫС-ТИБЕТ ЕМІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕЛІМІЗДЕГІ ШЫНАЙЫ НАСИХАТТАУШЫСЫ

Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы

Көне замандардан бастапшығыс медицинасы адаморганизмін өзінің тұрыпжатқан жерімен, ауасымен,суымен бір, яғни бөліп алуғакелмейтін тұтас нәрсеретінде таныған. Шығысдәруіштері адамның барлықпатологиялық өзгерістерініңсебебі жейтін тағамымен,күйзеліс, қуаныштарымен дебайланысты деп санап,табиғатпен үйлесудіқалайтын ішкі қуат көзінашуды іздеген. Адам ментабиғаттың тығызбайланысынан туындаған бұл көзқарастың дұрыстығын бұл күнде ғылым данақтылаған.

Шығыс медицинасы табиғи болмысты қалпына келтіріп, аурудың салдарын емес, себебін емдеуге негізделген. Жер бетін мекендеген әр ұлттың өз дәстүріне сай халық емі, білгір емшілері де болғандығы ақиқат. Бұл ешқандай талас тудырмайды. Дегенмен, қазіргі уақытта дүние жүзіндегі халықтардың көпшілігі мойындап, соңғы кезде тіпті көп айтылып та, насихатталып та жүрген шығыс емі екендігі ақиқат.

Азуын айға білеген, дамыған батыс елдерінде дәрі-дәрмек шығаратын фабрика мен толып жатқан молекулярлық деңгейде зерттеу жасай алатын лабораториялар, түрлі тексеріс аппараттары жетіп артылады. Бірақ одан   аурудың түрі азайып, науқас жандар саны кеміп жатқан жоқ.

Түрлі дәрі-дәрмектің салдарынан бұрынғы ауру мутацияланып басқадай түрге айнала алатын қасиетке ие болуда. Оған қарсы тұратын тағы бір жаңа дәрі ойлап табылып жатыр… Бұл үрдістің тоқтайтын шегі де көрінбейді. Бір ағзаны емдеу үшін ішкен дәрі келесі бір ағзаға зиянын тигізетіні тағы бар. Осындай шарасыздық тығырығына тірелген батыстың ғалымдары тұтастай беріле салмаса да әлсін-әлсін шығыс еміне қарай бұрылуда.

Батыс пен шығыс қашан да ақ пен қара ұғымы сияқты бір-біріне кереғар мағынаны беретіні түсінікті. Медицина саласына келсек те осы жайт алдымыздан шығады. Байыппен қарасақ, батыс медицинасы ауру ағзаны емдеуге ғана назар аударады. Кез келген мүше ауруынан хабар беріп дабыл ретінде дене қызуын көтеріп, дірілдетіп, қалтыратып, қақсатып т.б. ауру сезімін тудырса ол белгілерді ыстықты түсіретін, ауруды басатын анальгин, кетанов, ибуфен т.б. сияқты кез келген үйден табылатын дәрілерді іше қоямыз. Сосын, біраз уақыттан кейін аурудан құлан таза айығып кеткендей жеңілдеп қаламыз. Қай ағзамыздың бізге өзінің әлсіреп бара жатқаны туралы хабар беріп жатқаны туралы ой санамызға кіріп те шықпайды. Ауру сезімін басу арқылы жан дабылдап жатқан ағзамыздың ауруын сол қалпында, ары қарай асқына беруге қалдырамыз. Яғни, ауру жойылмайды, тек біз санамызға ауру сезімін жеткізетін жолды ғана жауып  қойып жатырмыз. Батыс медицинасындағы барлық дәрі-дәрмек химияның көмегімен синтездеу жолы арқылы алынатынын еске алсақ, олардың барлығының әсері физикалық тұрғыдан ары аса алмайды.

Ал дәстүрлі шығыс медици­насының білгір мамандары керісінше, ауру адамды тексергенде науқастың жанында отырып жан-жақты бақылау жасап алады. Ең алдымен науқастың келбеті: көз жанары, өзін-өзі ұстауы, жүріс-тұрысы, сөйлеуі, тілі, тісі, иісі, дем алысы, тамыр соғысы, жүрек қағысы, тәбеті, тұрып жатқан жері, тұтынатын, қолданатын заттары т.б. сыртқы белгілеріне назар аударады.

Одан соң науқастың ішкі рухани жағдайына ден қояды. Оның реніш-сүйініші бар ма, жанжалдасты ма, жақын адамынан айрылды ма, жалғыздық күйзелісі, болмаса көп жанды отбасындағы қаржы жетіспеушілігі ме, бәрі-бәрі есепке алынады. Себебі осы дағдарыстар жинала келе белгілі бір адам ағзасының үйлесімді қызметін бұзып, ауру туғызады.

Сондай-ақ бүгінгі таңда аурудың барлық түрі дерлік жасарып кетті. Бұрын инсультпен тек жасы келген адамдар ғана ауырса, қазір қылшылдаған жастардың өзі инсульт алып жатады. Статистикалық деректерге жүгінер болсақ, Алматы қаласының өзінде күн сайын он шақты адам инсульт ауруымен тіркеліп, оның екі-үшеуі қаза табады екен.

Сол сияқты белі ұстап қалу, белі шойырылып қалу деген де 70-80-ге келген қарттардың ғана ауруы саналатын еді. Қазір белінен аяғын баса алмай қалған жастар  да көп. Қалалық қимылсыз өмір, аяқ астынан болған ауыр нәрсе көтеру, қатты қозғалып қалу кезінде сүйек аралықтарына сіңірлер қысылып қалып жарық туғызады.  Міне, бұл жайт жастардың белінің құяңы ұстауға себеп болады.

Шығыс медицинасы, оның ішінде Шығыс-Тибет медицинасы біздің еліміз үшін 10-15 жыл бұрын тіпті қыр-сыры белгісіз ғылым болды. Оның қаншалықты пайдалы, емі шипалы екенін «Жас-Ай» шығыс-тибет медицина орталығы арқылы танып-біліп жатырмыз.

Шығыс медицинасымен кенжелеп танысуымыздың себебі 70 жыл Кеңес Одағының құрамында болғандықтан орын алды. Еліміз тәуелсіздігін жария еткеннен кейін ғана алыс-жақын шекарамыз ашыла бастады. Шығыс-Тибет медицинасы байырғы бес мың жылдық тарихы бар Шығыс медицинасымен қайнасқан бірлікте. Екеуінің айырмашылығынан да ұқсас тұстары өте көп.

Бұл дәстүрлі емнің басты мақсаты – адам денесіндегі табиғи энергия көздерін ашып, баяғы бұзылмаған қалпына түсіру. Табиғи энергия көздерінде 12 жұп, 24 меридиандық жолдар болады. Онда 700-ден астам нүктелер бар. Солардың барлығы адамдардың 12 мүшесімен жалғасып жатыр. Инені дәл осы нүктелерге қою арқылы ішкі ағзалар да емделеді.

Шығыс емінің негізі қаланған Қытайда оны жан-жақты (шығыс медицинасын) зерттейтін арнаулы академия бар. Сол академияның қаншама жылғы зерттеуімен шығыс-тибет емі бойынша емдеп жазуға болатын аурулардың тізімі бекітілген.

Жоғарыда да айтып өттік, дәрі терапиясы кейде бір жерімізді емдегенімен, екінші жерімізге зардабын тигізеді. Кейде еліміздегі медициналық қызметтерге көңіл толмай шетел асып ем алатындар да бар. Өзге ағзаларға зиянын тигізбей, тек ауырған жерге ғана бағытталатын, бел омыртқасының жарығы, мастопатия секілді ауруларды отасыз емдейтін, инсульттан соң салданған адамға қалыптасқан медицина құдіреті жетпеген жағдайда орнынан тұрғызатын, өте азапты сал ауруына ұшыраған балаларға бақытты өмір сыйлайтын, емдеп қана қоймай адамның бойындағы ауруға деген қарсылық иммунитетін көтеріп, оның бойындағы қуат көздерін ашатын теңдессіз шығыс-тибет медицинасын қалай талдасақ та орынды, дұрыс әрі қажетті.

Қарбаласқа толы өмірінде адам баласы күйкі тірлік, мазасыз жұмыс, ластанған ауа мен дұрыс тамақтанбау секілді күнделікті режимнің бұзылуынан шаршап, әлсірейді. Адам бойындағы қуат көздері жеткілікті жұмыс істесе, кез келген ауруға төтеп бере алады. Бұл 5 мың жылдық медицинасын хатқа түсірген шығыс медицинасының негізгі канондары.

Мұның дәлелді қажет етпейтін жайт екеніне көз жеткізген көптеген өркениетті елдердің адамдары ауырмай-ақ, бойындағы әлсіздікті жойып, дене қуатын молайту үшін Шығыс-Тибет медицинасының қызметіне жүгінеді. Өз елімізде де осындай түсінік орын алса игі іс болар еді.

Енді шығыс медицинасының негізгі ерекшеліктеріне қарай бұрсақ.

• Шығыс медицинасының ерекше методикасы – тамыр ұстау, сол арқылы қанның көтеріліп немесе түсіп тұрғанын, қан айналымының бұзылғанын, анықтауға толық мүмкіндік бар. Дегенмен, тамыр басумен анықталмайтын да аурулар бар. Мәселен, бүйректегі тас, сынған сүйек, жұқпалы аурулар тамыр басу арқылы сезілмейді.

• Келесісі, ем тәсілі – ине қою (акупунктура). Оның тарихы да тереңге кеткен. Ине түрі мен салыну тәсілдері де түрлі-түрлі.

• Инеге тоқ жалғап, өлі клетканы тезірек ояту, жандандыру мақсатында импульс жасау.

• Массаж, нүктелі массаж да бұл кешенді емнің бір бөлігі.

• Дәрілік шөптерді пайдалану.

• Шығыс-тибет емінің шынайы білгірінің бойында өзге адамдарда кездесе бермейтін ерекше энергетикалық өріс болады. Ол оған түрлі науқастармен қарым-қатынаста болғанда қорғаныш қызметін атқарумен қатар, науқас адамның бойындағы ауру белгісін дәл ажыратуға да қызмет етеді. Бұл қабілет біз сөз етіп отырған «Жас-Ай» Шығыс-Тибет медицина орталығы басшысының бойында да бары оның алдына келіп, қабылдауында болып, ем алып, ауруынан сауығып кеткен жандардың аузынан айтылып жатыр.

Шығыс-Тибет медицинасын зерттеп, жұмыс істеп жатқан академик ең алдымен туған халқының риясыз алғысы мен тілектерінен қанаттанып, орталықтың шаруасынан бөлек қаншама қоғамдық істердің ұйтқысы, жаршысы  болып келеді. Республикамыздағы бірден бір Шығыс-Тибет емінің шын мәніндегі орталығына айналған «Жас-Айдан» жыл сайын неше мыңдаған адам ауруынан айығып жатыр. Заманауи техникалармен жабдықталған, білгір мамандарды топтастырған, жалған емшілерге мен домшыларға арбалып қалмай, сауатты түрде ем алуды насихаттайтын «Жас-Ай» медициналық журналын үздіксіз шығарумен айналысып келе жатқан орталық басшысынан үйренеріміз де көп-ақ.

Ж.ИМАНҚҰЛ

 

Хабарласу