+7 (727) 390-19-19
+7 (727) 302-15-40
+7 (777) 232-18-71
+7 (717) 242-20-42
+7 (777) 277-85-99

Алматы қаласы, Әл- Фараби даңғылы-Розыбакиев көшесі
(Витебскея көшесі №42), жаңа атауы Жетісу 83а

 

Астана қаласы, Куйши дина 37/1

28.01.2014 Ғылымы жоқ елдің болашағы да жоқ

Жас–Ай шығыс-тибет медицина орталығы Алматы

– Тұңғыш Президенті академик Қаныш Сәтбаев болған киелі білім ордасы Ұлттық Ғылым академиясының Президенті болып қайта сайлануыңызбен құттықтаймыз!

– Рахмет!

 

Мұрат Жұрынов,
ҚР ҰҒА президенті, академик, химия ғылымының докторы, профессор, ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі:

– Сіз бүкіл өміріңізді ғылымға арнадыңыз. Бұл салада төккен теріңіз бен атқарған еңбегіңізді ел біліп, Елбасы бағалап жатыр. Бұл айтқандарыма өзіңіздің жеңіс пен жеміске толы еңбек жолыңыз дәлел. Енді, өткен өміріңізге бір сәт көз жіберіңізші. Ғылым жолына қалай келдіңіз?

 

– Қарапайым отбасында дүниеге келдім. Әкем жұмысшы болды. Ол кісі «Төрт қыздың ортасындағы жалғыз ұлмын. Әкеміз ерте қайтыс болды. Отбасының жалғыз асыраушысы мен едім. Оқуға ешқандай мүмкіндігім болған жоқ. Менің жетпегеніме сенің жетуің керек. Сен оқы!» деп үнемі айтып отыратын. Біздің әулетте ғылым жолы түгілі, заманауй сауаты ашық адам болған жоқ. Бірақ, арабша жетік біліп, қазақтың ауыз әдебиетінен шөл қандырған әкеміз өзінің табиғи даналағымен ұлағатты ақыл айтып, мені тура жолға салып отырды.

Шымкент қаласында Қазақ Химия технолгиялық институттың үшінші курсын оқып жүрген кезімде студенттік ғылыми қоғамның мүшесі болып зерттеулермен шұғылдана бастадым. Ол кездегі ұстазым электрохимия кафедрасының меңгерушісі Равиль Вахидов мені студенттердің арасынан таңдап алып «Сен ғылыми жұмыспен айналыс. Мен саған жетекші болайын» -деп, ұсыныс тастады. Ол кезде спортқа бейім болатынмын. Сабақтан тыс уақытымды боксқа арнайтынмын. Ұстазымның осы ұсынысынан кейін ғылымға көп уақыт бөлетін болдым. Бесінші курста жүргенде, өмірімде бірінші рет ғылыми конференцияда баяндама жасадым. Баяндамам жақсы шыққан болу керек, мұғалімдердің барлығы оң бағасын беріп, қолдау көрсетті. Институтті бітірген соң мені кафедрада мұғалімдік қызметке алды. Бір жыл өткеннен кейін Москвадағы Д.Менделеев атындағы Химия технолгиялық институттың аспирантурасына түсіп, үш жыл оқыдым. Сол институт тарихында бірінші болып мерзімінен бұрын яғни екі ай бұрын диссертациямды қорғап, елге қайтып келдім. Москвадағы ғылым ордасының қабырғасында жүріп, Кеңес үкіметінің академиктерін көріп, есімі әлемге таныс ғалымдардан сабақ алып, олармен лабораторияларда жұмыс істеу мені ғалым ретінде қалыптастырды. Ондағы ғалымдар мені Москвада қалдыруға ынталы еді. Бірақ, елге деген сағынышым, махаббатым қазақ топырағын қимады. Оның үстіне отбасылы едім. Әке-шешемнің рухсатынсыз ондай шешімге баралмайтыным анық еді.

Елге келгеннен кейін ғылыми мектеп құрдым, элетор-химия зерттеу лабараториясын аштым. Бес ғылым кандидатын дайындап шығардым. Өзім он жылдан кейін Москавадан барып докторлық диссертациямды қорғадым. Ғылым жолымыз осылай бсаталыпты.

– Кемеңгерлердің көшін бастау, ғалымдарға басшы болу ерекше абырой мен бірге, аса ауыр міндет екені сөзсіз. Он жылдан астам ғылымның қара шаңырағын, яғни Ұлттық Ғылым академиясын басқардыңыз. Осы кездегі түйгендеріңізді түйіндеп, ойларыңызбен бөлісе отырсаңыз?

Осы күнге дейінгі өмір жолыма қарап тұрсам, министр, ректор, институт директоры болып қызмет атқарыппын. 28 жасымда кафедра меңрушісі болып бастаған қызмет жолымдағы ең ыстығы да, ең мәртебелісі – Ұлттық ғылым академия президенті деген қызметім. Өйткені бұл бір адамның таңдауы емес, үлкен ғалымдардың жабық дауыс беруі арқылы қабылдаған шынайы шешімі.  Бүкіл елдің маңдайлды ғалымдарының сеніп тапсырған бұл қызметті өмірімдегі ең үлкен жетістігім деп бағалаймын.

ҚР Ұлттық ғылым академиясы 2003 жылы Республикалық қоғамдық бірлестік болып қайта құрылды. Оған дейін мемлекеттік мекеме  болғанымен инстуттары жоқ, кішкентай ұжым болып, министрліктің ғылым департаментіне бағынып отырды. Министрлікке бағынған академия еш уақытта толыққанды академия болып саналмайды. Ешбір елде ондай академия жоқ. Академия деген еркін болу керек. Еркіндік жағдайда ғана ғалымдар өз пікірін ашық айта алады. Өз жұмыстарын ешкімнің ықпалынсыз тура жүргізе алады. Ғылым деген – шындық. Алла тағаланың қалауымен адамзат жер бетінде пайда болғаннан бастап бірінші іздегені қоршаған ортасын зерттеп, шындық болды. Мысалға, айналаны қоршаған табиғатта не бар, не жоқтығын, әр түрлі құбыластарын зерттеді. Жалпы адам өз табиғаты бойынша ізденгіш қасиеті бар.

2003 жылы қоғамдық бірлестік болып қайта құрылғаннан бастап академия президенті тағайндалмайтын, тек сайлау арқылы таңдалатын болды. Бірінші сайлауда үш академик қатысып, 75 пайыз дауыспен мен сайландым. Одан кейін бес жылдан кейін қайта сайлады. Қазір үшінші мәрте сайланып отырмын. Осы жолы академия президентінің сайлауына қатыспай тізгінді жастарға тапсырсам ба деген ойым болып еді. Бірақ, мынадай қиын жағдайда, шатасқан дүниеде академияны тастап кеткендей болатын болдым. Менің бұл ойымнан хабардар болған біраз академиктер келіп, «тағы 5 жыл қызмет атқарыңыз. Құдайға шүкір денсаулығыңыз бар. Сіз бас тартып жатсаңыз біреуді сайлармыз. Бірақ, ол адам Елбасына кіріп мәселені шеше алады ма? Оның үстіне екі жылдан кейін академияға 70 жылдық мерей тойы келіп тұр. Оған бүкіл дүниежүзінің ғалымдарын шақыру керек. Танымайтын адамға кім келеді. Әлемге белгілі ғалым керек» деп, қолқа салды. Ғалымдардың айтқанын санама салып таразылап, ойлана келе академия басшылығында болып, көптеген жұмыстар атқаруға қатысқаным дұрыс болар деп шештім.

– Жақында ғана Елбасы Н.Ә. Назарбаев қабыл­дауын­да болдыңыз. Қандай тапсырмалар алып қайттыңыз?

Президентке кіргенде 6 мәселе ні түгелдей Елбасы Н. Ә. Назарбаев шешіп берді. Бұл біз үшін үлкен жетістік! Жылдың аяғына дейін үкіметпен, министрліктермен келісімшартқа отыру арқылы Елбасы мақұлдаған мәселелерді жоғары деңгейде, орнықты етіп шешіп алуымыз керек.

Ғалым ретінде қазақстанның қазіргі жағдайын қалай бағалайсыз?

– Ғылымға байланысты мынадай мәселені айтып кеткім келеді. Ғылымға деген ынталы, дұрыс көзқарасты 90- жылдың ортасында Үкімет басына келген даңғаза шенеуліктер  өзгертіп, бұзып кетті.  Олар: «ғылымның не керегі бар, біз бәрін шетелден сатып аламыз. Завод дайын. Шикізат дайын. Ғылымды қойып жұрттың барлығы жұмыс істеу керек. Нарықтық экономикаға көшкен соң базардың өзі бәрін реттеп алады», деген қағида айтты. Мен сол кезде Премьер министрдің бұл айтқанын а келіспей қарсы тұрған жалғыз министр болдым. Осы жағдайдан кейін ол менің соңыма түсіп, ақыры екеуміз екі жаққа кеттік. Мен қайтадан Елбасының шешімі бойынша Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің призденті болып тағайындалдым. Ә. Қажыгелдин жарты жылдан кейін елден кетті.

Қазір Қазақстанда нарық экономикасы жақсы дамыған. Бірақ, қымбатшылық орын алды. Зат бағасы Еуропаның бағасына жақындады. Ал, алатын жалақы мөлшері одан әлде қайда аз.  Осының барлығы сол кездегі Үкімет басшыларының базарды өз еркіне жіберіп қойғандығының кесірі. Базар болғанда жабайы базар болмауы керек. Сондықтан, баға көкке шарықтай түсті. Қазір Елбасының тікелей нұсқауымен базар бағасымен күрес басталды. Кеше ғана Үкімет бағаны тұрақтатып, оның өсімін тоқтату керек деп қаулы қабылдады.  Дұрыс. Премьер министр Серік Ахметов өте дұрыс жасап жатыр. Бағаны әр кез Үкімет реттеп отыру керек. Зат бағасы халықтың алатын жалақсынан асып кетпеуі керек. Базардағылар өзара келісіп алып бағаны ойларына келгенше көтеруіне шектеу қою тиіс. Жақында ғана депутаттар зат бағасын келісіп алып көтергендерге заңмен шектеу қойып, ұйымдастырушыларды соттау керек деп үсыныс айтты.

Озық технологияны шетелден сатып аламыз деген сөз, барып тұрған надандық. Біріншіден, шетел еш уақытта өзінің өндірістегі ғылыми жетістіктерін сатпайды. Соншалықты ғылыми күшпен шығарып біреуге бере салатын ақымақ жоқ. Тіпті шетелдің мыңдаған ұсыныстарының ішінен өзімізге ұтымдысын таңдау үшін де отандық ғалымдарымыз болуы керек.

Біз Ресей, Белоруссия мен бірігіп кедендік одаққа кірдік. Бұл қазанға саларымыз көп пе, әлде одан аларымыз мол ма?

Ресей, Белорустың өте күшті заңгерлері мен экономистері бар. Олар кейде біздің мамандарымызды алдап соғып отыр. Минскідегі Президенттердің бас қосыуында Н.Ә. Назарбаев «Біздің етіміз бен сүтіміз, электр эенергиямыз сіздерге өтпейді,қысқасы, көп таварларымызды шекарадан асыра алмай отырмыз. Бізге қарсы қайдағы бір стандартты қоясыздарда біздің тауарларымызды өткізбейсіздер. Бұл қандай одақ?!.» деп ашық, батырып айтты. Бұлай болғаны үшін біздің мамандарымыз кінәлі. Олардың көпшілігі өмірді жаңадан бастап келе жатқан жастар, тәжірибелі мамандар жоқтың қасы. Неге оларға заң жүзінде бәрін дәлелдемейді. Өйткені осы істің маңайында мамандар жоқ. Содан кейін, ауырпалықтың бәрін Президентке салып қойып, аузымды ашып, құлағымызды басып қарап отырамыз. Ресей мен Белорустың мамандарымен отырғанда біздің әлгі жас мамандарымыз аузын да аша алмайды. Өйткені, білім жеткіліксіз.  Білмейтін адам артық бір нәрсе айтудан қорқады. Мысалға сол кедендік одақтағы заңдық мәселе бойынша біздің академиктер Сұлтан Сартаев, М. Сүлейменов, С. Сәбикенов сияқты майталман ғалымдар барсыншы, бұларға қарсы ешкім аузын аша алмас еді. Ондай маңызды орындарда мықты мамандарымыз шоғырланса біз ешкімге ұтылмас едік.

Осы орайда мына бір ойымды айта кетейін. Егер Қазақстан теңізбен бір шеті тиіп тұратын ел болса, онда біздің Елбасымыз бәлкім еш қашан, ешқандай одаққа кірмес еді. Ашық теңізге шығамыз да, кезкелген елге апарып сатамыз. Теңіз жағасынан 15 шақырым ұзап шыққаннан кейін бейтарап територия басталады. Біздің осы мүмкіндікке қолымыз жетпей отыр. Өйткені, теңіз жоқ. Каспий аумағы үлкен болғанан соң теңіз деп  атаймыз. Бірақ, мұхитқа қосылмағаннан кейін көл болып саналады. Сондықтан еуропаға мұнайымызды, металдарымызды сату үшін Ресей мен Белорус арқылы өтеміз. Екінші жол, қытай арқылы теңізге шығамыз. ол жол ұзақ жол. Біз үшін ең қысқа жол Иран арқылы болып тұр, біз теміржолмен мұнайды Түркіменстан мен Иран арқылы мұхитқа шығара аламыз.Ең қысқа жол осы. Бірақ, темір жол әлі салынып біткен жоқ. Сондықтан кедендік одақ бізге қажет. Бірақ, олар бізге бағасын аспандатпас үшін қытаймен ара-қатынасты жақсартып, Иранмен де келісімге келіп отыруымыз керек. Бұл жатқан саясат. Егер Н. Ә. Назарбаев сияқты кемеңгер, беделді саясаткер мемлекет басында тұрмаса, Ресейдің В. В. Путин сияқты басшылары еуропаға жолды жауып,  миымызды ашытып жіберер еді. Бұл жерде мемлекет басшысының жеке тұлғалық беделі өте маңызды. Н. Ә. Назарбаевтың қытайдың, Американың, Европаның басшыларымен қарым-қатынасы өте жақсы. Ал, В. В. Путин оны көрмей отырған жоқ. Шекара мәселесін шешіп алғанымыз өте жақсы болды. Өйткен, біздің халқымыз аз, жеріміз көп, асты толған қазба байлық. Оған кім көзін қызартпайды дейсіз.

– Қазіргі еліміздің ғылымы қай дәрежеде екенін сізден асып ешкім дәп басып айта алмас?

Кеңес үкіметі ғалымдарға ерекше көңіл бөлді. Ең жоғарғы айлық ғалымдарда болды. Кеңес үкіметінің шетелмен қарым қатынасы тұйық болды. Соның өзінде де қандай ғалымдар шықты. Бірінші термоядорлық бомбыны Америка емес, кеңес ғалымдары шығарды. Америка бірінші атом бомбысын 1944 жылы шығарып, 1945 жылы жапонияға тастады. 1946 жылы кеңес ғалымдары қуып жетіп атом бомбасын жасап шығарды. Ал1949 жылы олардан озып сутегі бомьбасын жасап шығарды. Американың мысын осылайша басып тастадық. Бірінші ракетаны біз ұшырдық, бірінші ғарышкерді біз шығардық, бірінші жерсерігін кеңес ғалымдары жасап шығарды. Осының барлығы өздерінің күшімен, ешкіммен қарым-қатынассыз кеңес ғалымдарының жеке-дара жеткен жетістігі. Бүкіл дүниежүзі бір жақ, кеңес үкіметі бір жақ болып тұрғанда да ғылым жағынан озды. Неге? себебі ғылымға деген, ғылымды меңгерген ғалымға деген ерекше құрметтің арқасы. Академик-ғалымдар бір айлығына бір ‘‘Pave de ’’ (қазіргі мерседес сияқты)’ машина ала алатын. Сондықтан, ең талантты жастар, ғалым болуға талпынып, үлкен конкурс арқылы ғылымға келетін. Міне, осылай шынайы ғылыми қоғам қалыптасады. Ғылымға жастардың тарту үшін материалдық жағдайды жасау керек. Жалпы, адам баласы өзіне пайдасы болмайтын жерге аяғын баспайды. Бұл адам жербетінде пайда болғаннан бастап бойына біткен болмысы.

Рас, қу шөппен ауыз сүртуге болмас. Бірте-бірте ғалымдардың жағдайы жақсарып келе жатыр. Кейінгі он жыл ішінде ғылымға бөлінетін қаржы 5 есеге өсті.

– Жемқорлықтың ғылымды да шырмап, шырғалап болғаны ма?

Жемқорлық, коррупция деген нәрсе бір кіріп алса, барлық жерге жайылады. Жалпы, демократия жүрген жерде жемқорлық бірге жүреді. Өйткені тәртіп қай жерде босаңсиды. Жемқорлық сол жерде, сол мезетте пайда болады. Барлық мемлекетте коррупция бар. Жер бетінде жемқорлықсыз мемлекет жоқ. Бірақ, дамыған елдерде де осы дерт ауыздықталған. Оның көлемі 5 пайыздан аспайды. Бұл қоғамға зиянын тигізе алмайтын көрсеткіш.

– Үш жылдан кейін күллі әлем көз тіккен Экспо-2017 көрмесі Елордамыз Асатанада өтеді. «Абылайдың асында шаппағанда, атамыздың басында шабамыз ба» демекші, қазақ елі үшін аса маңызды бұл шараға Ұлттық Ғылым академиясы не ұсынады?

Біздің Ұлттық Ғылым Академиясының 258 мүшесі бар. Оның 110 корреспондент мүше. Олардың ішінде барлық ұлттық университеттердің ректорлары, ғылыми зерттеу институт­тардың директорлары бар, ең болмағанда кафедра немесе лабаратория жетекшілері. Осы ғалымдарымыздың ішінде күн энергиясын, жел энергиясын пайда­ланудың жаңа технолгиясын ұсынып жатқандары бар. Мысалға, менің басшылығымдағы Органикалық катализ және электрохимия институт үш жұмыс ұсынып отыр. Біріншісі, біздің жер қойнауымызда мұнай мен бірге шығатын күкірт мөлшері көп. Бірақ, біз оны толық пайдалана алмай жатырмыз. Осы күкіртті кең мөлшерде пайдаға жарататын флотореагент жасап шығардық. флотореагент ер – металдардың қосындысын байыту, көмірді топырақтан ажыратып шығару және т.б. үшін қолданады. Біз оны ресей мен Қытайдан сатып аламыз. Ал, біздің шығаратын флотореагентіміз олардан әлде қайда арзан  және әсерлі.

Екінші жұмысымыз, жел энергиясын пайдалануға конструкциялық жаңалықтар енгізу. Әдетте, жел энергиясын пайдаланатын құралдар 15км/сағат жылдамдықпен жел соқпаса қозғалмайды. Ал, біздің ұсынып отырған жобамыз жел 10км/сағ. жылдамдықпен соқса да айналады және жел қатты соғып, дауыл болған кезде өздігінен тоқтап қалады, сынбайды. Үшінші жұмысымыз, металдарды тотығудан сақтайтын құрал. Мысалға металдар тотығып, өндіріске зиянын тигізіп жатады. Құбырлар тесіліп одан мұнай ағып, газ шығып жатады. Біздің ойлап тапқан тәсіліміз осы металдардың тотығуын баяулатады. Мүмкін болып қабылдап жатса, әлемдегі ең үздік катализаторларымызды ұсынбақпыз.

Экспоның ерекшелігі, біз Қазақстанды әлемге дамыған ел ретінде танытамыз. Өйткені, өзінің ғылыми жетістігі жоқ ел Экспо жасамайды. Мысалға Америка, Қытай, Жапония жасады. Еуропаның барлық мемлекеттері жасады. Ал, ТМД бойынша бірінші болып бізде өтейін деп отыр. Экспоның бірінші артықшылығы, көрмеге келген жаңа технолгияларды біз сатып алып қаламыз. Ол біздің өндірістің ғылыми-техникалық деңгейін көтеру үшін керек. Екіншіден сауда-саттық жасауға таптырмас мүмкіндік.

Қазақстандағы ғылымның жағ­дайын майдан қылшық суыр­ған­дай етіп талдап бердіңіз. Енді, қазақтың халі туралы не айтар едіңіз?

Қазақстандағы он жеті миллонның 66 пайызы ғана қазақ. Біздің кейбір адамдар «Орыстарға өзімізді билетіп қойдық. Қазақ тілінің халы нашар. Өзбектер мынадай керемет, қырғыздар анадай керемет, тәжіктер сондай тамаша, түркімендер тіптен жақсы. Тек орысқа мойынсұнып, момын болып отқан қазақ қана» деп айтып жатады. Ең біріншіден, сол өзбек болсын, қырғыз бен түркіменің болсын бәрі қазақтың ығында, тасаланып отыр. Олардың орыстармен тікелей шекарасы жоқ. Желдің өтінде, аяз бен суықтың алғы шебінде біз тұрмыз. Осыны ескеруіміз керек. Баяғыда орыстар бізді алу үшін 100 жыл соғысты. Кең дала. Көшпелі ел. Мына жерде соғысып жатып, құдықтарын жауып, ошақтарын өшіріп бір түнде басқа жаққа көшіп кете барады. Орнында қалған жаулар не шөлден, не аштықтан болдырып, не өледі, не шегінеді.

Бір ғасыр соғысып, қаптатып қамал салып жүріп, ақыры қазақтарды бодан етті. Олар ең соңғы болып 1864 жылы басып алған қалалары Тараз бен Шымкент болды. Содан кейін, өзбектерді екі жылда бодан қылды. Түркімендерді бір жылда, қырғыздарды солардың ішінде алды. Түркі әлемін орыстарға бермей, көпкедейін сақтап келген, әліде сақтап отырған қазақ. Жоңғар шапқыншылығынан да аман алып қалған қазақ. Жоңғарлармен соғысып халқымыздың үштен екісінен айырылдық. Егер осы алапат соғыс болмағанда қазір 100 миллон адамы бар, түркі әлеміндегі ең қуатты мемлкет болып айдарымздан жел есіп отыратын едік. Қытайға бермей отырған да қазақ. Қазақ болмаса, мына қырғызыңды да, өзбегің де осы күнге дейін жойылып кеткен жоңғарлардың жеміне айналып немесе орыс пен қытайдың тісі мен тырнағының арасында кетуші еді. Міне, осыны көп адам білмейді, білсе де бағаламайды. Біз осыны уағыздап, ұрпақтың санасына сіңіре беруіміз керек. Өз әкеңді жамандағанмен, жақсы әкесін кім береді. Татарларға қарап тәубе деуге болады. Олардың бізден қай жері кем. Жауынгер халық. Бірақ, оларға Алла Тағала тәуелсіздікті жазбады. Шүкір, қазіргі қазағымының жағдайы жаман емес. Тіліміз бен дінімізді әлсіретіп алсақта, діңімізден айырылған жоқпыз. Елбасымыз айтпақшы осы ғасыр қазақ елінің ғасыры болу керек.

– Рас, өткенге өкпе жоқ. Бү­гінгі күнімізге мың шүкір. Ал, бола­шағамызды, қазақ мемле­кетініңендігі даму жолының ба­ғыты қалай деп ойлайсыз?

– Қазақстанның болашағы тек ғылыммен байланыстырар едім. Ғылымы жоқ елдің болашағы да жоқ. Ия, ғылымнан Жапония сияқты мемлекетер, Қытай сияқты алпауттар бізден көшілгері келе жатыр. Бірақ, олардың біздің артықшылығымыз, мысалы, жапонда жерасты байлығы жоқ. Олар шетелден сатып алуға мәжбүр. егер шетел қазба байлықтарын бермей қойса немесе қымбаттаса, онда олардың жағдайы қиын болады. Мен айтар едім, ең бірінші орында табиғи байлық пен ғылыми өрлеу тұрады.

1996 жылы Білім министр болып жүріп, АҚШ-қа іс-сапармен барған кезімде Америкалық әріптесімнің маған қойған бірінші сұрағы «сіздің мелекеттегі халықтың қанша пайызы сауатты?» деді, мен оған «100 пайызы сауатты» дедім. Ол министр таң қалды «Америка халқының 8 пайзы сауатсыз. Олар хат танымайды. Айлық алғанда бас бармағымен қол қояды» деді. Біз білімсіздікті өткен ғасырдың 30 жылдары жойдық. Үлкен күшпен, мол қаражатпен жойдық. Мұғалімдерден артық абыройлы, қалталы адам болған жоқ. Ол тарихи жетістік болды. Осы жетістіктен еш уақытта қол үзбеуіміз керек. Кезінде Конституцияны қабылдағанда оның 30-бабын Білім министрлігі дайындады. Яғни «Қазақстанда орта білім ақысыз болу керек» және «Орта білім міндетті болу керек» деген екі ауыз сөз үшін Президент Нұрсұлтан Әбішұлының алдына барып қолдау тауып,  газетке шыққанша күрестім. Біреулер «мен баламды оқытқым келмесе, ондай құқығым жоқ па?» деп сұрақ қойды. Мен «жоқ, өйткені сіз мына қоғамды артқа тартасыз» дедім.Екінші сұрағы «баламды жеке мектепке беруге құқығым жоқ па?» деген сұрағына «Бар, бірақ, сіз тұрған районда кедей отбасы тұруы мүмкін. Ол баласын мемлекттік мектепте тегін оқытуға құқылы» деп жауап бердім. Өйткен, әр уақытта ойымда АҚШ министірінің сұрағы тұрды.

– Қазақ ғалымдары әлем бойынша жаңалық ашудан және ғылыми-зерттеу мақаласын жазудан алда келе жатыр. Бірақ, бұл жетістіктердің көбі қағаз жүзінде ғана қалып қойып жатыр. Қазақ елі қай кезде өзінде өндірілген озық технолгияны пайдалана алады?

– Жақсы сұрақ. Кеңес кезінде Қазақстанда орналасқан 50 завод қазақстанға емес, тікелей Москваға бағынатын болды. Олар лабораториядан шыққан ғылымды, өндіріске енгізу үшін жұмыс жасады. Оны жартылай өндірістік, шағын эксперименталдық цех деп атады. Кеңес үкіметі тараған кезде олардың барлығы құрыды. Жұмысы тоқтаған зауттар шетелдің инвестрларына сатылды. Ал, ол шетелдіктер қазақстандық ғылымнының керегі жоқ. Оларда бір ғана мақсат – барлық мүмкіндікті пайдаланып, тезірек ақша тауып, қайтып кету. Сол себепті жобалау институттары, конструктуралық бюролар жартылай өндірістік цехтардан біржола айырылдық.

Міне, мемлекет иелігіндегі шағын цехтардың не үшін керектігі. Біздің қағаз жүзіндегі ғылымның неге техникаға айланбай отырған себебі осы жартылай өндірістік, шағын эксперементтік цехтардың жоқтығы. Үкімет бұл жағын енді қолға ала бастады.

– Еліміздің денсаулық саласына тың өзгеріс әкеліп, Қазақстандағы Шығыс-тибет медицинасының негізін қалаған «Жас-Ай» медици­на­лық орталығына барып, емделіп тұратыңыздан хабардармыз. Халықтың жан саулығына яғни рухани байлығына үлес қосып жүрген азаматсыз. Ал, өзіңіздің денсаулығыңызды қалай күтесіз?

– «Жас-Ай» орталығы шығыс медицина өнерінің сан ғасырдан бері келе жатқан емдеу әдістерін пайдаланып, ине қойып, шөппен емдейді. Емдеудің бұл әдіс-тәсілдерін біздің бабалармызда қолданған. Арыға бармай-ақ қояйын, ауылда Қарабай деген атамыз болды. Ол кісі ауырып қалған адамдарды дем салып, ұшықтап емдеп жүретін. Ауылдағы кішкентай балалар жөтеліп қалсақ  әжелеріміз сол кісіге алып баратын,  әйтеуір жазылып кететінбіз. Біркүні Қарабай атаның алдына бір топ кісілер бір адамды арқанмен байлап-матап алып келді. Жынданып кеткен сол адамды он бес-жиырма күн емдеп, кәдімгі дені сау адамның қатарына қосты. Өз көзіммен көргенім осы. Ал, қазір Алматыдағы жындыханадан сауығып шыққан бір адамды естіген жоқпын. Ал, кезіндегі қазақтың емшілеріжынданып аурғандарды оқып жазатын. Бұл психолгиялық әсер деп аталады.

Алайда, ғылым мұндай нәрселерді еш уақытта мойындамайды. Оның себебі, ғылым қайталана білетін тәжірбиені ғана мойндайды. Ғылыми көзқарас бойынша, екі нәрсе бір біріне әсер ету үшін олардың арасында белгілі бір материалық байланыс болу керек. Ал, бірақ, кей-кезде байланыссыз әсер болады. Мысалы, жердің арғы бетінде, шет мемлекетте оқып жатқан баласы бір нәрсеге ұшыраса, ауылдағы анасы сол түні түс көреді. Бұл жағдайы ғылым түсіндіре алмайды, бірақ ол бар. Табиғаттың жұм­бағы көп. Біз адамзат бәрін біле бермейміз.

Әйгілі философ Гегель «Бірінші сана, екінші материя» десе, фейербах «бірінші материя, екінші сана» дейді. Қазір, оның бәрі неғайбыл болып тұр. Бірінші энергия сияқты. бір ғана математикалық, яғни көзге көрінбейтін нүкте үлкен күшпен10-49 секунд жарылып, бүкіл космос пайда болды деген болжам бар. Онда 200 мил. астам Галлактика бар. Әр галлактикада біздің күніміз сияқты миллиардтаған жұлдыздар бар. Олардың жеріміз сияқты планеталары бар…  Демек, фалсапалық негіз өзгеріп бара жатыр. Табиғатта төрт-ақ процесс бар. Күн шықса – ысыйды, күн батса – суыйды, жаңыбыр жауса – ылғалданады, жаңбыр жаумаса – кебеді. Осындай қарапайым төрт процестен адам сияқты күрделі организм шығу мүмкін емес. Тылсым күштер бар, бірақ, оны дәлелдеп, өлшеу мүмкін емес. Оны бір Алла ғана біледі. Сондықтан, халықтық медицинаны қолдау керек. Ол да адамзат үшін керек. Ғылым да болсын, техникада болсын, медицинада болсын тәжірбиеден өткен нәрсенің бәрін қолдау керек.

– Енді от басы, ошақ қасының әңгімесіне оралсақ. Өзіңіздің әке-шешеңіз, әулетіңіз туралы айтсаңыз? Отбасыңыз жайында толығырақ білсек…

– Мәскеуде аспирант болып жүрген кезімде жұбайым Мария студент еді. Біз отбасын құрдық. Студент болып жүргенде отбасын құрдық. Үш ұлым, төрт немерем бар. Немерелерімнің тілдері қазақша шықты. Қазақша ертегі тыңдап, ән естіп өсті. Осы орайда балалар туралы айта кетейін. Жалпы, оқушыларға бірден үш тіл үйрету дұрыс емес. Дүниежүзі ғылымдары, «бала алдымен бір тілді жақсы меңгеру керек. Содан кейін екінші тілді үйреніп, соны толық меңгеріп болғаннан кейін үшінші тілді бастау керек» деп санайды. Ал, бірден үш тілді үйренген бала, бір тілді де жақсы білмейтін болып шығады. Қазір, не қазақша, не орысша таза сөйлей алмайтындар көбейді. Оны дүбара тіл дейді. Егер мектептің баласын дүбәрә тіл жасасақ ол өмір бойы дүбәрә болып өтеді. Сондықтан, төртінші класқа дейін тек ана тілінде ғана сабақ оқып, одан кейін екінші тілді, содан соң барып үшінші тілді керегіне қарай үйрету керк. Ескеретін бір жайт, мектепте екінші тіл ретінде бірте-бірте орыс тілдің орнын ағылшын тілі ауыстыру қажет болар. Өйткені, ағылшын тілі – дүниежүзілік тіл. Қазір Ресейдің өзінде көптеген халықаралық конференциялар орыс тілінде емес, ағылшын тілінде жүреді. Сол үшін елімізде мемлекеттік қазақ тілінен соң келешекте орыс тілінен гөрі, ағылшын тілінің кеңірек етек алғаны тимді болар еді.

– Сүбелі сұхбат бергеніңіз үшін рахмет!

Сұхбаттасқан

Қазірет БЕРДІХАН

 

Хабарласу