+7 (727) 390-19-19
+7 (727) 302-15-40
+7 (777) 232-18-71
+7 (717) 242-20-42
+7 (777) 277-85-99

Алматы қаласы, Әл- Фараби даңғылы-Розыбакиев көшесі
(Витебскея көшесі №42), жаңа атауы Жетісу 83а

 

Астана қаласы, Куйши дина 37/1

27.01.2014 ЕЛБАСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫ – ЕЛІМІЗДІҢ ЖАРҚЫН БОЛАШАҒЫ

Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы

Бірлігі жарасып, берекесінен айырлымаған Қазақ елі жарқын болашаққа тағы да бір жаңа қадам басты. Келешекке деген үміт отын үрлеп, баратын жерімізді, алатын асуымызды, шығатын шыңымызды, қысқасы, ертеңімізді айқындап алдық.

 

Әлемдегі көптеген елдер іштен іріп, құты қашып, құрдымға кетіп жатқан осынау кезеңде Қазақ елі ұлы мақсат жолындағы бірлігінен айырлмады, бағытынан жаңылмады. Керісінше, қадамын нықтап, етек-жеңін жинастырып, бағдарын айқындап алды. Кешегі өткен Елбасы Әбішұлы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауы осы сөздеріміздің айқын дәлелі болмақ. Жолдаудың қаншалықты маңызды екенін Елбасымыздың «Егер ел өз бағыты мен баратын айлағын білмесе, ешқандай жел оңынан соқпайды» деген сөзінен аңғаруға болады.

 

Елдің бірлігін дәлелдеп, Елбасының көрегенділігін көрсетіп, мемлекеттің беделін арттыратын Жолдауды жыл сайын асыға күтетініміз ақиқат. Мемлекеттік қызметкерлер әр жолдаудан серпін алып, қызметтеріне қарқын қосса, халық әр жолдаудан үлкен үміт күтеді. Елді бір арнаға жұмылдыра түсу үшін де осы жолдаудың маңыздылығы ерекше.

Әсіресе, Елбасымыздың биылғы халыққа арнаған кезекті Жолдауы елдік мәселелерге жан-жақты шолу жасап, 2013 жылғы «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» жолдаудың нақты іске асу жолдарын көрсетумен, сондай-ақ, халықтың әл-қуатын жоғарлатуға аса мәнберуімен ерекшеленеді.

Президентіміз Қазақ елінің 22 жылда жеткен толағай жетістіктерімізден бастап, Халықтың 97 пайызы әлеуметтік ахуалдың тұрақтылығын және оның жыл өткен сайын жақсара түскенін айтты. Сондай-ақ, Прзеидентіміз ел үшін аса маңызды саналатын Дүниежүзілік ЭКСПО-2017 көрмесіне айырықша тоқталып, өз деңгейінде өтуіне ерекше мән берді.

Елбасының баса мән беріп, көбірек тоқталған мәселесі, ол – шағын және орта бизнесті дамыту болды. «Шағын және орта бизнес – біздегі Жалпыға ортақ еңбек қоғамының берік экономикалық негізі» деп атап көрсетті. Сонымен қатар, үкіметтік тексеріс орындарынан шағын және орта бизнеске кедергі келтіретін факторларды жоюуға, егер олай бола қалған жағдайда қатаң түрде заңдық жауапкершілікке алынатынын ескертті. Ел экономикасына үлес қосып, халықты жұмыспен қамтып отырған жеке кәсіпкерлерге орынсыз тексеріс болмауын прокурорларға қадап айтты.

Мемлекеттік тіл – қазақ тілі туралы да Елбасыны Нұрсұлтан Назарбаев кеңінен тоқталды. «Қазақ тілі бүгінде ғылым мен білімнің, интернеттің тіліне айналды. Қазақ тілінде білім алатындардың саны жыл өткен сайын көбейіп келеді» деп, ана тіліміздің абыройының күн санап артып бара жатқанын мақтанышпен жеткізді.

«Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды!» деген сөзін естігенде жүрегімізді мақтаныш сезімі билеп, еңсеміз бір көтеріліп қалды.

Бұл жолдаудың тағы бір жағымды жаңалығы мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлініп, оларға берілетін жардем ақының артатыны айтылды. Сонымен бірге, шәкіртақы  мен жалақының да өсетіні елді бір қуантып тастады.

Жолдау соңында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі оны ұстап тұру әлдеқайда қиын екенін ескертіп, дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін әлі талай қиындықтар күтіп тұрғанын айтты. Соған қарамастан біз мәңгілік ел болып қалатынымзға зор сенім білдіріп, «Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып, Жасай берсін Елдігіміз Мәңгілік» деп, қазақи қағидамен өз жолдауын түйіндеді!

Біздің «Жас-Ай» медициналық орталығының барлық қызметкерлері Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауын қолдайытынымызды және оның атқарылу жолында  аянбай тер төгетінімізді білдіреміз.

Жасан Зекейұлы

«Нұр Отан»  партиясының «Жас-Ай» бастаушы партия ұйымының төрағасы,

м.ғ. докторы, профессор, академик

 

Хабарласу